Бізді қоршаған орта
Бүгінгі күні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат, Жер-Ана, Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір—бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны аялау, және оны қорғау қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірі мен келешегі үшін маңызы орасан зор. Қоршаған ортаны сақтау үшін өндіріс орындарында жоғары сапалы тазартқыш қондырғылар орнатылу керек. Суды үнемді, тиімді пайдалану керек және су көздерін сақтау керек. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Өсімдіктер, соның ішінде, орман – орны толмас табиғат байлықтарының бірі.Оларды да тиімді пайдалану қажет. Адамдар жануарлар әлеміне де көп көңіл бөлуге тиіс. Табиғатсыз өмір жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатқа жасаған зиян- өзімізге жасаған қастандық. Мысалы, 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты- саны азайып бара жатқан, аң құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып , арнайы кітапқа тіркеу. Бұл кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Оның қызыл және сары парақтары болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, ал, сары парағына азайып бара жатқан аң, құстар, өсімдіктер тіркеледі.
(185-сөз)
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
«Қоршаған ортаның ластануы»
Ерте заманнан бері дүниежүзіндегі барлық адамдар өзінің өмір сүруіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келеді. Адамдар қажетті заттарды керегінше алып қана қоймай, олардың табиғи ортасының өзгеруіне әсер етіп отыр. Соның бірі қоршаған табиғи ортаның ластануы. Адамзат өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның ластануы дегеніміз-ауаның, жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы. Олар адамдардың десаулығына,өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін.
Ауаның ластануы
Ауаны негізгі ластаушы көздер - автокөліктер. Жеңіл автокөліктер 1 км. Қашықтықтың өзіне төрт адамнан тұратын жанұяның бір жылдық оттегін пайдаланады. Екіншіден, зауыт-фабрикалардың түтіні, ауылдық үйлердің мұржаларының түтіні, орман өрттері т.б. Олар атмосферадағы су буларымен араласып, қышқыл жаңбырды түзіп, жерге жауын-шашын күйінде қайта түседі. Ондай жаңбырлар айналамыздағы егістік жерлерге, ормандарға, су жануарларына үлкен қауіп туғызып, олардың жойылуына әсер етеді.
Судың ластануы
Қазіргі уақытта табиғи сулардың құрғауы және ластану қаупі тұр. Адамзат толығымен құрлықтардың жербеті суларына көлдер мен өзендерге тәуелді. Суды пайдалану ылғи өсіп отыр, ең бір қаупі – оның қорының таусылуы. Орта Азия өзендерінің суын ысырапсыз пайдалану – Арал теңізінің жойылуына әкеп соқты. Қауіп кеткен теңіз түбіндегі тұздар жүздеген км-ге желмен таралып, топырақтың тұздануын тудырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |