Биология 9сынып 2018ж Нагима



бет1/2
Дата27.02.2023
өлшемі33.52 Kb.
#470113
түріСабақ
  1   2
biologiya 2 kaz


БИОЛОГИЯ 9сынып 2018ж Нагима



Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. Шырынды сабақты өсімдік
A) Жабайы алмұрт
B) Бүлдірген
C) Долана
D) Бидайық
E) Кактус

2. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлімі
A) Ұлпа
B) Мүше
C) Молекула
D) Жасуша
E) Жасуша аралық зат

3. Бактерия жасушасының құрылысы
A) Қабықша, цитоплазма, вакуоль, ядро
B) Қабықша, цитоплазма, ядро заты
C) Қабықша, цитоплазма, ядро, вакуоль, пластидтер
D) Қабықша, цитоплазма, кіші ядро
E) Қабықша, цитоплазма

4. Ұлудың зәр шығару мүшесі
A) Жұлдызша
B) Клоака
C) Аналь тесігі
D) Мальпигий түтігі
E) Бүйрек

5. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым
A) Ихтиология
B) Термология
C) Энтомология
D) Териология
E) Зоология

6. Жас баланың еңбегінің бүлкілдеп тұруы:
A) төбе сүйегінің жарғақты құрылысынан
B) туа біткен кемістік болып саналады
C) төбе сүйегінде тесіктің болуынан
D) төбе сүйегінің жіктерден тұратындығынан
E) төбе сүйегінің қатты болуынан

7. Кіші қанайналым шеңбері басталады
A) Сол жақ жүрекшеден
B) Сол жақ қарыншадан
C) Оң жақ жүрекшеден
D) Оң жақ қарыншадан
E) Қолқа артерия қантамырынан

8. Организмнің тітіркендіргішке жүйке жүйесінің жауап реакциясы.
A) Рецептор
B) Қоздырғыш
C) Синапс
D) Рефлекс
E) Тежеуші

9. Гидраның бір қармалауышына инемен әлсіз ғана түртіп әсер етсе, сол қармалауышы жиырылады, жиырылған кезде байқалатын құбылыс
A) жүйке түйінділері
B) жауап қайтару
C) жүйке торы
D) тітіркену
E) тынысалу

10. Тін талшықтары өте мықты, бас киім тоқу үшін пайдаланатын өсімдік:
A) Зығыр
B) Сәбіз
C) Көкнәр
D) Пияз
E) Бүршік

11. Тамыр қызметін атқаратын ризоидтары бар өсімдік
A) плаунтәрізділер
B) қырықжапырақтар
C) ашық тұқымдылар
D) мүктер
E) қырықбуындар

12. Бунақденелілер тыныс алады
A) Демтүтікпен
B) Бүкіл денесімен
C) Өкпемен
D) Желбезекпен
E) Өкпе қапшығымен

13. Сүтқоректілер терісіндегі қосалқы бөлімдер
A) Қабыршақ
B) Мүйіз, тұяқ
C) Хитин
D) Бақалшақ
E) Мантия

14. Мидың күрделі қызметі, еңбек ету барысында қалыптасады
A) Сигналдық жүйе
B) Сана
C) Сөз
D) Түйсіну
E) Ойлау

15. Қауырсынын қадірлеп, бас киімге, домбырыға, үйге, бесікке іліп қояды
A) Тауықтың
B) Тырнаның
C) Қарғаның
D) Үкінің
E) Торғайдың

16. Халық медицинасында және медицинада миға қан құйылғанда, жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызатын буылтық құрт
A) сүлік
B) зымырақ
C) қылқұрт
D) нереида
E) шұбалшаң

17. Адамды тері ауруына ұшырататын бір жасушалы жәндік
A) Лейшмания
B) Дизентерия
C) Трипоносома
D) Арцелла
E) Кірпікшелі кебісше

18. Тыныс алу орталығы қорғаныш рефлекстер тудырады
A) Ему
B) Жұту
C) Сөл бөлу
D) Жөтелу
E) Тамақ ішу




19. Кірпікшелі кебісше өсірілген судан заттық шыныға тамызып, қасына тұщы су тамыздық. Кебісше бар тамшыға тұзды су қосып, екі тамшының арасын су жолағымен қосқан кезде, ұлғайтқыш әйнекпен бақылауға болатын кебісше қасиеті
A) екі есе көбею
B) цистаға айналу
C) тіршілігін жою
D) қоректену
E) тітіркенгіштік

20. Тікен кірген жерге келіп, микробты ұстап алып, ерітіп жіберуге қабілетті жасуша
A) тромбоцит
B) эритроцит
C) лейкоцит
D) остеоцит
E) миоцит






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет