Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар



Дата15.06.2016
өлшемі60.16 Kb.
#137177
Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша

2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2012 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 137 қатынас хат, аудан әкімінің 35 хаттамалық тапсырмалары, сондай-ақ Зайсан аудандық мәслихатының 4 шешімі, Зайсан ауданы әкімінің 3 өкімі және аудандық әкімдіктің 8 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 4 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ елді мекендерін көркейту, көгалдандыру, санитарлық жағдайын жақсарту және аудан бойынша жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды жер иелену құжаттарымен қамтамасыз ету туралы 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, ауылдық округ әкімінің бақылауына алынды.

Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 178 қатынас-хат жолданса, 78 өкім шығарылды.

Біржан ауылдық округ әкімінің аппаратының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы бекітілді.

Ауылдық округ әкімінің аппаратының штаттық құрамы кеңейіп, 2 ауылшаруашылығы қызметшілері – агроном және көркейту-көгалдандыру маманы жұмысқа қабылданды.

2012 жылдың 9 айлық қортындысында жеке және заңды тұлғалардан округ әкімінің аппаратына 31 өтініштер тіркелді, оның ішінде 2 өтініш жылжымайтын мүлікті құжаттандыруға қатысты болса, 29 өтініш жер және жер пайдалану туралы. Өтінім жасаушы тұлғаларға тиісті жауаптары берілді.

2012 жылы бүгінгі күнге дейін 17 аппараттық кеңестер өткізілді. Негізі - тазалық, қысқа дайындық, елді мекендердегі есептік кездесулердегі сын ескертпелердің, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы, көктемгі су тасқыны, егіс жұмыстары, дәстүрлі мерекелік шаралар және т.б. маңызды мәселелер қаралып, хаттамалары жүргiзiлді және рәсiмделді.

10 484 теңгенің 126 нотариаттық іс-әрекеттері атқарылды.

Ауылдық округте 2012 жылғы 27 қыркүйекте аудандық көшпелі әкімдік отырысы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы іс – шаралар жоспары жасалып, 2 ақпараттық насихаттау топтары құрылды және ауылдық округіне қарасты елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Округте халықтың күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасын тұрақты ұстау мақсатында 2 дүкен иесімен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі және 13 шаруа қожалықтары жетекшілері арасында құны 2 200 000 теңгені құрайтын екіжақты серіктестік меморандумдарына қол қойылып, есептік мерзімде 1 460 000 теңгенің демеушілік, қайырымдылық көмектері көрсетілді.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарының демеушілік көмегі аясында Біржан ауылындағы мәдени шаралар өтетін орын 110 000 теңгеге ыдыс-аяқтармен жабдықталды.
2. Демографиялық жағдайлар:
Округте 2012 жылғы 9 айлықтың қортындысына сай 327 үйде 2001 адам тұрады, 15 сәби дүниеге келсе, 5 адам қайтыс болды.

41 адам көшіп келіп, 55 адам тұрғылықты мекеннен қоныс аударды.



3. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша:

Ауылдық округі 2011 жылы 1785 га егістік алқабы игерсе, 2012 жылы егістік көлемі – 1835 га құрады, оның ішінде дәнді астықтың үлесі – 513 га.

Орылған 198 га бидайдың әрбір гектарынан 14,5 ц/га өнім алынып, жалпы 287 тонна бидай жиналса, 300 га арпадан 18 ц/га немесе 540 тн, 5 га сұлыдан 18 ц/га немесе 9 тн өнім, 10 га тарыдан 16 ц/га өнімділікпен 16 тн түсім, 95 га картоптан 146 ц/га түсіммен 1387 тн, 40 га көкөністен 161 ц/га өнімділікпен 645 тн және 10 га бақша дақылдарынан 195 ц/га түсіммен 195 тн егін өнімдері алынды.

Алдағы күндерде 690 га күнбағыс алқабы жиналуы тиіс.

2013 жылғы көктемгі егісіне қажетті астық тұқымын қамтамасыз ету мақсатында 36 тн бидай, 54 тн арпа, 1 тн сұлы және 1 тн тары дақылдары тұқым тексеру зертханасында тексерілуден өткізілуде.

2012 жылдың 9 айында округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының қортындысы бойынша: ірі-қара – 6175 бас, қой-ешкі – 8873 бас, жылқы – 1382 бас және құстар 2224 басты құрап, өткен 2011 жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 3,3 %-ға қой-ешкі 3,7 %-ға, жылқы 16,8 %-ға және құстар 49,3 %-ға өсті.

Мал шаруашылығы өнімдері бойынша 2012 жылғы 9 айлық қортындыға сай 386 тонна ет, 2876 тонна сүт, 137 000 дана жұмыртқа, 16 тонна жүн өндірілді.

Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар атқарылды. Ірі-қараны сібір жарасы, пастереллез, қарасанға, қой-ешкіні - сібір жарасы, қара сүйелге, ал жылқыларды сібір жарасы, САП - қа (маңқа) және үй құстарын жоғары зардапты құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары жүргізілді.

2012 жылғы 01 наурыздан бастап ауылдық округ бойынша малдарды емдеу, профилактикалық шараларды атқару мақсатында 2 аға мал дәрігері, 3 кіші мал дәрігері жұмысқа алынды.

4. Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек және 18-жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысын алған жанұялар туралы мәліметтер:

2012 жылғы 9 ай көлемінде:
5 жанұядағы – 22 адамға берілген атаулы көмек - 437 000 теңге,

31 жанұядағы - 96 балаға төленген жәрдемақы – 978 000 теңге.

Біржан ауыл округі бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді олар 16 мүгедектер мен қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
5. Салық төлемдері бойынша:
2012 жылғы 9 ай көлемінде бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері
- жеке тұлғалардың жер салығы 95 446 теңге

- мүлік салығы 43 188 теңге

- көлік салығы 258 936 теңге

- біржолғы алым 27 200 теңге


6. Елді мекендерді көркейту – көгалдандыру жұмыстары бойынша:
2012 жылы Біржан ауылдық округінде елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде екі айлық жариялау туралы ауылдық округ әкімінің 18.04.2012 жылғы №110 және 27.09.2012 жылғы №153 өкімдері қабылданып, штаб құрылды және іс-шаралар жасалды.

Округтегі Біржан ауылдық емханасы ғимаратының ауласына, саябағына, Аманкелді атындағы орта және А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектептерінің ауласы мен ботаникалық бақтарына, Біржан ауылындағы 19 Мамыр көшесіндегі «Аналар аллеясы», «Балалар бағы», «Ә.Дүйсежанов» атындағы саябақтарына, Біржан ауылындағы кіреберіс трасса бойына, Қуаныш ауылындағы саябаққа, сондай-ақ ауыл тұрғындары аулалары мен үйлерінің көше беткейіне көктемде 1780 түп ағаш көшеттері мен гүлзарлар отырғызды.

Күзгі мезгілде 900 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған болса, 600 түбі егілді. Жалпы отырғызылған өскінді саны – 2380 түп.

2012 жылы Біржан ауылының 19 Мамыр көшесі бойына округтегі Әйелдер Кеңесінің төрайымы Күлжауар Айтмұханбетованың ұйымдастыруымен көлемі – 1428 ш.метр «Аналар аллеясы» саябағы кәсіпкерлер Марат Досбаев пен Жанболат Бошаевтың демеушіліктерімен қоршалып, ағаштар мен гүлдер егілді. Саябақты қоршауға жұмсалған материалдардың жалпы құны – 150 мың теңге.


7. Спорт саласы бойынша:
2012 жылғы 8 наурыз «Халықаралық Әйелдер күні» және 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелеріне орай волейболдан ауыл біріншілігі, сондай-ақ арқан тарту, гир көтеру, стол теннисі және армреслингтен жарыстар өткізілді.

Ал 9 мамыр «Ұлы Жеңіске - 67 жыл» мерекесіне орай мини футболдан, волейболдан ауыларалық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстар жеңімпаздар ауылдық округ әкімі мен жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ақшалай, заттай сыйлықтармен марапатталды.

1-маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты «Спорт денсаулық кепілі» атты балалар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

Ауылдық округте 2012 жылғы 08 қыркүйекте «Мен, сен, ол, біз – салауатты елміз» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2012» акциясы өткізілді.

Мүгедектердің ХII – ші аудандық спартакиадасын өткізу бойынша округ мүгедектерінен құрылған спорттық команда 2012 жылғы 15 қыркүйекте Зайсан қаласында өткен жарыстарға қатысты.

8. Мәдени көпшілік жұмыстар:
Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді.

8 наурыз күні Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылында «Алтын анам», Біржан ауылында «Әке – асқар тау» атты мерекелік шаралар өткізілді. Ауылдық округ әкімінің және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілерінің тарапынан көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

1 Мамыр «Қазақстан халықтарының ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары мен қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар табыс етілді.



2012 жылғы 18 тамызда ауылдық округтің әкімі бастаған арнайы топ

« 18 тамыз – Шекарашылар күні» мерекесіне орай «Ақжон» заставасына барып, сарбаздарды құттықтады және 25 000 теңгенің сый-марапатын жасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет