«Саусақ санау» ойыны:
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шүлдір шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр — қозыңа бар,
Сен тұр — жылқыңа бар,
Сен тұр — сиырыңа бар,
Сен тұр — түйеңе бар.
...Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап, Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар...
Мына жерде қытық бар...
«Тақия тастамақ» ойыны
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның - «Тақия тастамақ».
Шеңбер боп отыра қалыңдар,
Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.
Ақырын аспаймын, саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Біріңнің тұсыңа жеткенде,
Сездірмей тақия тастаймын.
Орныңа жеткенше жүгіріп,
Өзіңнен аламын соққыны.
Шығасың тақия тастауға,
Ойынды басынан бастауға.
Достарыңызбен бөлісу: |