Биологиялық ырғақтар



Дата04.12.2019
өлшемі25.17 Kb.
#447637
Биологиялық ырғақтар

Биологиялық ырғақтар
Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн  белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында  үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен  тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға төн ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік өрекетіне әсер етеді.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың өсері аркылы дамиды. Әсіресе күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның кан кьісымьі өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да өсерін тигізеді. Тірі агзаларда болатын ырғаққа Айдың да әсері бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша козғалуы (24 сағатта) төуліктік ыргакка өсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғактарды қалыптастырады.

Тірі ағзаларда болатын  ырғақты зерттейтін ғылым - хронобиология (гр. «сһronos» - уақыт) деп аталады. Кейде бұл ғылымды биоритмология («bіоs» - тіршілік, «rhytmos» - ырғақтылық) деп те атайды. Ырғақтылық - тірі ағзаларға төн касиеттердің бірі. Биологиялық ырғақтылық аркылы ағзалар сырткы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғактылықтың үйлесімділігі жүйке жөне эндокриндік жүйелер аркылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы кызметінің ырғақтылығын реттеуде өлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс төртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады.

Ұрықтың құрсақта дамуы кезінің  өзінде-ақ биологиялық ырғақ калыптаса  бастайды. Нәрестенің дүниеге келуі биологиялык ырғақтың қалыптасуында ерекше рөл аткарады. Қанайналымға, тынысалуға, ұйқы мен сергектікке байланысты ырғактар калыптаса бастайды. Ырғақтың қалыптасуында төрбиенің де рөлі бар. Мысалы, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, бала ағзасындағы ырғактылыктың онтайлы калыптасуьша өсерін тигізеді. Жасөспірімдік кезеңінде ырғактылыктыд едөуір ауыткуы байқалады. Бұл негізінен жыныстык жетілуге тікелей байланысты. 20-30 жаста адам ағзасындағы ырғақтылық тұрақталып, жұмыс істеу әрекеті артады, өзін жақсы сезінеді. Адам ағзасында ұзақ мерзімді ырғакка кейбір аурулардың бірнеше жылдан соң кайталануын атауға болады. Жылдык ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты. Температуралық өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды маусымдық өзгерістер басты рөл аткарады. Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу кабілеттері өзгереді. Күз бен кыста ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы түру өрекеті төмендейді.

Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн  тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу кабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5 - 7 күн  аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық  жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіні анықталды. Адам ағзасында тәуліктік  ырғақ айқын байқалады. Күн мен  түннің ауысуы үйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуга ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей төуліктік  ырғактың бүзылуынан пайда болады. Төуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс  тамақтану, белгілі бір уақытта  ұйықтау, тынығып алу қажет.

 

 



Адам күндіз белсенділік  көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір  бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде  зат алмасу бөсендейді, жүректің соғу жиілігі баяу лайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін  психикалык және физиологиялық үдеріс. Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асыкпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы аркылы ағза өзінің жұмыс істеу кабілетін калпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинакталады. Үйқының белгілі бір уакытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатыны анықталды.

Ағза ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген құштарлығы артады. Дене температурасының бәсеңдеуі ұйқыға кірісудің ішкі белгісі (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиянды. Ұйкы қанбаса, бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке жөне т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.

Жаңа туған нәресте  тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты үйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.

Белгілі бір уакыт өткен  соң баяу толкындар тез ырғакты  толқындарға ауысады. Бұл - тез ұйқыға кетудің белгісі. Бүл кезде өте  ұсақ, бірак жиі биоэлектрлік толқындар  байқалады. Ұйықтап жаткан адамның  кан кысымы артады, тынысалу, тамырдың соғуы жиілеп, зат алмасу күшейеді. Бұл кезде адам ұйықтап жатканымен, миы белсенді қалыпта болады. Бірақ  ондай адамды ояту киынға соғады. Мұндай ұйкыны огаш ұйқы деп те атайды.

Адам тез, оғаш ұйқы кезінде түс көреді. Ұйкының екі кезеңінде де ми мен ағза тынығады. Ми қыртысында тежелудің таралуы да ұйқыға әсер етеді. Ұйқы аралық мидағы жүйке орталықтарында сергектіктің алмасуы арқылы жүзеге асады. Мұны ұйқының рефлекстік жолмен реттелуі дейді. Ұйқының реттелуіне химиялық заттар да әсер етеді. Түс көру. Барлық адам түс көреді, бірак кей адамдар оны есінде сақтай алмайды. Түс көру - тікелей мидың қызметіне байланысты, күрделі психикалық үдеріс. Түс көру көбінесе адамның бұрын бастан кеш кен күйзелістеріне немесе көптен бері ойында жүрген жағдайларға негізделеді. Кейде адамның ойында жоқ түрлі шынайы оқиғалар да түске кіреді.

Түс көру - ми жұмысының бір  көрінісі. Тез ұйқы кезінде көрген түс көбірек есте қалады. Адам ұйқының  екі кезеңінде де (баяу және тез) түс көреді. Түс көру кезінде ми белсенді жұмыс атқарады. Көптен бері ойда жүрген жагдайлар белгілі реттілікпен түске кіреді. Кейде өмірде шешуі табылмай жүрген мәселелер түс көру кезінде нақты бейнеленеді. Түс көру - ми жұмысының бір көрінісі. Тез ұйқы кезінде көрген түс көбірек есте қалады. Адам ұйқының екі кезеңінде де (баяу және тез) түс көреді. Түс көру кезінде ми белсенді жұмыс атқарады. Көптен бері ойда жүрген жагдайлар белгілі реттілікпен түске кіреді. Кейде өмірде шешуі табылмай жүрген мәселелер түс көру кезінде нақты бейнеленеді.

Күнделікті тұрмыстағы немесе ғылыми мәселелердің шешімі күндіз емес, түнде түс көру кезінде ойға келетіні туралы мысалдар көп. Д.И.Менделеев  элементтердің периодтық жүйесінің  толық құрастырылуын ол ұйықтап  жатып түсінде аяқтағанын дәлелдейді. Ал немістің химик ғылымы ұзақ уақыт  жұмыс істеген химиялық қосылыстың құрылымдық формуласын түсінде көрген. Ұйқы бойынша бал ашу және жорамал  жасау бұрыннан бар.

Көп адамдар түсінде көрген оқиғаларды өзінше жориды. Түсті жору көп халықтарда ерте кездерден таралған. Сондыктан да «түсті көруінен - жоруы  артық» деген сөзде ерекше мән  бар. Түс көрудің күпиясын ғалымдар әлі толық шешкен жоқ.

 


  1. Тапсырма №2. Негізгі абиотикалық факторларға ағзалардың бейімделуі

 

Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен  тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Бұл орталарға  топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар жатады. Табиғи ортаның құраушылары тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен: көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбейуіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. 


Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп — көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтады. 
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы. 
Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық. 
а) Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер т.б факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді. 
б) Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір – біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір- бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым – қатынаста болады. 
Аталған қарым – қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін. 
в) Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс — әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материялдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет