Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет1/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ


М . ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКТЕМІСОВА А.Ө.
БИОХИМИЯ пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар


6В01504 ХИМИЯ
6В01511 ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ
білім беру бағдарламалары үшін

Петропавл қ.


2020 ж



1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: БИОХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ҚауІпсіздік Техникасы ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді биохимия зертханасында жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Жалпы мағлұматтар



  1. Зертханалық жұмыстарды халат киіп, жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтай отырып жүргізу керек.

  2. Экспериментті орындағанда оқулықтарды аулақ қойып, жолдастарыңа кедергі келтірмей, мұқият әрі тиянақты жұмыс істеу керек.

  3. Экспериментті орындау барысында тәжірибені жіті бақылап, химиялық реакцияларда көзге байқалатын бақылау нәтижелерін (тұнбаның түсуін, газдың бөлінуін, түстің өзгеруін т.б.) журналға жазып алып отыру керек.

  4. Химиялық зертханада жұмыс істегенде раковинаға қышқылдардың, сілтілердің, сол сияқты улы заттардың ертінділерінің қалдықтарын құюға қатаң тиым салынады. Ол үшін тартпа шкафтың астына қойылған арнайы ыдыстарды пайдалану керек.

  5. Зертханада эксперименттік жұмыстарды оқытушысыз орындауға болмайды.

  6. Улы заттармен, концентрленген қышқылдар және сілтілермен тәжірибелерді тек қана тартпа шкафтың ішінде жүргізу керек.

  7. Тәжірибелерді орындағанда, реагенттердің шектеп белгіленген мөлшерлерін қатаң түрде сақтау керек.

  8. Концентрлі қышқылды сұйылту кезінде шашырамас үшін қышқылды суға аз-аздап, араластыра отырып қосу керек.

  9. Жалпыға ортақ пайдаланатын приборлар мен реактивтерді, соның ішінде тартпа шкафтың астында сақталатын приборлар мен реактивтерді, жеке өз жұмыс орныңа апармау керек.

  10. Химиялық зертханада тамақ ішуге, ол үшін химиялық ыдыстарды пайдалануға тыйым салынады.

  11. Заттарды қыздырған кезде орныңнан тұрып қыздыру керек және сынауықтың аузын көршілес жолдастарыңнан және өзіңнен басқа жаққа бағыттау керек.

  12. Химиялық заттардың иісін иіскегенде құтыға үңілмей, тек құтыдағы заттың иісін өзіңе қарай қолыңмен желпіп иіскеу керек.

  13. Қышқылдан күйік алған жағдайда әуелі күйік шалған жерді судың қатты ағынымен жуып жіберіп, кейін ас содасының ерітіндісімен бейтараптау керек.

  14. Сілтіден күйік алған жағдайда әуелі күйік шалған жерді судың қатты ағынымен жуып жіберіп, кейін әлсіз сірке немесе бор қышқылдарының ерітіндісімен (3-5%) бейтараптау керек.

  15. Газбен уланған жапа шегушіні бірінші кезекте таза ауаға шығарған жөн.

  16. Жұмыс соңында ыдыстарды жуып, столды сүртіп, жұмыс орныңды лаборантқа немесе оқытушыға тапсыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет