Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №25 хаттама



Дата13.06.2016
өлшемі52.24 Kb.
#133300
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 25 хаттама
2015 жылы («Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бағдарламалық қамтылымын түрлендіру және сыртқы ақпараттық жүйелермен ықпалдасу бойынша қызметтері) бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алу


Астана қ.


2015 жылғы «21» қыркүйек сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық техникалық қамтамасыз ету» шеңберінде 2015 жылы («Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бағдарламалық қамтылымын түрлендіру және сыртқы ақпараттық жүйелермен ықпалдасу бойынша қызметтері) бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 47 868 482,14 (қырық жеті миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың төрт жүз сексен екі) теңге он төрт тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 11-4/792 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, конкурсқа қатысуға бір ғана әлеуетті жабдықтаушы жіберліді.

4. «Казагромаркетинг» АҚ Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- 2015 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша акционерлер реестрінің түп нұсқасы;

- «Евразийский банк» АҚ Астана қаласы бойынша №5 филиалдың басқарма филиалдың директоры М. С. Муканованың және филиалдың бас бухгалтері Т.В. Нестеровичтың қолдары қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Евразийский банк» АҚ Астана қаласы бойынша №5 филиалыдың 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 05-006/10174 анықтамасының түпнұсқасы;



- «ForteBank» АҚ Астана қаласы бойынша филиалдың жетекші банкир корпоративтік бағыттары қызмет көрсету корпоративтық топ және банкинг premier А. Е. Аристанбекованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «ForteBank» АҚ Астана қаласы бойынша филиалдың 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 11-4/396 анықтамасының түпнұсқасы;

- «Банк Центр Кредит» АҚ Астана қаласы бойынша филиалдың ЦФО №6 Басшысы С.М. Ильясованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Банк Центр Кредит» АҚ Астана қаласы бойынша филиалыдың 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 150/03-8-2-2483 анықтамасының түпнұсқасы;

- «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы бойынша банкінің операциялық бөлімнің бастығының орынбасарының О. Симның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы бойынша банкінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 92260127 анықтамасының түпнұсқасы;

- «Capital Bank Kazakhstan» Астана қаласы Директор филиалының м.а. бойынша Д.Ж. Аусенованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 756/15 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 3 қыркүйектегі жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-мен берілген 2015 жылғы 4 қыркүйектегі анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Казагромаркетинг» АҚ, Астана қ., Ақбұлақ ш.а. Дарабоз көшесі 25 үй және мұндай шарттардың бағасы 43 137 767,85 (қырық үш миллион жүз отыз жеті мың жеті жүз алпыс жеті) теңге сексен бес тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 11-4/792 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сарапшы тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы («Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бағдарламалық қамтылымын түрлендіру және сыртқы ақпараттық жүйелермен ықпалдасу бойынша қызметтері) бағдарламалық-ақпараттық кешенге әкімгерлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Ақбұлақ ш.а. Дарабоз көшесі 25 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан «Казагромаркетинг» АҚ -нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаменті 2015 жылғы « 28 » қыркүйектегі дейін «Казагромаркетинг» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшы

А. Евниев








Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры


Б.Аймбетов

Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасарының


Р.Түкішева

Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы


А. Амантаева


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет