Еліктеу сөздер туралы түсінік
Сабактың мақсаты: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;
білімділік – еліктеу сөздердің мағыналық ерекшелігін таныту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік - сөздерді байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, сергектікке, жинақылыққа, еңбексүйгіш болуға тәрбиелеу:
дамытушылық – логикалық ойлау қабілетін, лексикалық сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: баяндау сұрақ - жауап, ой қорыту.
Көрнекілігі:интербелсенді тақта, кітап, карточкалар.кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, Сабақтың барыс: І. Ұйымдастыру Балалармен амандасу, түгендеу, шаттық шеңберіне тұру.
Қолымызды ұстайық
Күн нұрына ұқсайық
Шын жүректен ашылып,
Тілек досқа сыйлайық
Бір – біріне жылы лебізін білдіреді.
Сабағымызды бастамас бұрын біз 2 топ құрып аламыз, . ( алдарына 2 сурет беріледі. Суретті құру арқылы топ құрылады)
Әр жерде өзінің ережелері болады. Біздің де сол сияқты ережеміз бар олар мынандай:
Шуламау
Бір –біріміздің жауаптарымызды тыңдау.
Атқарған жұмысымызды дұрыс бағалау (бағалағанда алдарымыздағы смайликтарды пайдаланамыз.)
Топта белсене қатысу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау(сұрақ – жауап және жаңа технологияларды пайдаланып өткенді қайталау)
Үйге қандай тапсырма тапсырылды?
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Біз қандай сөз таптарымен таныспыз?
Ал енді назарымызды тақтаға аударайық.
Интербелсенді тақтада мынадай тапсырмалар беріледі:
1 – тапсырма: мына сөздерді сөз таптары бойынша ірікте.