«Обыр: сіз ол туралы не білесіз?»



Дата09.06.2016
өлшемі30.06 Kb.
#124839
«Обыр: сіз ол туралы не білесіз?»


Дүниежүзілік обырмен күрес күні Обырға қарсы халықаралық одақтың бастамасы бойынша және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдау көрсетуімен 2005 жылдан бастап жыл сайын 4 ақпанда атап өтіледі. Осы күнге орай 2014 жылы 3 ақпаннан бастап 12 ақпанға дейінгі аралықта обыр туралы аса зиянды дақпырттарды теріске шығару және обырға қатысты адасуларды түсіндіру мақсатында «Обыр: сіз ол туралы не білесіз?» деген ұранмен Республикалық аймақтарда обырдың алдын алу және оны ерте кезеңде анықтауға арналған он күндік өткізіледі.

Обыр- бұл жалпы 100 аурудың белгісі, ол ағзаның кез келген бөлігің бұза алады. Обырдың бірден бір белгісі ол аномальді клеткалардың тез түзілүі және де қатерлі ісіктің жасушалары маңайдағы органдарға шабуыл жасап, олардың қалыпты жұмысын бұзады сонымен қатар қатерлі ісіктің жасушалары дененің басқа бөліктері мен органдарына таралады ( бұл процесті местаза деп атайды).

Қатерлі ісік ауруларының пайда болуының негізгі себептеріне мынадай өмірлік және қоршаған ортаның факторлары әсер етеді, оларға шылым шегу, алкогольды қабылдау, дене белсенділігінің төменділігі, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, инфекциялық факторлар, ультракүлгін сәулелену, атмосферадағы ауаның бұзылуы.

Қазақстан Республикасының Статистика Агентігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы республикамызда қатерлі ісік ауыруына шалдыққандар көрсеткіші 100 мың.адамға шаққанда 190,6; қатерлі жаңа түзілістерден қайтыс болудың көрсеткіші 100 мың.адамға шаққанда 103,9.

Катонқарағай ауданының статистикалық мәліметтері бойынша онкологиялық аурулардың өсуі байқалады. 2013 жылы онкологиялық аурулармен жаңа тіркелгендердің саны 67 адам немесе 100 мың.адамға шаққанда 227 адамнан келеді. Қатерлі ісіктен қайтыс болудың көрсеткіші 45 адам немесе 100 адмға шаққанда 152,5 адам.

2012 жылмен салыстырсақ қатерлі ісік ауруымен тіркелгендер саны 59 адам немесе 100 мың.адамға шаққанда 200,7 адам. Қатерлі ісіктен қайтыс болудың көрсеткіші 40 адам немесе 100 мың.адамға шаққанда 138,4 адам. Қазақстанда кездесетін қатерлі ісіктің көп бөлігі ерте кезенде анықталуы мүмкін (сүт безінің обыры, тері обыры, асқазан обыры, тік ішек және айналмалы ішек обыры, жатыр мойнының обыры, еркектік бездің обыры, бауыр обыры ) егер де скринигтік программалардан уақытында тексеріліп отырса. Скринингтік тексерудің мақсаты – белгілері жоқ ауру түрлерін және халықтың нысаналы топтары арасында олардың даму қаупін ерте кезеңде белсенді түрде анықтау арқылы ең кең таралған аурулардың нәтижесіндегі өлім-жітім мен мүгедектік деңгейін төмендету.

Төменде көрсетілген белгілерді байқасаныз, дереу дәрігерге барып, тексерілуіңіз қажет :


  • Пигменттік дақтар немесе қал көлемі, түсі, формасы өзгергенде, олар қабыршақтанады, қышиды, жайсыздық сезімі пайда болады;

- Ерінде, ауыз қуысында, тілде, теріде қабыршақтардың, терінің тығыздануы, ісік пен жара пайда болуы;

- Тамақты жұтқанда немесе тамақ өнештен өткен кезде кедергіні сезіну;

- Ауру сипатының өзгеруі, немесе созылмалы гастрит кезінде асқазанның үнемі ауруы ;

- Себепсіз әлсіреу, тәбеттің болмауы;

- Асқазанның жайсыздығы, үнемі аурсыну, іш қату, іш өту, нәжісте, несепте қан байқалу, нәжіс қара майға ұқсас болады;

- Жөтел, қан аралас жөтел, кеудедегі ауру, дауыстың қарлығуы;

- Сүт бездерінің тығыздалуы, жара, емшек ұшының жарылуы;

- Әйелдерге етеккірге байланысты емес қан кету.

Обыр әлемдегі, әсіресе дамушы елдердегі өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Алайда салауатты өмір салтын ұстану, ауруды ерте кезеңде анықтау және обырды тудыратын В гепатит вирусы мен адамның папиллома вирусы секілді індеттерге қарсы иммундау арқылы обырдан қайтыс болудың 30%-дан аса жағдайын алдын алуға болады. Сондай-ақ, обырға шалдығудың 40%-ға дейінгі жағдайларын темекі түтіні секілді канцерогендерден аулақ жүру арқылы алдын алуға болады.
Есте сақтаныздар: обыр бүгінгі күні – кесілген үкім емес!

Ісікті ерте кезеңде анықтаған жағдайда сәтті емделіп шығу және толығымен сауығып кетуге болатыны дәлелденген. Алдын алу және халықты скринингті тексеруден тұрақты түрде өткізіп тұру – обырдан қорғанудың ең жақсы жолы.


ШЖҚКМК «Орталық аудандық аурухананың»



онколог дәрігері Қ. Сапаргалиева
СӨС қалыптастыру бөлімінің дәрігері

А. Яковлев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет