Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


С ДӘРУМЕНІ (АНТИСКОРБУТТЫ, АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ)



бет27/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

С ДӘРУМЕНІ (АНТИСКОРБУТТЫ, АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ)

С дәруменіне сапалық реакциялар оның тотығу-тотықсыздану реакцияларына оңай түсуге және, мысалы метилен көгін, 2,6- дихлорфенолиндофенолды, калийдің гексациано-(Ш) ферратын, күміс нитратын және басқаларды тотықсыздандыруға қабілеттілігіне негізделген.


Құрал-жабдықтар, реактивтер. 40°С-ға термостат; 1 мл-лік бір белгісі бар тамшуырлар (5 дана); сынауықтарымен зертханалық штатив; қырыққабат немесе кәртөп шырыны (немесе 0,002%-дық аскорбин қышқылының ерітіндісі); 0,01%-дық метилен көгі; 5%-дық калийдің гексациано-(Ш) ферраты; 5%-дық калий гидроксиді; 10%-дық тұз қышқылы; 1%-дық темір хлориді; 10%-дық сірке қышқылы; 2,6-дихлорфенолиндофенол (жаңа дайындалған, 0,02%-дық).
Метилен көгімен әрекеттесу
Сынауықтағы 1 мл қырыққабаттың (немесе кәртөптің) шырынына 1 мл 0,01%-дық метилен көгінің ерітіндісін қосады, араластырады да, ауадағы оттегімен жанасуды болдырмас үшін тығынмен жабады. Сынауықты 37-40°С -да термостатқа орналастырады. Біршама уақыттан кейін сынауықтағы сұйық метилен көгінің түссіз лейкоқалыпқа тотықсыздануынан және дегидроаскорбин қышқылының түзілуі есебінен түссізденеді. L-аскорбин қышқылының L-де-гидроаскорбинге өту теңдеуі оқулықта келтірілген, ал метилен көгінің лейкоқалыпқа өтуі жоғарыда көрсетілді. Егер содан кейін метилен көгінің түссіз ерітіндісін, ауадағы оттегінің сынауыққа түсуіне қарсылықсыз, қатты шайқаса, онда ерітінді қайтадан көк түске боялады.


Калий гексациано-(Ш) ферратымен реакция
Аскорбин қышқылы, тотығып, калийдің гексациано-(Ш)ферратын K3[Fe(CN)6] калийдің гексациано-(П)ферратына K4[Fe(CN)6], дейін тотықсыздандырады, соңғысы тотығу дәрежесі +3 темір йонымен қышқыл ортада темірдің гексациано-(П)ферратын (берлин лазурі, Fe4[Fe(CN)6]3) түзеді:



1 мл қырыққабат шырынына 2 тамшы калий гидроксидінің ерітіндісін, 2 тамшы калий гексациано-(Ш) ферратының ерітіндісін қосады, сынауықтың ішіндегісін қарқынды түрде араластырады. Содан соң сынауыққа 6-8 тамшы 10%-дық тұз қышқылының және 1-2 тамшы темір (III) хлоридінің ерітіндісін қосады, берлин лазурінің көк (немесе жасылдау-көк) тұнбасы түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет