Бірінші, аңға байланысты ойындар: мысалы



бет1/2
Дата05.06.2022
өлшемі23.06 Kb.
#458974
  1   2
балалардың ойын өлеңдері


Қазақ балалар байырғы ойындарының тарихи даму барысы тереңде жатыр. Қазақтың балалар жəне спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда, бізге жеткен ұлт балалар ойындарының біразы сону көне заманнан бастау алғандығы анық. Демек, қазақ даласында қалыптасқан алғашқы құрылыс халқымыздың ұлттық ойындарын да туғызған. «Бес тас», «асық», «садақ ату» сияқты ұлт ойындары шамамен қазақтың ру-тайпалық одақтық дəуіріне тура келетіндігі жайлы айтыла кеп, оны қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тəрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мəселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйспеншлігіне бөленген ер азаматтардың ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық, тездік, сергек шеберліктерін көрсеткендіктері айтылады. Балалардың тай, құнан, бəйгеге шауып, аттың құлағында ойнау, «асық ойнау», «жұмбақ айтыс», «аударыспақ», «күлкі ойны»,«ақ сүйек» т.б. сияқты өте ерте заманда пайда болған ойын түрі көп. Бұлардың шығу тегі халқымыздың көшпенді дəстүрлі шаруашылық харекеттерінен бастау алады. Сондықтанда ертеректердегі ойындарымыздың көбі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жəугершілікке негізделген.
Бірінші, аңға байланысты ойындар: мысалы, «Ақсерек, көксерек» ойыны, мұндағы «серек» сөзі аң-құсқа қаратылып сергек, сақ, секемшіл, иысшыл сияқты мағыналарда келеді. Бұл ойынға қатынаушылар аттасу, ат жасыру арқылы екі топқа бөлінеді. Ашық алаңда ұл-қыз аралас ойнай береді. Аралығы 50–60 м қашықтыққа екі топ қарама-қарсы қарап тұрады. Екі жақ «қолға түсетіндер» үшін арнайы шеңбер сызып қояды. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын жақтың басшысы:
Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек? — деп сұрайды. Ал, қарсы жақ:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Шауып алдым бəйтерек.
Сонау тұрған Айнабектің өзі керек, —
деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын атайды. Сонымен, аты аталған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарын созып, алақандарын жайып тұруға тиіс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі ұратын адам таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды, егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанын ұрмаса, ол ойыншының өзі «қолға түседі». Ойыншы өзін қуып жете алмайды-ау деген біреуді ұра сап, қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса, қуған ойыншы «қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойыншы «ұсталады». Сөйтіп, қай жақ көп «қолға түссе», сол жақ жеңіледі.
Екінші, малға байланысты ойындар: мысалы, «Соқыр теке» ойыны. Бұл ойында: Бұзау, Бота, Құлыншақ, Тоқты, Серке, Тай, Торпақ, Тана, Тайлақ, Құнан, Дөнен, Бесті бар, Малдың жасын айыра біл, естіп ал. Бұқа, Бура, Айғыр, Қошқар, Теке бар. Сүзегенсің, тентек Теке, жеке қал. Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ». Соқыр Теке қайдан бізді таппақ. Ойын тəртібі: ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын бастаушы қатар тұрғандардың қайсысын, жоғарыда көрсетілгендей, мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «тентек Теке» болды. Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Егер далада ойналса, шеңбер сызылып, ойынға қатынасушылар осы шеңберден шықпауы керек. Ойынды жүргізуші «тентек Текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда «тентек Теке» былай дейді:
Əй, қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе, сөзім жоқ.
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер!
Мұнан кейін «соқыр Текені» айнала қоршағандар:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын,
Ал, ұстап көр, батырым,
Міне, келе жатырмын! 
деген өлеңдерді бəрі бірге қосылып айтады.
Өлең айтылып болысымен, «Соқыр теке» шеңбер ішіндегілерді ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойыншылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. «Соқыр теке» ұстаған бала оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады.
Үшінші, түрлі заттармен ойналатын ойындар: мысалы: «Ақсүйек» ойны, бұл ойын — қазақ балаларының ежелгі ұлттық ойны. Айлы түнде ойнайды. Ойын бастаушы əуелі бір қу сүйекті (жылқының бақай сүйегі, ол болмаса қойдың жілігін) тауып келеді де. Оны ойынға қатынасушыларға көрсетіп, белгілеп алады (бақай сүйек пен жілік болмағанда, екі басын жұмырлап жонған екі тұтам келетін қолға толымды ағаштан жасап алуға да болады). Бұдан соң ойыншылар екі топқа бөлінеді. Екі топтың бірінің ойын бастаушысы ақсүйекті аулағырақ апарып, лақтырып келеді. Ойыншылар жапа-тармағай жүгіріп, ақсүйекті іздей жөнеледі. Оны қай топтың адамы тауып, белгіленген орынға бұрын алып келсе, сол топ жеңген болады. Жеңген топ сүйекті қайта лақтырады, ойын үстінде сүйекті бір-бірінен тартып əкетуіне болады. Сондықтан сүйекті тапқан адам басқаларға жеткізбей кетуге тырысады (сүйекті тауып алған адам алдымен «мен тауып алдым» деп қашады). Егер қарсы топтың ойыншылары қуып жетіп алса, ол сүйекті өз тобындағылардың біреуіне беріп жібереді. Ақсүйекті жүгіріп жүріп ойнайтын болғандықтан, ол денені шынықтырады. Баланы жүгіруге жаттықтырады. Шапшаңдыққа, батылдыққа тəрбиелейді. Көзді жаттықтырып, қараңғыда жол табуға, төңіректі дұрыс бағдарлай білуге үйретеді. Бұл ойын жасөспірімдер денесінің дұрыс қалыптасып, сымбатты болып өсуіне де пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет