Биоэнергетика Мақсаты


Биогаз қолданудың экологиялық қауіпсіздігі



бет4/4
Дата02.01.2022
өлшемі30.22 Kb.
#453195
1   2   3   4
Биоэнергетика (2)

5. Биогаз қолданудың экологиялық қауіпсіздігі

Биогаз қолданудың экологиялық қауіпсіздігі оны алудың қарапайым технологиясымен үйлесуі – биогаз өндірісінің әрі қарай дамуы мен таралуы үшін оң фактор болып табылады. Аталған тиімді биотехнологиялық бағыттың пайда болуына себеп 70 жылдардағы энергетикалық дағдарыс әсер етті. Биогаз өндірісі Тынық мұхиты елдерінің энергетикалық саясатының негізгі принциптерінің бірі болды. Қытай үкіметі биогаз өндірісіне көп көңіл бөліп оның қалыптасуына көптеген қаражаттар салды. Ұлттық бағдарламалар аясында биогаз қондырғыларын шығаратын зауыттар желісі үшін жағдайлар жасалды. Мемлекеттік банктер тұрғындарға қондырғы үшін материалдар мен жеңілдіктер ссудаларын ұсынды. 1978 ж., бағдарламаны қабылдағанан кейін 3 жылда елдерде 7 млн қондырғы жұмыс жасады. Онда жыл сайын 2.6 млрд. м3 биогаз өндірілді, 1.5 млн. т мұнайға тең болды. 80-ші жылдары Қытайда 110 млрд. м3 биогаз өндірілді. Индияда да ауылшаруашылық қалдықтарын жоюмен биометаногенез процесінде энергия алуға үлкен көңіл бөлінді. Биогаз қондырғыларының құрылысы Филиппинде, Израилде, Латын Америка елдерінде басталды. Аталған технологияға 80-ші жылдар ортасында Европаның орталық елдерінде, әсіресе ФРГ мен Францияда қызығушылықтар күшейді. Француздық Комиссариатпен күн энергиясы бойынша биогаз қондығысын жасауға 90-шы жылдар ортасында 240 млн. франк бөлінді. 90-шы жылдар ортасында Европалық экономикалық бірлестік елдерінде сұйық ауылшаруашылық қалдықтарынан биогаз өндіріс бойынша 600 және қалалық қатты қалдықтарды өңдейтін 20 қондырғы жұмыс жасады. В пригородах Нью-Йорк шағын қалаларындағы қала қалдықтарын өңдейтін қондырғы жылына 100 млн. м3 биогаз өндіреді. Көптеген ауылшаруашылық қалдықтары бар Африка мен латын Америкасының көп елдеріндегі ұлттық бағдарламалары қазіргі кезде биогаз алуға бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет