Сабақ тақырыбы: «Айтыс-қазақтың төл өнері»



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі3.6 Mb.
#488098
түріСабақ
  1   2
Аягөз тәрбие (1)




Мектеп:

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Қаламбек С.З

Күні:

19.09.2023 жыл

Сынып: 5 «Г»

Қатысушылар

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

«Айтыс-қазақтың төл өнері»

Сабақтың мақсаты:

мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

Психологиялық ахуал туғызу
Жұмбақ шешу
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Абайлаңдар, балалар,
Жолда ойнауға болмайды.
Шешуі: доп
«Допты қағып ал» әдісі бойынша допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алу, назарларын сабаққа аудару, қызығушылықтарын туғызу.



Жұмбақты шешеді
Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.

ҚБ
Мадақтау, қолдау

доп

Сабақтың ортасы
20 минут

Тақырыпқа назар аударылады.
«Айтыс қазақтың ежелден келе жатқан төл өнері»Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау:
Мұғалім сөзі: Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. 

1 тапсырма: Тыңдау және талдау:

Айтыс- халық қазынасы
Айтыс түрлері көп. Сондай салт айтыстардың бірі, «Қыз бен жігіт» айтысы. Ол әзіл-қалжыңнан тұрады. Бір-біріне силас, құрбылар ретінде орынды қалжыңмен айтысқан. Әдетте амандасудан басталып, бір-бірінің осал тұсын әжуа етіп, сол арқылы адм бойындағы жетістіктермен, кемшіліктердің бетін ашып, тыңдармандардың қошаметіне бөленген. Бұл айтыстың негізгі құрылымы, 11 буынды өлең түрінде кезігеді. Өлеңнің бастапқы екі жолын қызда, жігітте қайталай отырып, ойларын 3-4 тармақтар арқылы білдіреді. Мүндай айтысты «Қайым» айтыс дейді. «Әр халықтың ана тілі білімнің кілті…. Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді , мәдениетті болсын…»
Жұмыс формасы-ұжымдық:
Оқулықтағы тапсырмалар бойынша, «Қыз бен жігіт» айтысын сипаттайды.


«Айтысқа дайындал тапсырмасы»:
Оқушыларды қайым айтыс түрінде айтысқа баулу үшін. Айтыс әуенін оқушылар өздері таңдайды. Алдымен үнтаспамен бірігіп айтып оқушылар дайындалып алады.

  • Екі топқа бөлініп айтыстың шумағын орындау

Ұлдар:
Ортаға сап өнерді,
Тарту етіп өлеңді.
Ақын қыздар қайдасың,
Айтысайық, кел, енді.
Қыздар:
Әр сөзінде талғам бар,
Баба жолын жалғаңдар.
Шақырып ап айтысқа,
Өлең таппай қалмаңдар.
Ұлдар:
Жырдың керуен көші бар,
Көшке бізбіз қосылар.
Өлең сөзге келгенде,
Ақын қалай тосылар.
Қыздар:
Домбырасын қолға алар.
Шабыттанып толғанар,
Жырыңды ел жаттаса,
Нағыз ақын сол болар.
Ұлдар:
Талаптанып келеміз,
Жеңілеміз неге біз.
Әсет пенен Біржандай,
Жырдан маржан тереміз.
Қыздар:
Біз даланың гүліміз,
Бұлбұл құстың үніміз.
Сара менен Ұлбике,
Айтылатын жырымыз.
Ұлдар мен қыздар:
Шабыттанып самғаймыз,
Елге жырды арнаймыз.
Сүйінбай мен Жамбылдың,
Ұлы өнерін жалғаймыз!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет