Бір мақсатты көздеген, бір аяқталған қылмысты құрайтын
қылмыстық әрекеттер бөліп саралауға жатпайды
(істен үзінді)
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 10 мамырдағы үкімімен К. Исмайлов бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж,з» тармақтарымен, мүлкін тәркілеп, 12 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 179-бабы 2-бөлігінің «а» тармағымен, мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің негізінде тағайындаған жазаларды ішінара қосу жолымен ақтық мүлкін тәркілеп, 14 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Б.Әділбеков бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж,з» тармақтарымен, мүлкін тәркілеп, 14 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен, мүлкін тәркілеп, 6 жыл-ға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің негізінде тағайындаған жазаларды ішінара қосу жолымен ақтық мүлкін тәркілеп, 15 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Б. Әділбеков жөнінде іс ҚІЖК-нің 404-бабының 2-бөлігіне сай қаралып отыр.
СотүкіміменБ.Әділбеков пенК. Исмайлов жәбірленуші В.Башиевтің ақшасын тартып алмақ болып алдын-ала келісіп, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында шабуыл жасап, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетіп қарақшылық жасаған. Және адамдар тобы болып бірігіп, пайда табу мақсатымен В.Башиевті жабылып ұрып-соғып, басынан теуіп, ауыр дене жарақаттарын салып қасақана өлтіргендері үшін айыпты деп танылған.
Сотталған Исмайлов аппеляциялық шағымында жасаған қылмысын мойындап, қылмыстық оқиғаның қалай бол-ғанын, әркімнің не істегенін толық баяндап, жәбірленушінің қырылдап жат-қанын естіп мастықтың салдарынан ешкімге хабарламағандарын, жасаған қылмыстарына қатты өкінетіндігін айтып, жазасын жеңілдететін мән-жайларға тоқталып, жазасын жеңілдетуді сұраған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясының іс бойынша баяндамасын, прокурордың сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды, сотталғанның апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған пікірін тыңдап, іс құжаттарымен танысып, сот алқасы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының үкімі төмендегі негіздерде өзгертуге жатады деп тапты.
Қылмыстық іс бойынша сотталғандардың айыбы толық дәлелденген.
Сотталғандардың қылмыстық оқиғаның қалай болғанын көрсеткен жауаптары сотта сұралған куә Қ. Ибадуллаевтың жауабымен толық қуатталған.
Сотталғандардың қылмысты қалай істегендері жөніндегі жауаптары оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен толық бекітіледі.
Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен В.Башиевтің өліміне жабық түрдегі бас сүйек, ми жарақаттары, миға қан құйылуы, бас, ми бөліктерінің қабынуы себеп болғаны анықталған.
Сонымен қатар, сотталғандардың қылмыстық әрекеттері іс бойынша жиналған басқа өзара үйлесетін дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелін тапқан.
Сот-психиатриялық сараптамалардың қорытындыларына сәйкес, сотталған Б.Әділбеков пен К.Исмайловтың ақыл-естері дұрыс, ешқашан жүйке ауруымен ауырмағаны, олар қылмыс жасаған кезде өз іс-әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғаны, қылмыс жасаған кезде мас халде болғанымен маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу шараларына мұқтаж емес екені анықталған.
Бірінші сатыдағы соттың Б.Әділбеков пен К.Исмайловтың қылмыстық әрекеттерін екі баппен, яғни Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж,з» тармақтарымен және ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігінің «а» тармағының жиынтығымен дәрежелегені дұрыс емес. Сот алқасы сотталғандар-ға ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігінің «а» тармағындағы айып артық тағылғандықтан шығарып тастауға жатады деп табады. Олардың адам өлтіру әрекеті, пайда табу мақсаты және қарақшылық әрекеттері өзара өте тығыз байланыста болған, яғни бәрі бір мезгілде жасалып, аяқталған қылмысты құрайды, сондықтан әрқайсысын жеке бөліп саралауға жатпайды, себебі, сотталғандардың қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж,з» тармақтарымен толық қамтылады.
Сот алқасы сотталғандардың жасаған қылмысының ауырлығын, қоғамға қауіптілігін, сот үкімінде көрсетілген жеке бастарының деректерін, олардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды толық ескеріп, Б.Әділбеков пен К.Исмайловтың жазаларын бірінші сатыдағы сот тағайындаған көлемде ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «ж,з»-тармағын қалдырғанды жөн деп табады.
Айтылғандар негізінде және Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 411-бабының 3-тармағын және 423-бабын басшылыққа ала отырып, Жоғарғы Сот алқасы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Б.Әділбеков, К.Исмайлов жөніндегі үкімін өзгертіп, ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен тағылған айыбын және ҚК-нің 58-бабының 4- бөлігін қолданған бөлігін үкімнен шығарып тастады, Б. Әділбековті ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж,з» тармағымен соттап, мүлкін тәркілеп, 14 жыл-ға бас бостандығынан айыруға, К. Исмайловты ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж,з» тармағымен соттап, 12 жылға бас бостандығынан айыруға, үкімнің өзге бөлігін өзгеріссіз қалдыруға, сотталған К. Исмайловтың апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандыруды қаулы етті.
Достарыңызбен бөлісу: |