Білімім: Жоғары Оқу орны: Біліктілігі: 1 санат Жалпы өтілі: 30 жыл



бет2/5
Дата28.09.2023
өлшемі6.49 Mb.
#478935
1   2   3   4   5
Разработка по физкултуре Бестас ойынын денетәрбиесі сабағында қолдану

Ойын ережесі.  Ойнаушылар алдымен кімнен кейін кім ойнайтындықтарын анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, бір алақан сыртымен тосып алады да, алақан сыртында қалған тастарды қайта жоғары лақтырып, қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз – тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қуып барып ұстау. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып ұстау кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі де мүмкін. Кім көп тас қаршып ұстап алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.
  • Бірінші кезек алған ойыншы бестас ойынының шартын бұзып алғанға дейін ойнайды. Ойыншы ережені бұзып алысымен өз уақытын тоқтатады. Одан кейін екінші кезектегі, ол тоқтаған соң үшінші кезектегі ойыншы бастайды. Ойын осы ретпен жалғаса береді.
  • Тастарды жерден теріп алу кезінде басқа тастарды қозғалтуға болмайды және қақпақыл тасты жерге түсіріп алмау керек. Ойнаушылардың қай-қайсы болмасын, ойынды өзінің бұрынғы тоқтаған жерінен ары қарай жалғастырады. Ойын басталар алдында ойыншылар алысқа түскен немесе реттеп алуға қажетті тастарды саусақпен бірнеше рет жылжытуға болатындығын немесе болмайтындығын келісіп алады.
    • Ойын барысы:
    • Бірлік. Бес тасты жерге иіріп тастаған соң, біреуін қақпақыл тас етіп алып, қалған төрт тасты қақпақыл тасты жоғары лақтыра отырып, бір-бірден бір қолмен теріп алу.
    • Екілік.Тастарды жерге иіріп тастап, жердегі төрт тасты екі-екіден бір қолмен жинап алу (иірген қолмен). 
    • Үштік. Үш тасты бірге, бір тасты жеке жинап алу. (Иірген қолмен). 
    • Төрттік. Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпақыл тасты жоғары лақтырып, ол қайта түскенше төрт тасты жерге қойып үлгереді де, қақпақыл тасты тағы жоғары лақтырып жердегі тастың төртеуін бірге жинап алады. 
    • Жалату. Ойында үш немесе бес жалақ болады. Қақпақыл тасты жоғары биіктете лақтырып жіберіп, сұқ саусақпен жерді үш немесе бес рет жалатып үлгеру керек.Үш рет жалату немесе бес рет жалату ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді. 


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет