Мерген ауылдық кітапханасы
Аудан орталығы – Чапаев селосының оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. Іргетасы 1963 жылы Куйбышев кеңшарының орталығы ретінде қаланды. Мерген ауыл округіне қарасты Горячкино (Мойылды), Жолап ауылдары. Округке қарасты Орта, орталау және бастауыш мектептер бар, мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 модельді ауылдық кітапханасы, интернат, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік акушерлік пункт бар.
Мерген ауыл кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 2-ші қабатында 160 кв.м көлеміне орналасқан.
Мерген ауыл кітапханасы 1932 жылы «оқырман үйі» болып ашылды. Мұндай оқу үйлері ол кезде Ілбішін аудандық халық ағарту бөлімінің құрамында болды. Алайда, бүкіл елдегі көкейтестің мәселелердің бірі-сауатсыздық пен қүрес болды. Сол жылдары оқырман үйінің жанынан сауат ашу мектебі жұмыс істеді. «Советская степь» сауат ашу мектебі ауыл колхозшыларына, орман қызметкерлеріне, сүт тартып май шығаратын, астық қабылдайтын кәсіпорын қызметкерлеріне, жетім балалар тәрбиелейтін балалар үйіне, жеті жылдық мектеп оқушыларына, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетті. Сол мезгілде оқырман үйінде газет-журналдар, үгіт-насихат кітапша басылымдары болды. Ол кездегі кітапханашылардың басты мақсаты–социалистік құрылысты дамыту және еңбекшілерді коммунистік рухта тәрбиелеу, елді сауаттандыру еді. Ұлы Отан соғысынан кейін оқырман үйінде Сутягин Константин Павлович киномеханик қызметін істей жүріп, оқырман үйінің меңгерушісі болған.
1948 жылдан Мерген ауыл кітапханасында Зрячкина Н.Я. қызмет атқарған. (мәдени ағарту жұмыстары бөлімінің №14 бұйрығы )
1954 жылы Мерген клубы жанындағы оқырман үйінде 500-ден астам кітаптар, негізгі басылымдардан қоғамдық-саяси, экономикаға және өз бетімен білім алуға арналған оқулықтар болған. Куйбышев атындағы колхоздың механизаторларына, малшыларына, егіс басындағы қостарға қызыл бұрыштар ұйымдастырып «Молния», «Экран соревнования», «Сегодня впереди», «Құрмет тақтасы», «Астық үшін» деген қабырға газеттер мен үнпарақтары шығарылып, саяси-ағарту үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.
1954 жылдан бастап Мерген клубы жанындағы оқырман үйінде Сапаров Байзолла қызмет істеді. Ол кезде кітапхана мәдениет бөлімінің қарауында болды. Кітапханашы егін және қос бастарына барып қызыл бұрыштар ұйымдастырып, социалистік жарыстардың үн қағаздарын шығарып, егіншілерге, малшылар мен қойшыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сапаров Байзолла үгіт-насихат жұмысын жоғары дәрежеде жүргізгені үшін Бүкілодақтық профсоюздың «Құрмет грамотасымен»марапатталды, облыстық және аудандық грамоталардың иегері.
1971 жылы 7 қыркүйек айынан (Бұйрық 52 пр.4) Сердюкова Нина /Ларшина/ Семейдегі Абай атындағы кітапхана техникумын бітіріп жолдамамен Мерген ауылдық кітапханасында алғашқы жұмысын бастап істеді. Кітапхана ашылғанда кітап қоры 1200 данадан 2915 данаға дейінгі әдебиеттермен толықты.
1973 жылдан бастап кітапханада Портнова Люба /Бородкина/ қызмет істеді. Сол жылдарда кітапхана жаңадан салынған кітапхана үйіне көшті.
Кітапханада кітап қоры 5000 дана, 320 оқырман болған. Куйбышев атындағы совхоздың партия, комсомол, кәсіподақ ұйымдарымен, орта мектеппен,клубпен біріге отырып саяси ағарту және көпшілік мәдени шара жұмыстарын жүргізіп отырды.
1976 жылдың қазанынан бастап ауыл кітапханасында Қаратаева Зоя Асылбекқызы қызмет істеді. Кітап қоры 7600 дана,460 оқырман болды
1978 жылдың сәуір айына дейін кітапхана Мерген ауылдық кеңесіне қарады. сәуір айыннан бастап аудан ішінде кітапханалардың жұмысын жүйелеу, кітапхана саласының жандануы кітапханашыларға жаңа бағыт бағдар берді. Осы бағытта Мерген ауыл кітапханасы Чапаев орталықтандырған кітапхана жүйесіне еңгізілді.
1979 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Сұлтанғалиев Таукен Ташенұлы кітапханашы болып қызмет істеді.
1981 жылдан бастап Мерген ауылдық кітапханасы «Үздік кітапхана» атағын жеңіп алдып, аудан көлемінде «Озат тәжірибе» мектебі орталығына айналды.
Кітапхана базасында аудандағы кітапхана қызметкерлері үшін «Кітапхана-ақпарат, білім, мәдениет ошағы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді, аудандық «Кітапханадағы библиографиялық ресурстар: мәселесімен негізгі даму бағыттары кеңесінде», «Библиография және өлкетану» тақырыбында, «Кітапханашы және оқырман; қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас негіздері» тақырыбындағы облыстық зерделі кеңесте өзіңнің іс-тәжірибесімен алмасты.
1979 жылы Мерген ауылдық кітапханасында кітап қоры 7600 данадан, 4500 дана кітап қорына дейін азайды. Себебі, кітапханадан тозығы жеткен, саяси мәні өзгерген заман талабына сәйкес келмейтін әдебиеттерден тазартылып қордан шығарылды.
1981 жылы Чапаев ауданы бойынша Мерген ауылдық кітапханасы «Үздік кітапхана» байқауының жеңімпазын жеңіп алды.
1981жылдың 30 қаңтарында Социалистік міндеттемені КПСС-тің ХХҮІ сьезі мен Қазақстан компартиясының ХҮ съезі шешімдерін орындаудағы жеткен жетістіктері үшін Куйбышев атындағы совхозындағы Мерген ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сұлтанғалиев Тәукен «Құрметграмотасымен» марапатталды.
«1981 Почетная гармота Мергеневский филиал Чапаевской ЦБС за активное участие в проведении культурно массовых меропрятии посвещенных 110 летию со дня рождения В.И.Ленина, 35 летию Победы, 60 летию КАЗ ССР и компартии Казахстана и за выполнение принятых социалистических обязательств за 1980 г.»
1982 жылдың тамызында Мерген ауылында «Ауыл кітапханалар кітапханалық-библиографиялық жіктеуге көшіру және алфавиттік, жүйелік каталогтармен жұмыс істеу» бағыттары бойынша Н.К.Крупская атындағы универсалды ғылыми облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық аймақтық семинар бес ауданның қатысуымен өтті.
«1983 февраль Почетная грамота. Мергеневский филиал Чапаевской ЦБС пос Мергенево за доступные успехи в библиотечном обслуживании трудщихся и высокие показатели в социалистическом соревнование в честь 60 летию образования СССР»
«Почетная грамота.1984 жылы Мергеневский филиал Чапаевской ЦБС за доступные творческие успехи и выполнении социалистических обязательста третого года ХІ пятилетки»
1985 жылы қазанында Мерген ауылдық кітапханасында «Жасөспірімдер мен мектеп оқушыларына патриоттық интернационалдық тәрбие беру»бағытында аудандық семинар өтті.
1986 жылы Мерген ауылдық кітапханасы Чапаев ауданы бойынша ,,Үздік кітапхана,, атағын жеңіп алды.
1986 жылы февраль айында Қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева Мерген ауылында болып, кітапхана оқырмандарымен кездесті. Сол кезде ақын журнал бетіндегі мақаласына өз қолтаңбасын қалдырды. «Куйбышев совхозы оқырмандарына бақыт тілеймін».
1987 жылы қазан айында Қазақстан Компартиясының және облыс аралық тексеру болды,соның қортындысы бойынша кітапхана жұмысына жоғары баға берілді.
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Чапаев аудандық партия комитетінің «Өз мамандығының озаты» атағы беріліп, «Алғыс хатымен» марапатталды.
1988 жылдың 4 ақпанда Мерген ауылдық кітапханасына КПСС Орталық бақылау және тексеру комиссиясы келіп,кітапхана жұмысын тексерді.
Тексеру қорытындысы бойынша кітапханаға жоғары баға берілді.
1989 жылы желтоқсанында «Кітапхананың еңбек коллективіне көмегі» /Орал облысы Чапаев орталықтанған кітапханалар жүйесі Мерген селолық кітапханасының іс-тәжірибесінен/ атты Қазақ ССР А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы әдістемелік кітапша шығарды.
1989 жылы 8 маусымда Мерген ауылдық кітапханасында «Агроөнеркәсіптік комплекстің мамандарына кітапханалық информациялық қызмет көрсету жұмыстарын жетілдіру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
1989 жылы Мерген ауыл кітапханасының меңгерушісі СұлтанғалиевТ.Т игілікті еңбегі өз нәтижесін беріп « КСРО-ның мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталды.
1990 жылы Мерген ауыл кітапханасы Мәдениет Министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
1991 жылдың 15 қаңтарынан бастап кітапхана ауыл кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету орталығы болуына байланысты екінші кітапханашы Қажығалиев Нұртай Сақтайұлы жұмыс істеді.
Нұртай Сақтайұлы аудандық «Дарын дала», «Үздік қосымша білім беру педагогы» байқауының жеңімпазы.
Аудандық «Тұғыры биік-Қазақстан» атты көрмеден живопись І орын, графика бойынша ІІ орын жүлдегері атанды.
Облыстық қосымша білім беру педагогикалық байқауында жүлделі екінші орынды иеленді
1991 жылдың шілді айында облыстық А.П.Гайдар атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдерге және мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде кітапхананың алатын орны»тақырыбымен облыстық семинар өтті.
1998 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының І кітапханашылар съезінің делегаты болып ауыл кітапъханашылар арасынан Мерген ауыл кітапханасының кітапханашысы Сұлтанғалиев Тәукен Тәшенұлы қатысып қайтты. (суретте)
2001 жылы Мерген ауыл кітапханасының меңгерушісі Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағымен марапатталды.
2001 жылы Мерген ауылдық кітапханасы жанынан «Саяжай» мүдделестер клубы жұмыс істей бастады. Жастарды өлкетану бағытына қызығушылығын оятып, туған өлке өсімдіктерін танып-білуге, бау-бақша, бөлме өсімдіктерін өсіре отырып еңбекқорлыққа, эстетикалық сүйіспеншілікке тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
2001 жылы «Саяжай» мүдделестер клубы Қазақстан Республикасы мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институтының директоры Дулат Исабековтың «Алғыс хатымен» марапатталды. 2003 жылы ауыл әкімі М.Иғазиев «Алғыс хатымен» «Саяжай» мүдделестер клубын марапаттады.
2001жылы қыркүйек айында Қазақ ақыны Қадыр Мырза Әли Мерген ауылында болып, кітапхананың оқырмандарымен кездесу кеші өтті. Ақын Қ.Мырза Әлі оқырмандарға өз қолтаңбасын «Ауылдың ағайындарымен Қадыр Мырза Әли» қалдырды.
003 жылы Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы құрастырған «Мамандығын мәртебелі еткендер» атты кітапшаға Мерген ауыл кітапханашысы Сұлтанғалиев Таукен Ташенұлы туралы жазылды. 1 басылым.
2004 жылдың 24 маусымында «Кітапхана - ақпарат, білім, мәдениет ошағы» тақырыбымен аудандық семинар өтті. Семинар барысында Сұлтаңғалиев Тәукеннің озық-тәжірибесі аудан кітапханашылар арасында дәріптеліп, «Озық тәжірибе баршаға» кітапшасы таратылды.
2004 жылы Сұлтанғалиев Тәукеннің аудан ішіндегі кітапхана саласындағы бұрыннан да еленіп, жұмысыны табыс тілей отырып, Ақжайық ауданы әкімі Ш.Өтемісовтың «Алғыс хатымен» марапаттады.
2004 жылы шілде айында Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Оразахынова Нұрила Мерген ауылдық кітапханасында болып оқырмандарға кітабын сыйлап, қолтаңбасын қалдырды. «Мерген ауылының бай да, мәдениетті кітапханасы мен осы кітапхананың, ауыл мәдениетінің шын жанашыры Таукен Ташенұлына биік шығармашылық табыс тілей отырып, осы еңбегімізді сыйға тартамыз».
2004 жылы Мерген ауылдық кітапханасы құрастырған «Бізбен қызмет ету сіздің табысыңыздың кепілі», «Кітапхана: кеше, бүгін» атты әдістемелік құрал жарыққа шықты.
Аудан бойынша 2005 жылдың қорытындысымен «Жылдың ең үздік кітапханашысы» атағын алды.
2003-2005 ауыл жылдарына орай Республикалық көлемде ұйымдастырылған «Үздік ауылдық кітапхана, клуб, мәдениет үйі» атты байқауға қатысып, Мерген ауыл кітапханасы Республикадағы Экология номинациясы бойынша «Үздік ауыл кітапхана» атағына ие болды.
2005 жылдың қорытындысы бойынша көпшілік шара түрлеріне жаңа бағыт еңгізген, Елбасының Жолдауын насихаттауда белсенділігі, кәсіби деңгейінің жоғарлығы үшін аудан бойынша «Ең үздік кітапханашы» атағын иеленді.
2005 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткізген «Ауыл энциклопедиясы-Шағын Отан» байқауының бірінші кезеңіне қатысып ауыл тұрғындарының сырлы шежіресінен сыр шертер кітапша шығарды.
2006 жылы 9 тамызда «Саяжай» мүдделестер клубының мүшесі Сұлтанғалиева Жадыра Ибрагимқызы облыстық «Жас натуралистер» слетінде «Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері» тақырыбы бойынша қорғап 1 дәрежелі «Дипломымен» марапатталды.
2006 жылы 22 қарашада Мерген ауылдық кітапханасы «2006 жылға арналған бағыттар мен міндеттерді орындаудың нәтижесіне байланысты Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Г.Т.Жұмақаеваның «Алғыс хатымен», Ақжайық аудандық ОКЖ директоры Р.Мусағалиева, кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.Акутинаның Кітапханашылар күніне арналған «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2006 жылы Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы құрастырған «Батыс Қазақстан облысының кітапханалары» атты жинаққа Мерген ауылдық кітапханасы енді.
2007 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы А.Т.Батырханов пен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Г.Т.Жұмақаеваның «Алғыс хатымен» марапатталды.
Елбасының 2006 жылдың 30 наурызындағы жарлығымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2006-2008 жылға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасы аясында кітапхана қорының электронды мәліметтер базасын, Қазақстанның бірыңғай компьютерлік жүйесін жасау, кітапханааралық абонемент және құжаттарды электронды жеткізу шаралары республика көлемінде жоспарланып, осыған қоса, ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің 2006 жылдың 30 қараша айындағы №376 бұйрығында «2007-2009 жылдары ҚР кітапханаларын модернизациялау» бағдарламасын жүзеге асыруда 2007 жылы Мерген ауылдық кітапханасын модельдік кітапханаға айналдыру үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар кітапханаға жаңа технология жабдықтары компьютер, скайнер, модем, телевизор және жаңа дизайнмен жасалған кітапханалық жиһаздар берілді.
2
Зерделі кеңес аясында «Ер есімі-ел есінде»даңқ ескеркішіне гүл шоғын қою сәті.
007 жылдың 27 шілдеде Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Мерген ауылында «Кітапханаларды модернизациялау кітапхана ісіндегі жаңашылдықты дамыту»атты облыстық зерделі кеңес өтті.
Мерген модельді ауылдық кітапханасының ашылу сәті. (суретте)
Облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітахана директоры Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызы, соғыс және еңбек ардагері Катин Бақтыгерей, аудандық әкімнің орынбасары Жұматова Мензипа Дүйсенбайқызы, еңбек ардагері Пендебаева Майнұр Мұханбетқызы.
Лента қию сәті.
Зерделі кеңес аясында Мерген ауылдық кітапханасы облыс бойынша 2-ші модельді ауыл кітапханасы болып ашылып, «Модельді ауыл кітапханасы» статусы беріліп, төлқұжат тапсырылды.
2007жылдың 1шілдесінен модельді ауыл кітапханасы болуына сай екінші кітапханашы Ермұханова Ләззат Бауыржанқызы жұмысқа алынды.
«Ең үздік оқырман» ретінде танылған Қайсағалиев Аманғалидың «Өнер жолы үлгі болар жастарға»атты көрмеге кітапханашы
Ермуханова Л.Б шолу жасау үстінде.
2007жылы 27шілдеде Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы А.Т.Батырханов пен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Г.Т.Жұмақаеваның «Алғыс хатымен» Мерген ауыл кітапханашысы Т.Т.Сұлтанғалиев марапатталды.
2007 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Ақжайық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрастырған «Мамандығын мәртебелі еткен жан» /Озат тәжірибе баршаға/ «КСРО-ның мәдениет саласының үздігі», Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» Мерген ауылдық кітапханасының меңгерушісі Т.Сұлтанғалиевтің іс-тәжірибесінен атты облыстық кітапхана ісін дамыту бөлімі мен аудандық әдістемелік бөлімі ұйымдастыруымен әдістемелік құрал жарыққа шықты. /ІІІ басылым/
2007 жылы 26 қыркүйекте өткен аудандық «Бір ел-бір кітап»акциясы бойынша Абайдың «Қара сөздерін» оқуда,насихаттауда Аманғалиев Жәнібек Мұханбетжанұлы жүлделі ІІІ орын иеленді.
Мерген модельді ауылдық кітапханасы әлі де аудан бойынша әдістемелік орталық болып, кішігірім ауылдық кітапханаларға әдістемелік, анықтама-библиографиялық көмекші құралдар, тізімдер дайындап таратып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |