Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі № ­­­­­­­292 қаулысына Қосымша Алматы облысы Панфилов ауданының



Дата24.02.2016
өлшемі281.5 Kb.
#14033


Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі

­­­­­­­292 қаулысына



Қосымша

Алматы облысы

Панфилов ауданының

2015-2019 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық дамуының

Болжамы


Жаркент қаласы, 2015 ж

Алматы облысы Панфилов ауданының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Болжамының

құрылымы



п/п

Атауы




Кіріспе

1.

2010-2014 жылдардағы экономикалық даму үрдісі

2.

Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттары және басымдықтары

2.1

Дамудың сыртқы талаптары

2.2

Дамудың ішкі талаптары

3.

2015-2019 жылдардағы экономика дамуының нысаналы көрсеткіштері

3.1.

Бюджеттік саясаттың негізгі басымдықтары




Кірістер саясаты




Шығыстар саясаты

3.2.

Экономика салаларының дамуы

4.

Қосымша:




Панфилов ауданының 2015-2019 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы




Панфилов ауданының 2015-2019 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы


Кіріспе


Ауданның 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережелеріне және Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі №346 «Алматы облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму Болжамын мақұлдау туралы» және 2015 жылғы 10 наурыздағы №117 қаулыларына сәйкес әзірленген.

Әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы экономикалық көрсеткіштер болжамын, әлеуметтік көрсеткіштер, Алматы облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын және жергілікті бюджеттің үш жылға арналған болжамын қамтиды.

  1. 2010-2014 жылдардағы экономикалық даму үрдісі

Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және жалпы ұлттық жоспардың іс-шараларын басшылыққа ала отырып, аудан экономикасының нақты секторының өсу беталысы серпінді дамуы сақталуда.

2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 25,5 млрд.теңгені құрап, 2010 жылдың деңгейінен 1,7 есе (14,8млрд.теңге) артты.

Ауыл шаруашылығын реформалау кезеңінде аграрлық секторда айтарлықтай құрылымдық өзгерулер жүзеге асты.

Бүгінгі күні бұл салада 5,0 мыңнан аса субъект, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, ӨК, ӨКК және басқа да кәсіпорындар жұмыс жасайды, ауыл шаруашылығы өндірісімен 18,5 мың үй шаруашылықтары айналысады.

Негізгі дақыл – жүгерінің және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ұлғайып, асыл тұқымды мал және тұқым шаруашылықтарының саны сақталды.

Барлық жерді айналымға қосу нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу көлемі 43,0 мың гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын үдемелі технологияларды қолданумен өсіру алаңы – 21,0 мың гектарға, тамшылап суару – 165 гектарға жеткізілді.

Жыл сайын дәнді-дақылдардың түсімі артуда, 2010 жылғы деңгейден 24,1 пайызға артып, 2014 жылы 148,1 мың тонна құрады, оның ішінде жүгері 145,7 мың тонна құрады, егіннің орташа түсімі әр 1 гектардан 58,0 центнер.

Аудан тұрғындарын жыл бойы мерзім аралық көкөніспен қамту мақсатында жалпы көлемі 5,5 гектарда 40 жылыжайлар жұмыс істейді. 4 көкөніс сақтау, 5 картоп және 5 жеміс-жидек сақтау қоймалары бар. 2013 жылы 0,5 га жерде «КазГеоТерм» ЖШС 3 жылыжайды іске қосты.

Жеміс беретін жастағы 1280 бақтар мен 176 га жүзімдіктер, соның ішінде 46,5 алма бағы, оның ішінде «Апорт» бағдарламасы бойынша 25,5 га және 3 га жүзімдік жаңадан егілген. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін 6 – оригинатор тұқым шаруашылығы жұмыс жасайды.

Мал шаруашылығында өнім өндіру және ауыл шаруашылығы малдарының санында тұрақты өсім байқалады. 2014 жылы ірі қара саны -65,6 мың бас, қой мен ешкі – 275,5 мың бас, жылқы – 16,1 мың бас, құс -105,3 мың бас.

