15-дәріс. Геоморфологиялық зерттеу әдістері және геоморфологиялық карталар



Дата02.05.2023
өлшемі50.25 Kb.
#473104
түріОтчет
15 лек


15-дәріс. Геоморфологиялық зерттеу әдістері және геоморфологиялық карталар
Геоморфологиялык зерттеулерінің құрылымы. Геоморфология ең алдымен далалық зерттеулердіц деректерінс негізделеді. Дала жұмыстарымен бірге бедердің және оның даму тарихын зерттеп білу үшін әр түрлі әдістерді кеңінен қолданатын тыңғылықты өндеу жұмыстары (камеральные работы) да кіреді.
Далалық геоморфологиялык зерттеулер негізінен ғылыми деректеме (научный отчет) беру тақырыбымен бірге істелген жұмыстар нәтижелерінің маңызы болып табылатын геоморфологиялык карта жасау жұмысымен аяқталады.
Жұмыстың мақсатына байланысты жалпы және жеке геоморфологиялық зерттеулерді ажыратуға болады. Жалпы зерттеулер барлық геоморфологиялық объектілерді қамтиды. Олардың зерттеу мүддесі - бедерді комплексті түрде (морфографиясын, морфометриясын, жаралу, тегін, рельефтің даму тарихын және динамикасын) сипаттап, жалпы геоморфологиялык карта жасаумен аяктау.
Жеке геоморфологилык зерттеулер жеке геоморфологиялык объектілерді (мысалы, карсты және жанартау рельефін) немесе жеке геоморфологиялык көрсеткіштерді (мысалы, рельефтің тілімдену тереңдігін, тілімдену жиілігін және т.с.с.) білу максатымен жүргізіледі. Жеке зерттеулердің нәтижесі әдетте жеке геоморфологиялык карталар жасау жұмысымен бітеді. Жеке геоморфологиялык зерттеулер негізінен анык шектелген теориялык немесе колданбалы (практикалық) мақсаттарды шешу үшін ұйымдастырылады.
Геоморфологиялык зерттеу жұмыстары дайындық, далалык және ғылыми өндеу кезеңдеріне бөлінеді.
Дайындык кезеңде белгіленген аймак жөніндегі бұрын болып өткен (геологиялык және геоморфологиялык) зерттеулердің деректерімен танысып білу, арнайы картографиялық материалдармен бірге топографиялық карталарды және космосурет материалдарын мұқият зерттеу. Дайындык кезеңде алдын ала жинап алған материалдардың негізінде далалык зерттеу бағдарламасы құрылады, соның ішінде белгіленген маршруттардың нобайы, казбалы орындарының шурфтары, бұрғылау орындарының орналасу сызба нұсқасы және де басқа геодезиялык жұмыстар енгізіледі.
Далалык зерттеу кезеңі геоморфологиялык экспедиция зерттеулерінің негізгі қүрайтын бөлігі болып табылады. Осы кезенде нақтылы деректерге (фактический материал) негізделген материалдарды жан-жақтан жинау, соның ішінде тау жыныстарының үлгілерін жинактау және олармен алдын ала өндеу шараларын жүргізу, зерттелініп жаткан аумактың геоморфологиялық құрылысы туралы алғашқы түжырымдар жасау жұмыстары жүзеге асырылады. Акырында сол аймактың далалык геоморфологиялық картасы жасалады. Зерттеу максатына карай және жасалатын картанын. масштабына байланысты далалык жүмыстарды атқарған кезінде маршрутгық зерттеулермен бірге кілттік әдіс (ключевый метод) немесе жалпы аландық түсірім (площадная съемка) әдістері колданылады.
Кілттік әдісті колданған кезінде сол аумақтың үлгісі болып саналатын аукымы шамалы келген жеке бір учаскілер ұқыпты тексеріліп және картаға түсіріледі. Содан кейін түсіру әдісін аумақтың калған учаскілерінің барлығына қолданып жүргізіледі. Бұл кезде ірі масштабты топографиялык карталар әуесуреттер мен ғарышсуреттер кең колданылады. Мүндай жағдайда кілттік учаскілер эталон ретінде рөл аткарады.
Ал, жалпы аландық зерттеулер ірі масштабты картографиялау кезінде жүргізіледі. Бул жағдайда маршруттар азды-көпті болса да бүкіл аумакка біркелкі таралады. Маршруттык жұмыстарға қарағанда аландық зерттеулерге аса көп күш, қаражат және уақыт жүмсалады.
Далалык геоморфологиялык зерттеу материалын толығымен анық, корытып, графикалык тәсілмен көрсететін құрал -геоморфологиялык карта болып сапалады. Геоморфологиялық карта - топографиялық негізде белгілі бір масштабта бедер құрылысын бейнелейтін карта: бедердің пішінінен - морфографиясынан, генезисінен және жасынан тұрады. Ол бедердің уакыт пен кеңістіктегі даму заңдылықтарын және геологиялык құрылысын, тектоникалык жағдайын, баска да географиялык ландшафт компоненттерінің арасындағы байланысын белгілейді. Кейбір жағдайларда геоморфологиялық карта таужыныстарды, сондай-ақ террасаларды, жолақтарды, жазықтарды және т.б. құрайтын төрттік түзілімдерді де көрсетеді. Геоморфологиялық картада бедер пішіндері, олардың әр түрлі ерекшеліктері шартты белгілер кешені арқылы көрсетіледі.
Геоморфологиялык карталардың басты ерекшеліктерінің бірі – бедер элементтерінің морфологиясын, жасын және қалыптасу тарихын бейнелеу.
Геоморфологиялык карталар өздерінің масштабымен, мазмұнымен және койылған мақсаттарына орай әртүрлі болып келеді.
Геоморфологиялык карталардын, дәлдік дәрежесі олардың масштабына байланысты. Масштаб ірі болған сайын, картадағы мәліметтер де толығырақ көрсетіледі. Әдетте геоморфологиялык карталар геологиялык және топографиялық карталар сиякты стандартты масштабта жасалады. Карталардын масштабы бойынша: үлкен аумақтардың (мысалы, бүкіл Қазакстан аумағын) геоморфологиялык құрылысын жалпы көрсетуге арналған ұсақ масштабты (1:1000 000 ұсақ), жеке облыстардын. геоморфоло­гиялық құрылысын көрсететін аймактық орта масштабты (1:1000 000-нан 1:200 000 дейін) келешекте шаруашылык максатында игерілетін жеке аудандардың геоморфологиялык және геологиялык жағдайларын көрсететін ірі масштабы (1:200 000 және одан да ірі) карталар болып ажыратылады. Шолу және ұсақ масштабты карталар әдетте тыңғылықты өндеу тәсілмен, орта және ірі масштабты карталар далалық геоморфологиялық зерттеу жолымен жасалады.
Мазмұны бойынша геоморфологиялык карталар жеке және жалпы геоморфологиялык карталарға бөлінеді. Жеке геоморфологиялык карталар тек рельефтің морфография, морфометрия, калыптасу тегі немесе жасы жайлы және т.б. байланысты жеке көрсеткіштер негізінде құрастырылады. Мұндай карталарға бедердің жазык бағыттағы тілімдену жиілігінің картасы (карта густоты горизонтального расчленения рельефа), бедер тілімденуінің жалпы көрсеткіш картасы (карга общего показателя расчленения рельефа), жер беті еңістігінің картасы (карта крутизны земной поверхности) және тағы баска мысалдар бола алады.
Жалпы геоморфологиялык карталар жеке көрсеткіштердің жиынтығы бойынша рельефтін, жалпы сипаттамасын, оның ішінде маңыздылары болып табылатын морфографиясын, мофрометриясын, калыптасу тегін және рельефтің жасын бейнелеп береді.
Жалпы геоморфологиялык карталар халык шаруашылығы мен ғылымның әр түрлі салаларында туындаған кажеттілігін канағаттандырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет