Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы № 10 хаттама
2015 жылы телефон байланысы қызметтерін мемлекеттік сатып алу
Астана қ.
|
2015 жылғы « 10 » науырыз сағат 12:00
|
1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында, шеңберінде 2015 жылы телефон байланысы қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.
2. Тауарды сатып алуға бөлінген сомасы 7 142 857,14 (жеті миллион жүз қырық екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге он төрт тиын (ҚҚС-сыз).
3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 11-4/152 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2015 жылғы 20 ақпандағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы.
4. «Казахтелеком» АҚ-ның филиалы – «Корпоративтік сату дирекциясы» Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:
- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- заңды хаттың көшірмесінің бағалы қағаздардың «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінде бар болуы туралы 29 қаңтардағы 2015 жылы № 10008/314 ;
- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.
Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:
- ұсынылып отырған тауарларға берілетін бағалардың негіздемесі;
- тауарлардың техникалық ерекшелігі;
- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.
5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Казахтелеком» АҚ-ның филиалы – «Корпоративтік сату дирекциясы» Алматы қ., Панфилов көшесі 129, және мұндай шарттардың бағасы 7 142 857,14 (жеті миллион жүз қырық екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге он төрт тиын.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) 2015 жылы телефон байланысы қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Алматы қ., Панфилов көшесі, 129, мекен-жайы бойынша орналасқан«Казахтелеком» АҚ-ның филиалы – «Корпоративтік сату дирекциясы» сатып алынсын.
2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2015 жылғы « 18 » наурызға дейін «Казахтелеком» АҚ-ның филиалы – «Корпоративтік сату дирекциясы» мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.
3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
ҚР АШМ Жауапты хатшысы
|
А.Қ. Евниев
|
|
|
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары
|
Р. А. Тукишева
|
|
|
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы
|
А.Т. Амантаева
|
Достарыңызбен бөлісу: |