Ет өнімі 0,8 %- ке, сүт 1,9%-ке, жұмыртқа 7,8%-ке. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 112,7 млн.теңгеге 509 бас ірі қара мал сатып алынды.

Аудан өзін-өзі ет, сүт, көкөніс, картоппен қамтамасыз етеді. 15 асыл тұқымды мал субъектілері бар.

Өнеркәсіп өндірісінде 2010-2014 жылдары аралығында өсу байқалады.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2,2 есеге артты (2010 жылғы 3,2 млрд.теңгеден 2014 жылы 7,3млрд.теңгеге дейін өсті).



Кесте 1

Панфилов ауданы бойынша

өнеркәсіп өнімінің көлемі

Салалар

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж

2014ж

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. тг

3240,9

6566

7123,2

6645,2

7274,4

Өткен жылға қарағанда өсу деңгейі, %-бен

122,0

202,6

108,5

102,2

109,5

Өткен жылға НКИ, %-бен

109,0

133,8

100,2

96,3

111,7

Тау-кен өнеркәсібі, млрд. теңге

104,6

449,8

209,5

157,8

174,6

Өткен жылға қарағанда НКИ, %-бен

141,1

2,3р

59,6

83,1

2,6 есе

Өңдеу өнеркәсібі

2350,2

5076,3

5624,2

5009,9

5434,9

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнімінің үлесі, %

72,5

77,3

78,9

78,0

74,7

Өткен жылға қарағанда НКИ, %-бен

108,2

133,3

100,9

94,4

110,0

Электрмен қамту, газ, бу жеткізу және әуе конденсациялау, млрд. теңге

670,6

898,4

1110,8

1227,2

1431,3

Өткен жылға қарағанда НКИ, %-бен

112,0

141,7

118,5

103,1

102,6

Сумен қамту, канализация жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау, млрд. теңге

115,5

141,6

178,7

250,3

233,6

Өткен жылға қарағанда НКИ, %-бен

121,5

151,7

109,6

90,1

93,3


2014 жылы өнеркәсіпті дамытуға өз қаржысы есебінен 1538,2 млн.теңге тартылды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 249,9 млн.теңге. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 7,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі-111,7% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі ауданның жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 74,7% құрайды. Бұл бағытта «Жаркент крахмал-сірне» ЖШС-і 2013 жылы жаңа зауыт құрылысын салуды бітіріп, іске қосты. Оның жалпы құны–2 млрд.теңге, қуаттылығы жылына 50-60 мың тонна жүгері өңдеу. 2014 жылы өнеркәсіпті дамыту бағдарламасына сәйкес 15 жаңа жұмыс орны құрылды.

2010-2014 жылдары негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бірнеше есе өсті. 2010 жылы тартылған инвестиция көлемі 14,0 млрд.теңге, 2014 жылы 30,2 млрд.теңге, 5 жылда барлық тартылған инвестиция 141,3 млдр.теңге болды.



Экономиканың салалары бойынша негізгі

капиталға тартылған инвестиция

2010-2014жж., (млн.теңге)

Кесте 2


 

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Инвестициялардың

жалпы көлемі (қосымша есептегенде қоса алғанда)

14005,8

15078,9

53851,1

28177,9

30183,5

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

18,0

97,5

1018,6

483,8

167,7

Балық аулау және балық шаруашылығы

-

-

-

-

-

Тау-кен өнеркәсібі

0,04

-

168,1

101,5

199,5

Өңдеу өнеркәсібі

118,9

240,4

1346,5

407,1

247,6

Электрмен қамту, газ, бу беру және әуе конденсациялау, сумен қамту және канализация

1959,9

1561,0

2020,1

1084,6

497,0

Сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау

444,3

3642,0

5096,1

1292,0

2411,3

Құрылыс

1,6

92,7

201,8

204,2

61,8

Сауда: автокөлік, тұрмыстық бұйымдарды және жеке қолдану заттарын жөндеу

52,4

21,6

67,3

557,1

262,5

тұру және тамақтану қызмттері

-

110,0

45,2

263,1

784,3

Көлік және қоймалар

6186,6

3595,9

28376,3

18768,2

20709,4

ақпарат және байланыс

146,0

740,9

33,9

77,3

187,5

Қаржы қызметі

4,2

29,9

5,6

4,6

-

Жылжымайтын мүлікпен, жалға беру және тұтынушыларға көрсетілетін қызметпен әрекеттер

1776,7

1851,6

2312,8

2850,5

1674,6

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету аясындағы қызмет




1069,6

1089,2

160,8

72,2

Мемлекеттік қызмет

887,2




85,0

271,9

85,0

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер

70,9

21,5

0,4

8,2

-

Білім

607,4

542,2

940,1

351,9

902,1

Денсаулық сақтау, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

250,5

386,8

204,5

488,9

904,5

Өнер, көңіл көтеру және демалыс

7,5

2,2

150,8

174,1

193,7

Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер көрсету

-

0,3

8,7

97,8

97,8

Қаржыландыру көздері бойынша: 2014 жылы республикалық бюджет есебінен инвестиция көлемі 1614,1 млн.теңге немесе 5,3%, жергілікті бюджеттен 3099,5 млн.теңге немесе 10,2%, кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылары 6041,4 млн.теңге немесе 20,0%, несие және шетел қаржылары 19,4 млрд.теңге немесе 64,5%. 2014 жылы барлық қаржыландыру көздерінен тартылған инвестиция көлемі 30,2 млрд.теңгені құрап, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат 84,5% құрады.

2010-2014 жылдары аралығында құрылыс саласы қарқынды түрде дамыды. тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі артты. 2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 11,2 млрд.теңге құрады, 14,2 мың шаршы метр тұрғын үй жеке меншік есебінен, жалпы алаңы 700 шаршы метр құрайтын 10 жалдамалы тұрғын үй бюджет қаражаты есебінен пайдалануға берілді. «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілмеді.

Ауданда екі құрылыс кәсіпорыны ИСО-9001-2000 халықаралық сапа жүйесі сертификатын алған.

«Ақбұлақ» бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру барысында, 2011-2014 жылдары 9 елді мекенде сумен қамту жүйелерінің құрылысын салу және қалпына келтіру жұмыстары жасалды, оған тартылған қаржы 1791,2 млн.теңге. 42 елді мекеннің 37 елді-мекені орталықтандырылған сумен қамтылды немесе 88,1%. 2014 жылы 2 ауылдың сумен қамту жүйесін салуға және қалпына келтіруге 278,7 млн.теңгеге жұмыс жүргізілді.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға салық заңнамасындағы кәсіпкерлерге салық жүктемесін азайтуға бағытталған өзгерістер оң әсерін тигізді.

2010-2014 жылдары шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3,8%-ға, оларда жұмыс істейтіндер саны 3,7%-ға және сәйкесінше 7717 бірлік және 21447 адамды құрады. Өндірілген өнім, жұмыс және қызмет көлемі 2010 жылдан 3,6 есеге, бюджетке төлемдер 2,2 есеге артып, сәйкесінше 30,9 млрд.теңге және 384,5 млн.теңге болды.

2014 жылы 27 сауда және қызмет көрсету нысандары іске қосылып, оларда 157 жаңа жұмыс орны ашылды.

Тауар айналымының көлемі толығымен (100,0%) экономиканың мемлекеттік емес секторының үлесінде.

2010-2014 жылдары тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтанудың айналымынсыз) 1,6 есеге артып, 7,7 млрд.теңге құрады.

Ауданда көлік қызметін 3 кәсіпорын және 214 жеке кәсіпкерлер көрсетеді. Ауданның барлық елді-мекендері маршрут жүйесімен қамтылған.

Көлік саласында барлық көлік түрімен жүк тасымалдау және жолаушылар тасымалдау көлемі артты. 2014 жылы 11149 мың тонна жүк, 11987 мың адам тасымалданды. Ол 2010 жылға қарағанда133,8% және 131,5%, сәйкесінше жүк тасымалдау және жолаушы тасымалдау 164,1% және 148,1% құрайды.

Кесте 3

Көлік бойынша негізгі көрсеткіштер



Көрсеткіштер

Өлшем бірлік

2010ж

2014ж.

2014ж 2010 ж-ға %-бен

2015ж жоспар

2015ж

2010ж-ға %-бен

Жүк тасымалдау

Мың тонна

8334

11149

133,8

11371

136,4

Жүк тасымалдау айналымы

Мың т.шм.

298486

489844

164,1

499641

167,4

Жолаушы тасымалдау

Мың адам

9112

11987

131,5

12500

137,2

Жолаушы тасымалдау айналымы

Мың жол.шм

184742

273614

148,1

279086

151,0

2014 жылы жергілікті маңызды автомобиль жолдарын ұстау және жөндеуге 628,2 млн.теңге қаржы жұмсалды. Үшарал-Сарпылдақ автожолдары, Айдарлы ауылына кіре беріс жолы жөнделіп, Көктал-Жаркент-Арасан және басқа да жолдар күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Жаркент қаласының, Көктал, Үшарал, Пенжім ауылдарындағы жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 13 ауылды елді мекендегі көшелер ағымдағы жөндеуден өтеді.

Ауданның білім саласының бюджеті 2010 жылы 2млрд.929млн.теңге құраса, 2014 жылы 5 млрд.535 млн.теңгеге жетіп, 1,9 есеге өсті. Осы жылдары 6 жаңа мектеп салынып, 12 мектептің ғимараты, шатыры мен жылыту жүйесі күрделі жөндеуден өткізілді. 7 бала бақша ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 5-уі ауылдық елді мекенде орналасқан. «Балапан» бағдарламасы аясында 13 бала бақша ашылып, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемесімен қамту 55,6 пайызға жетті.

Барлық мектептер Интернет жүйесіне, 18 мектеп дистанциялық оқыту арнасына қосылды, 38 интерактивті тақта орнатылды, 21 мектеп лингафон кабинетімен жабдықталған, компьютермен жабдықтау жағдайы жақсарып, 1 компьютерге 10,9 оқушыдан айналды.

Денсаулық сақтау саласында 49 мемлекеттік мекеме бар, оларда 184 дәрігер және 824 орта буынды медициналық мамандар жұмыс істейді. Медициналық құралдармен жабдықтау жақсарды, барлық дәрігерлік амбулаториялар санитарлық автокөлікпен қамтылған. Жеке меншік және басқа да санаттағы дәрігерлерді қоса алғанда 10 мың адамға шаққанда дәрігермен қамту - 16,7, орта буынды мамандармен қамту - 66,8, төсекпен қамту -31,2 құрады.

2014 жылы аудандық орталық ауруханасына 300 қабылдауға арналған қосымша балаларға кеңес беру ғимаратының құрылысын салу аяқталды, Үлкеншыған ауылында дәрігерлік амбулатория салынды, Лесновка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Халықты әлеуметтік қолдау саласында. Кедейшілікті төмендету және тұрғындарды жұмыспен қамтуды жақсарту жұмысы тұрақты бақылауда тұрады. Жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыспен қамтылғандардың саны жыл сайын өсуде, жұмыссыздардың көпшілігі ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, кәсіптік даярлаудан өтеді.

2010-2014 жылдары ауданда экономикалық белсенді адамдар саны 13,4 мың адамға немесе 21,4%-ға өсті, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 13,9 мың адамға (23,5%) өсті.

Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 4,3 пайызға азайды (2010 жылы 6,0%), кедейшілік деңгейден төмен тұрғындардың саны едәуір азайды.

2014 жылы 859 жаңа жұмыс орны құрылды, 819 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, 60 жұмыссыз кәсіптік даярлықтан өтті, жұмыспен қамту бөлімі арқылы 1781 адам жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту деңгейі 91,9 пайыз құрады. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 47 адам жастар тәжірибесіне, 90 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 30 адам қайта даярлауға жолданып,43 адам өз істерін дамытуға несие алды.

Ауданда 56 мәдениет ошақтары жұмыс істейді, оның ішінде 28 клуб, 25 кітапхана, 3 музей: сурет галереясы, «Жаркент мешіті» сәулет сурет кешені, Даңқ музейі. 2010 жылдан бергі уақытта 5 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. 2014 жылы Жаркент қаласындағы аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұқаралық дене шынықтыру мен спортпен айналысуға жағдай жасау үшін 163 спорт нысандары жұмыс істейді, оның ішінде 146 мемлекеттік. Бір жасөспірім балалар спорттық мектебі жұмыс істейді, онда бір мың бала спортпен айналысады және 1 спорт клубында 350 спортшы шынығады.

Туризм саласында 22 туристік фирмалар жұмыс істейді. Ауданда туризм инфрақұрылымын 19 қонақ үй, 3 санаторий, 1 балалар сауықтыру лагері құрайды. 2014 жылы ауданға 30100 адам келіп, оларға 248,1 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, ол 2013 жылға қарағанда 138% пайызды құрады.


  1. Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамытудың

негізгі мақсаттары мен басымдықтары

Қытай Халық Республикасымен жақын орналасуы және базарлардағы арзан тауарлар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көп болуы әлі де кері ішкі факторлар болып қалып отыр. Сондықтан басымды салалары болып аграрлық сектор, экологиялық таза, бәсекеге қабілетті өнімдер өсіру, өнеркәсіп өнімдерінің түрлері мен сапасын кеңейту табылады.



2.2. Дамытудың ішкі талаптары

Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық саясаты Елбасының Қазақстан халқына 2014 жылдың 17 қантардағы «Қазақстан жолы -2050, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айқындалған шараларды жүзеге асыруға басымдық танытады.



Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – табыстылық пен тиімділік және халықтың өмір сүру сапасын арттыру қағидаларына негізделген, өндірістік, бәсекеге қабілетті экономика үшін негізін қалау.

Мақсатқа қол жеткізу үшін келесі басымдықтарына бағытталады:



Агроөнеркәсіп кешенінде екі негізгі мақсат қойылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты өсірудің негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ол үшін өсімдік шаруашылығында тамшылап суару, үдемелі технология енгізіліп, тұқым шаруашылығы жақсарады. Жылыжай шаруашылығы және жеміс-жидек сақтау қоймалары кеңейтіледі.

Жаңа инновациялық технологиялар қуаттарын және қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды іске қосу бойынша шаралар қабылданады.

Мал шаруашылығында негізгі міндет өнімділікті және асыл тұқым сапасын арттыру, мал басының барлық түрінің және құстың санын сақтау, бордақылау алаңдарын ұлғайту.

Аудан тұрғындарын өзіміз өндірген өніммен толық қамтамасыз етуге қол жеткізу.



Өнеркәсіпте 2 стратегиялық бағыт анықталды.

- индустриалды-инновациялық даму

-өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу.

Шағын және орта бизнесте стратегиялық бағыт – оның дамуына қолайлы жағдай жасау болады. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет көрсету салаларын максималды дамытуға және оларды белсенді болуға ықпал ететін мәселелерді шешу керек;

- кәсіпкерлік мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- шағын және орта кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау бойынша шаралар жүргізу және қажетті әдістемелік-кеңес көрсету.

Қызмет көрсетудің негізгі дамуына әсер ететін фактор туризмнің дамуы.

-туристік ағым көлемін көбейту, санаторлық-демалыс орындарының деңгейін әлемдік стандарттарға сәйкес көтеру.

Энергетика саласында ресурстар мен қуаттарды (қуат үнемдеу) тиімді пайдалану.

Құрылыс саласында стратегиялық бағыт – тұрғын үй салу құрылысын дамыту және тұрғындардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту.

Тұрғын үйдің қол жетімділігі алдағы уақытта жалға берілетін (коммуналдық) несиеге берілетін үйлердің есебінен және жеке меншік иелері есебінен үй салуға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дайындау қамтылады.



Көлік саласында стратегиялық бағыт көлік инфрақұрылымын дамыту, жергілікті маңызды автокөлік жолдарының жағдайын жақсарту.

Өңірді дамытудың негізгі талаптарының бірі – адами капиталды дамыту.

Денсаулық сақтау саласында стратегиялық бағыт - азаматтардың денсаулығын нығайту, дәрігерлік көмектің сапасын көтеру.

Білім саласында стратегиялық бағыт – сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі білімді дамыту, бұрын жабылған балалар бақшасын қайта қалпына келтіру және жаңа балалар бақшасын салу.



Әлеуметтік қорғау саласында – жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту және қайта оқыту арқылы тұрғындарды жұмыспен қамту, шағын несие беру арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру, жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті кеңейту.

Мәдениет және спорт саласында сапалы мәдениет қызметін көрсету, бұқаралық спортты және дене шынықтыру қимылдарын дамыту.

Бұл бағытта Мәдениет үйлерін және кітапханаларды қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі, ауылдық мәдениет және спорт мекемелерінің жүйесі ұлғайтылып, материалдық-техникалық базасы нығайтылады.



3. 2015-2019 жылдардағы экономика дамуының нысаналы көрсеткіштері

3.1. Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 26 маусымындағы №590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасына сәйкес, ортамерзімді кезеңде бюджеттік саясат мемлекеттік қаражаттардың теңгерімділігін және әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады.


Кірістер саясаты


Кірістер саясатының негізгі бағыттары мемлекеттік кірістер саясатының бағыттарымен тікелей байланысты.

Жергілікті бюджет кірістері Салық кодексінің экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуді көздейтін ережелерін ескере отырып, Панфилов ауданының ортамерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының мароэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы негізінде айқындалған.



Шығындар саясаты

Ортамерзімді кезеңде шығындар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақмерзімді және ортамерзімді басымдықтарына сәйкес, мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуге, әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларының сапасын жақсарту есебінен соңғы нәтижелерге бағдарланған бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыруға және пайдасыз шығындарды қысқартуға бағытталады.

Шығындар саясаты ағымдағы шығындар деңгейін экономиканың өсім қарқынынан аспайтын шекте ұстау қағидасына сай келетін болады.


3.2. Экономика салаларының дамуы
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2019 жылы 32,6 млрд.теңгені құрайды, орташа жылдық өсім – 4,0%. Егістік алқаптарының көлемі 43 мың гектар сақталады, үдемелі технологияны пайдалану 23,5 мың гектарға қолданылады, тамшылап суару 330 гектарға жетеді, тұқым шаруашылықтарының саны сақталады. Дәнді дақылдарды өндіру 152,3 мың тоннаға жетіп, 4,3 мың тоннаға немесе 2,9 %-ға өседі. Ет өндіру 18,0 мың тонна, сүт 41,5 мың тонна, жұмыртқа 10500 мың тал, жүн 807 тонна болып, сәйкесінше өсім – 6,6%, 0,6%, 2,3%, 0,6% құрайды. Ірі қара етінің әлеуетін арттыру бағдарламасына сәйкес бордақылау алаңдарын құру 600 басқа және 820 бас ірі қара ұстайтын шаруа қожалықтарын құру жоспарланды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,1 млрд.теңге құрап, 11,3% - ға артады. Жаңа өндіріс орындары ашылып, оларда тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.

2015-2019 жылдары жүк айналымының және жолаушы айналымының орташа жылдық көлемі 3,0%-ға артады.

Экономикалық белсенді тұрғындардың саны өседі, жұмыссыздардың саны 235 адамға қысқарады, соның есебінен жұмыссыздық деңгейі 4,0%-дан жоғары болмайды.

Медициналық көмектердің сапасы жақсарады, нәтижесінде әлеуметтік-маңызды аурулар азаяды.

Балалар бақшасының саны 31-ге дейін көбейеді, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту 81,0%-ға жетеді.

Мәдени – сауық орындар саны 5-ке өседі, алдағы уақытта туризм инфрақұрылымы дамиды.

Экономиканың тұрақты өсіру саясатын жүргізу халықтың өмір сүру деңгейін, әлеуметтік стандарттар мен сапаны көтеруге қол жеткізудің басымдығы болып табылады.

2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің Болжамы қосымшада көрсетілген.

2015-2019 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық

даму көрсеткіштерінің тізімі



1-қосымша
Панфилов ауданының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы

1.Бес жылғы мерзімге арналған

Рет саны

Көрсеткіштер атауы

нақты

2014 жыл

болжам

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл




















Нақты сектор көрсеткіштері

1

Өткен жылға қарағанда ауыл шаруашылық өнімінің көлемі %-бен, (НКИ)

100,4

103,5

104,0

104,5

105,0

105,5

2

Дәнді дақылдардың жалпы түсімі, тонна

148058

151278

151543

151808

152072

152338




оның ішінде бидай, тонна

1088

1094

1099

1104

1109

1114




жүгері,тонна

145703

148914

149168

149423

149676

149931

3

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, өткен жылға %-бен, (НКИ)

111,7

107,7

108,0

108,5

109,0

109,5




Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу өндірісінің көлемі, өткен жылға %-бен, (НКИ)

2,6 есе

102,0

102,1

102,9

103,2

103,5




Өткен жылға қарағанда электр қуатын, газ және су өндірісі және бөлу, әуе тазарту %, (НКИ)

102,6

106,0

106,5

107,0

107,5

108,0

4

Өткен жылға қарағанда құрылыс жұмыстарының көлемі, %-бен

41,6

107,0

93,4

109,9

110,2

109,9

5

Өткен жылға қарағанда негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция %-бен, (НКИ)

103,0

105,0

106,0

108,0

110,0

112,5

6

Өткен жылға қарағанда бөлшек сауда айналымы

%-бен, (НКИ)



96,8

101,4

102,5

103,7

104,8

105,8

Әлеуметтік сала көрсеткіштері

7

Экономикалық белсенді халықтың саны, мың адам

76,4

76,7

77,0

77,3

77,5

77,6

8

Жұмыспен қамтылғандардың саны, мың адам

73,1

73,5

73,9

74,2

74,5

74,9




оның ішінде жалдамалы жұмысшылар, адам

38,0

40,3

42,6

44,8

47,0

49,2




өз ісімен шұғылданушылар, мың адам

35,1

33,2

31,3

29,4

27,5

25,6

9

Жұмыссыздар саны, адам

3300

3200

3100

3092

3065

3011

10

Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халықтын санына,%-бен

4,3

4,2

4,0

4,0

4,0

4,0

11

Күн көріс деңгейі, теңге

19290

20640

22085

23630

25285

27055

2-қосымша


2015 – 2017 жылдарға арналған бюджет көрсеткіштерінің болжамы

2.Үш жыл мерзімге

мың теңге

Көрсеткіштер атауы

2014 жыл нақты

Болжам

2015 ж

2016 ж

2017 ж

Кірістер (Түсімдер)

9858566

8248100

8007900

7825600

Салықтық түсімдер

1576724

1477273

1612798

1654765

Нысаналы ағымдағы трансферттер

4711469

4655789

2299288

2731809

РБ несиелері

30456

41622

38178

37439

Бюджеттік несиелерді өтеу

7537

8977

8977

9723

Облыстық бюджеттен субвенциялар

3532381

3709895

3381128

3417202

Шығыстар

9768573

10067322

7340369

7850938

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

426921

384402

367878

376621

Қорғаныс

115311

53372

3608

3860

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

5751

18900

5564

5953

Білім беру

5535045

6049756

5145513

5605940

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

290320

399268

338171

350199

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

2655463

2272351

959098

979834

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

366765

191010

163105

165663

Ауыл шаруашылығы

169894

187702

193058

196818

Өнеркәсіп,сәулет және қалақұрылысы

18238

18302

17544

18037

Көлік және коммуникация

64501

333353

11508

12050

Басқалары

78374

89549

88167

88801

Нысаналы трансферттерді қайтару

4428

18758







Бюджеттік несиелер

30456

41622

38178

37439

Қарызды өтеу

7107

8977

8977

9723




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет