КӘсіби білімді қалыптастыруда жаратылыстанудың алатын орны



Дата13.06.2016
өлшемі57.5 Kb.
#133774

КӘСІБИ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Жакешова А.П., Исатаева Г.Б.


Жаратылыстану - өркениеттің нәтижесі және оны дамытудың шарттары. Адам оның көмегімен өндірісті дамытады, қоғамдық қатынасты жетілдіреді, адамдардың жаңа буынын оқытады және тәрбиелейді. Бұл қоғамдық прогрестің маңызды қозғаушысы. Олармен байланысты техника тұрғысындағы ойлап шығарылған және теңдесі жоқ ғылыми жаңалықтар үнемі адамзат тарихының тағдырына күтпеген жерден зор әсер ететін. Қазіргі таңда – ғылыми-техникалық революция (ҒТР) дәуірінде бұл ерекше қуатты әсер етуде. ҒТР ерекшеліктерімен бірге бірақатар өзекті мәселелер де туындады. Біз бүгінгі күні үнемі түрлену үстіндегі қоғамда, тұрмыс-тіршілікте, яғни техногенді қоғамда өмір сүрудеміз, мұнда дамудың басты мақсаты қоршаған ортаны қайта қалыптастыру және табиғатты адамға бағындыру болып табылады. Мұндай қоғам алуан түрлі ауқымды өзекті мәселелерді туындатады. Олардың ішінде іріктеп айтар болсақ:

1. Жаппай қырып-жою қаруын үздіксіз жетілдіру жағдайында тіршілікке қабілетті болу. Адамзаттың ең алғаш өзінің тұрақсыздығын түйсінуі.

2. Жаһандық экологиялық дағдарыстың өршуі. Адам – табиғатты қайта жаңартып отыратын, оның бір бөлшегі, мұндай қайта жаңарудың ауқымы мен нәтижелері өсу үстінде.

3. Биоәлеуметтік құрылым тәрізді адами тұлғаны, жеке адам даралығын сақтау мәселесі.

Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің ұлғаюы ғалымдардың адам тағдыры үшін жауапкершілігін арттырады. Адами қарым-қатынасқа, оның даму келешегіне байланысты онда орын алған тарихи тағдырлар және ғылымның рөлі туралы мәселелер бүгінгі күндегідей қызу талқыланбаған. Әлемде жетік меңгеріліп танылмаған мәселелер өте көп. Табиғаттың және адамның биологиялық және рухани құрылымының көптеген құбылыстарына осы күнге дейін ғылыми түсініктер жоқ және құпия сипатын сақтауда. Ғылыми тұрғыда танып білу – бұл тарихи іс-әрекет. Ол тек мақсаттарды ғана емес, сонымен бірге танып білу құралдарын да жетілдіру шамасына қарай дамиды. Көптеген құбылыстар ғылыми тұрғыда дәлелденбей сырлы болып қалуда, себебі оларды танып білу құралдары және әдістері қалыптаспады.

Қазіргі таңдағы жаратылыстанудың тұжырымдамасын білу гуманитарлық бағыттағы болашақ мамандарға ой-өрісін кеңейтуге және біздің әрқайсысымыздың өмір сүру деңгейімізге қатысты экономикалық, әлеуметтік және басқа да міндеттерді шешумен, сонымен қатар нақты табиғи-ғылыммен тығыз байланысты мәселелермен танысуға мүмкіндік береді. Кез келген маман өз қызметінің бейініне және өзіндік сипатына қарамастан қалай болғанда да ерте ме кеш пе басқару мәселесіне тап болады. Бұл оның менеджментті білуі тиіс екенін білдіреді. Бір қарағанда жаратылыстану – басқару, экономика мамандары, кәсіпорындардың басшылары және басқа да осы сипаттағы мамандар үшін қажет емес жүктеме болып көрінуі мүмкін. Алайда, шын мәнінде кез келген маман, егер ол ең алдымен нағыз маман, менеджер немесе экономист болса, онда ол тек басқару мен экономиканың заңдарын ғана емес, сонымен бірге мысалы, экономикалық сарапатама жүргізілетін объектінің табиғи-ғылыми мәнін білуі тиіс. Тіпті менеджмент және экономика аясындағы білімді меңгерген менеджерлер мен экономистер қазіргі таңдағы технологияның табиғи-ғылыми негіздерін түсінбестен және сарапталатын объектінің табиғи-ғылыми мәнін білместен тіпті қарапайым болып саналатын, мысалы кез келген тауарды дайындау үшін ұсынылған түрлі технологияларды қолданудың экономикалық тиімділігін бағалаумен байланысты мәселенің оңтайлы шешімі бойынша білікті нұсқау беруге мүмкінідігі болмайды.



Кез келген технология шығарылатын тауардың сапасына әсер ететін жеке ерекшелікпен, өзінің материалдық-техникалық қорымен, қоршаған ортаға және т.б. әсер етуімен сипатталады, бұл алға қойылған мәселенің экономикалық, әлеуметтік және табиғи-ғылыми жақтарын қамтитын тапсырмалардың жиынтығын шешумен түйіндесетіндігін білдіреді.

Экономиканы басқарудың теориялық білімімен қоса қазіргі таңдағы жаратылыстану мәселелерін меңгерген маманға тек қарапайым экономикалық (мысалы, экономикалық тұрғыда негізделген бизнес-жоспарды құру) мәселені ғана емес, сонымен бірге кез келген күрделі мәселені шешу қиынға соқпайды.

Кез келген сатыдағы нағыз басшы осы немесе өзге ұсынысқа, әдетте, мамандардың қызметіне жүгіну қажеттілігінен бұрын соңғы шешім қабылдағанға дейін бірінші өзі баға береді. Бағалау неғұрлым шынайы, ал шешімнің – тек біреуі ғана нақты болса, басшының кәсіби ой-өрісі соғұрлым жан-жақты әрі жоғары болуы мүмкін, бұл мысалы, ірі объектілердің, атап айтқанда, қуатты электростанциялардың, қашықты магистральдердің және т.б. құрылысын салумен және мыңдаған адамдардың, тіпті кейде жалпы мемлекеттің, көптеген мемлекеттің мүдделерімен байланысты ерекше жауапты шешімдерді қабылдау үшін өте маңызды.

Экономика мен ғылымның түрлі салаларындағы айтарлықтай барлық басшылар қаржы ресурстарын бөлуге тікелей немесе жанама түрінде қатысады. Мұндай ресурстарды дұрыс бөлгенде ғана барынша жоғары экономикалық, әлеуметтік немесе басқа да тиімділікті болжауға мүмкіндік туатындығын түсіну қажет. Әрине, бұл ретте тек біліктілігі жоғары, яғни гуманитарлық қана емес, сонымен бірге табиғи-ғылым білімі бойынша кәсіби деңгейі анықталған мамандар қаржы ресурстарын оңтайлы бөлуге қабілетті болады.

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер мен білім беруді қамтамасыз ету үшін ғылымды, оның ішінде жаратылыстануды дамыту (әсіресе Қазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағының мемлекеттерінде жалпы экономика тәрізді ғылым да дағдарысқа тап болуда), қаржы ресурстарын бөлу маңызды болып табылады. Ғылымның заман талабына сай өзекті мәселелерін үстіртін әрі біліксіз бағалау, яғни мемлекетпен бөлінетін шамалы ғана қаражат зерттеу мақсатымен зерттеу жүргізуге, теориялық тұрғыда көптеген теорияларды құруға, сонымен қатар көлемді материалдық шығынды және т.б. талап ететін ірі тәжірибелік құрылғылардың құрылысын алдын ала салуға жұмсалуы мүмкін, ал мұның нақты пайда келтіретіндігі аса күмәнді. Осылайша зерттеуге, әсіресе тәжірибелік зерттеулерге ерекше мән беру мәселесі көбінесе келесі кезеңдерге қалып қоя береді, бұл өз кезегінде тек ғылымның ғана емес, сонымен бірге экономиканың да дамуын тежеп, халықтың әл-аухатының артуына кері әсер етеді. Осы тәрізді жағымсыз нәтиженің орын алуы бүкіл білім беру жүйесінің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты.

Жаратылыстанудың негіздерін білудің кәсіби мақсатталығы заңгерлерге және де басқа бейіндегі мамандарға қатысы бірдей. Бұған көз жеткізу қиын емес, мысалы қандай да бір ірі кәсіпорынның басшысы құрамында концентрациясы жоғары күкірт қоспасы бар газ қалдықтарының едәуір көлемін атмосфераға тастау тәрізді - экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын жорамалдауға болады.

Ал күкірт қоспалары - топырақты тотықтандыратын және өсімдіктердің жойылуына әсер ететін қышқылды тұнбалардың көзі екені мәлім, мұның салдары өнімділіктің бірден төмендеуіне ықпал етеді. Айыпты тұлғаны жазалау дәрежесі оның іс-әрекетіне қаншалықты әділ және білікті құқықтық баға берілгеніне байланысты, ал құқықтық баға ең алдымен баға беруші тұлғаның кәсіби ой-өрісімен белгіленеді. Көптеген зиянды газдардың, оның ішінде күкірттің атмосфераға шығарылуына мүлдем жол бермеу мүмкіндігі бар қазіргі уақыттағы технологияның соңғы жетістіктерін құқықтық сипатта меңгеру заңгерге экологиялық нормалардың бұзылу дәрежесін және осы немесе өзге нақты тұлғалардың оған қатысы барлығын әділ бағалауға сөзсіз жәрдем береді. Заңгердің кәсіби білімі оның дұрыс шешім табуына және заң бұзушылықтың қайталанбауына ықпал ететін болады. Мұндай жағдайда жоғары біліктілік дайындығы мен білім берудің негізгі мақсатына қол жеткізіледі. Ағылшынның әйгілі философы, социологы Герберт Спенсер (1820-1903) айтқандай «Білім берудің ұлы мақсаты – бұл тек білім емес, сонымен қоса іс-әрекет»

Заман талабына сай озық, көп салалы техника – жаратылыс танудың жемісі, ол бүгінгі күні де сан алуан келешекті бағыттарды – наноэлектроникадан бастап күрделі ғарыштық техникаға дейін дамыту үшін негізгі қоркөзі екендігі, әрине бәріне мәлім.

Қазіргі уақыттағы жаратылыс тану мен философияны қалай байланыстыруға болады? Барлық кезеңдердің философтары ғылымның жаңа жетістіктеріне, ең алдымен жаратылыс тануға сүйенді. Соңғы жүзжылдықта физика, химия, биология және басқа да ғылымдар бойынша орын алған жетістіктер ғасырлар бойы жинақталған философиялық ұғымдарға жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Көптеген философиялық ойлар жаратылыс танудың қойнауында туындаған, ал жаратылыс тану өз кезегінде дамудың бастапқы кезеңінде натурфилософиялық сипатқа ие болған. Мұндай философияны неміс философы Артур Шопенгауэрдің (1788-1860) келесідей сөздерімен «Менің философиям маған мүлдем ешқандай табыс әкелмеді, бірақ мені көптеген шығындардан құтқарды» деп айтуға болады. Қазіргі таңдағы жарытылыс танудың тұжырымдарын білу көптеген мамандарға олардың кәсібіне қарамастан, шағын әлемнің ішіне енуге және жерден тыс кеңістікті игруге мүмкіндік беретін заман талабына сай зерттеулердің материалдық және интеллектуалдық шығыны қаншалықты екенін, қазіргі таңдағы теледидардың көрсету сапасының жоғары болуы қандай құндылықтармен қол жеткізілетіндігін, дербес компьютерлерді жетілдірудің нақты жолдары қандай және табиғатты сақтау мәселесі қаншалықты маңызды екендігін ұғынуға, көз алдына елестетуге көмектеседі. Бұл туралы римдік философ әрі жазушы Сенека (шамамен 4 б.э. бастап - 65 б.э.дейін) «Жалпы және тұжырымдамалық табиғи-ғылым бойынша, яғни табиғат туралы білім меңгерген адам өзінің іс-әрекетін үнемі табиғатқа ұқыпты қарау және қазіргі ғана емес, келешек ұрпақ үшін де оны сақтау арқылы үйлестіріп, нәтижесінде оның іс-әрекеті сөзсіз пайда келтіретіндей жүргізеді» деп адамның қажеттілігін қанағаттандыруға жеткілікті әділ анықтама береді. Тек осындай жағдайда ғана біз Николай Карамзиннің (1766-1826) «Табиғат - мейірімді ана! Жасай бер!» деген сөзін аса зор құрметпен және қуанышпен саналы түрде айта аламыз. Чехтың атақты ойшылы, педагогы, педагогиканың жалпы оқыту әдісінің негізін қалаушы Ян Коменский XVII ғасырдың өзінде-ақ «Жаппай оқыту, барлығын, жан-жақты оқыту» ұранымен алға шығып, «Педагогиканы жалпы оқытудың ұлы әдісін» жазды және осылайша білім беру саласында демократизм, энциклопедизм және кәсіби шеберлік қаидасын теориялық тұрғыда негізін құрады, оның құрамы келешектегі өнім байлығының көптеген құндылықтары мен нәтижелерін қамтиды.

Аталған ойды жалғастыра отырып, келесідей тұжырымды сенімді түрде растауға болады: тек табиғи-ғылымның ақиқатын жан-жақты танып білу ғана адамды ерікті етеді, яғни бұл сөзді философиялық мағынамен айтқанда, адам біліксіз шешімдерден және іс-әрекеттерден өзін тыс ұстауға ерікті, өзінің игілікті және адал еңбек жолын таңдауға ерікті.

Әдебиеттер тізімі:


Новосадов Б. К. Концепция современного естествознания в высшем образовании в XXI веке // Знание. Понимание. Умение. — 2007.

Естествознание — статья из Большой советской энциклопедииБ. М. Кедров, 2013



 Антисери Д., Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней. Научная революция

 Meyer, Annette: Die Epoche der Aufklärung, 2011

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет