Білім саласындағы жүйелі өзгерістердің катализаторы болып табылатын 2020 жылға дейінгі білім дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы



Дата29.02.2016
өлшемі24.04 Kb.
#32665



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Ақтөбе облысының Статистика департаменті

Баспасөз хабарламасы

N 13-7-4

20. 08. 2015ж.






Білім күніне
Білім саласындағы жүйелі өзгерістердің катализаторы болып табылатын 2020 жылға дейінгі білім дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі аспектілерінің бірі - білім қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білім жүйесін қаржыландыру.

Білім саласын ресурспен қамтамасыз етудің жыл сайын жақсаруы арқасында халық білімінің негізгі көрсекіштері бойынша тұрақты оң серпінге қол жеткізілуде.

2014 жылы білімнің негізгі капиталына инвестициялар 5,7 млрд. теңге құрады. Жалпы облыс бойынша заманауи мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер құрылысы бойынша мемлекет басшысының шешімі табысты жүзеге асырылуда.

2014 жылы 2800 оқушылық орынға 6 жалпы білім беру мектептері салынып және 790 орынға 3 балалар бақшасы пайдалануға берілді. Ойыл, Ырғыз аудандарында және Ақтөбе қ. жаңа мектептер салынды, сондай-ақ Мұғалжар, Хобда аудандарында және Ақтөбе қ. балалар бақшасы салынды.

2014/2015 оқу жылының басына облыста 428 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасады, онда 119,4 мың адам оқыды. Мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. 2013 жылы мектептер 25 химия кабинеттер алды. 2014 жылы мектептерге 27 химия кабинеті қойылды.

2015 жылы білім департаментінің мәліметтері бойынша бірыңғай ұлттық тестілеуге 4621 адам қатысты, оның нәтижелері білім сапасының жақсы өскендігін көрсетіп отыр. Мысалы, мектептер бойынша жиналған орташа балл орташа республикалық деңгейден (Қазақстан республикасы 79,4 балл) 3,3 балға жоғары болды және 82,7 балл құрады. 156 адам мектепті «Алтын белгі» аттестатымен, 66 адам үздік аяқтады.

Ақтөбе облысында 2014 жылы мектепке дейінгі білім саласында 522 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасады, олардың ішінен 254 –тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар (балалар бақшалары, бөбектер-балалар бақшалары, мектеп-бақша кешендері) және 268 шағын орталықтар. Тұрақты мектепке дейінгі мекемелер саны 32344 адам құрады. Мектепке дейінгі шағын орталықтарға 10338 адам барып тұрды.

Орта кәсіби білім жүйесінде 41 колледж жұмыс жасайды олардың ішінен 24 мемлекеттік және 17 мемлекеттік емес. 2014/2015 оқу жылында колледждердегі оқушылар контингенті 33,0 мың адамды құрады. Колледждер 101 мамандықтар бойынша оқушыларды дайындауды жүзеге асырады. 2014 жылы 11,5 мың мамандар шығарылды.



2014 жылы облыста 6 жоғары оқу орындары жұмыс жасайды, олардың ішінен 4 мемлекеттік және 2 мемлекеттік емес. Жоғары оқу орындарында 20,8 мың адам оқиды Мемлекеттік білім грандттары есебінен 4,9 мың студенттер оқиды немесе оқитындардың жалпы санынан 23,7%. Облыстың жоғары оқу орындарының мамандарды шығаруы 7,1 мың адам құрады.

Орындаған:

Департамент басшысы

Мекен-жайы:

Исбусинова Д.А.

Қ.С. Жекеев

030020, Ақтөбе қ.

тел.540-773

Тел. 544-347

Әбілқайыр хан д.,25














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет