Биологияны оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері



бет1/4
Дата15.10.2022
өлшемі86.71 Kb.
#462752
  1   2   3   4

Биологияны оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері.

Жоспар

Оқыту әдістер туралы түсінік және олардың жіктелуі

Оқытудың әдістері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқөушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.

Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғаліимі оқушыларын білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көз-қарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оның әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз-мазмұнның ішкі қозғалысы.

Келтірген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз-белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.

Оқыту әдістерінің жіктелуі

Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы жәнек жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме-иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тарамдалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына, басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз-көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.


Оқыту әдістерінің жіктелуі
Түсіндірме
Сөз-көрнекі-сарамндық әдіс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет