Құдайберген Аяулым
1. Парламенттің атқарушы билік органдарын құру, оның қызметін бақылау және реттеудегі өкілеттіктері қандай?
Парламенттiң Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен және бөлек отырыстарындағы құзыретiн, Палаталардың ерекше құзыретiн Республика Конституциясы белгiлейдi және Парламенттiң сессияларында, Парламент Палаталарының, оның органдары мен депутаттардың қызметiнде жүзеге асырылады.
Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
2. Премьер-министр мен Үкімет мүшелері Парламенттің қандай отырыстарына қатыса алады? Республика Парламентi сессиялары, Депутаттар Палаталардың бiрлескен және бөлек отырысында Республиканың Президентi, Премьер-Министрi мен Үкiмет мүшелерi, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокуроры, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, сондай-ақ Мемлекеттiк Хатшысы мен Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы кез келген, ашық, сондай-ақ жабық отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге хақылы.
3. Парламент депутаттары Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне сауалдар жолдай ала ма? Егер олай болса қалай оны жүзеге асырады (тәртібі қандай)?
Депутаттық сауалдар Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде Парламент сессиясында негiзделген түсiнiктеме беруiн немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.
Парламент депутатының Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiне, Ұлттық Банк Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерiне сауал жолдауға құқығы бар. Бұл ретте, Бас Прокурорға не құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерге қатысты бола алмайды. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына жолданған сауалдарды қарау Парламенттің немесе оның палаталарының жабық отырыстарында жүргізіледі.
Сауал жазбаша түрде енгiзiлуi мүмкiн және Парламент сессиясында жария етiлуге тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |