Біржан ауылдық округі әкімі аппараты бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар



Дата23.02.2016
өлшемі93.42 Kb.
#5965
Біржан ауылдық округі әкімі аппараты бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
1. Ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша құжаттар айналымы

Округ әкімінің аппаратына 2013 жыл көлемінде мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 172 қатынас хат, аудан әкімінің аппараттық кеңесте берген тапсырмалары бойынша 35 хаттамалық шешімдер, сондай-ақ Зайсан аудандық мәслихатының 3 шешімі, Зайсан ауданы әкімінің 10 өкімі және аудандық әкімдіктің 22 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 7 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ елді мекендерін көркейту, көгалдандыру, санитарлық жағдайын жақсарту, 2013-2014 жылдарға қысқы маусымға дайындық жұмыстары, «Жайлау» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша іс-шаралар жоспарлары жасалып, ауылдық округ әкімінің бақылауына алынды.

Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 283 қатынас-хат жолданса, ауылдық округ әкімінің 80 өкімі, 13 шешімі шығарылды.

Біржан ауылдық округ әкімінің аппаратының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы бекітілді.

Жеке және заңды тұлғалардан округ әкімінің аппаратына 68 өтініштер тіркелді, оның ішінде: - 2 өтініш жылжымайтын мүлікті заңдастыруға қатысты, 61 - жер және жер пайдалану туралы, 3 өтініш мүліктерді заңдастыру тұрғысында, 1 өтініш халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуге, 1 өтініш төтенше жағдайларға байланысты. Өтінім жасаушы тұлғаларға тиісті жауаптары берілді.

2013 жылғы 15-16 қаңтар күндері ауылдық округ әкімі С.Молдашевтың округтегі елді мекендер тұрғындарымен «Біржан ауылдық округінде 2012 жылы атқарылған жұмыстардың қортындысы және алда тұрған міндеттер туралы» және 05 ақпанда Зайсан ауданының әкімі С.Зайнулдинның округ тұрғындарымен «2012 жылы Зайсан ауданында атқарылған жұмыстардың қортындысы және алда тұрған міндеттер туралы» есептік кездесулері өткізілді. Халықтан түскен ұсыныс-пікірлер сарапталып, орындалуы мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды.

Есептік кезеңде 21 аппараттық кеңестер өткізілді. Негізі – ауылдық округінің санитарлық тазалығын сақтау, 2013-2014 жылдарға қысқа маусымға даярлық жұмыстары, елді мекендердегі есептік кездесулердегі сын ескертпелердің, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы, көктемгі су тасқыны, егіс жұмыстары, дәстүрлі мерекелік шаралар және т.б. маңызды мәселелер қаралып, хаттамалары жүргiзiлді және рәсiмделді.

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 652 қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы, 398 ветеринарлық анықтама және 1194 ауылшаруашылық малдарына ветеринарлық паспорттар берілді.

18 141 теңгенің 203 нотариаттық іс-әрекеттері атқарылды.

Округте халықтың күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасын тұрақты ұстау мақсатында 2 сауда дүкенінің иесімен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі және 15 шаруа қожалықтары жетекшілері арасында құны 2 450 000 теңгені құрайтын екіжақты серіктестік меморандумдарына қол қойылып, көпбалалы, аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты қарттарға қайырымдылық, демеушілік көмектері жасалды.

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша округ түлектері 5 950 000 теңгенің жұмыстарын атқарып, демеушілік, қайырымдылық көмектерін көрсетті.

«ҚАЗАҚСТАН - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша 2 ақпараттық хабардар топтары құрылып, округ елді мекендерінде тұрғындармен кездесулер өткізді.


2. Демографиялық жағдайлар
Біржан ауылдық округінде 2013 жыл көлемінде округте 329 тұрғын үй бар, онда 1917 адам тұрады, және жан саны 370 адамды құрайтын 69 оралман қандастар отбасылары қоныстанған.

Демографиялық жағдайлар төмендегі көрсеткіштерді құрады: туған бала саны – 35, қайтыс болған адамдар – 14, округте келіп қоныстанушы – 45, көшіп кетушілер – 201 адам.



3. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша

Ауылдық округ бойынша 2012 жылы 1 835 га егістік алқабы игерілсе, 2013 жылы егістік көлемі – 1 903 га құрады, оның ішінде дәнді астықтың үлесі – 722 га, майлы дақылдар – 747 га, картоп – 96 га, көкөніс – 38 га, бақша дақылдары – 10 га.

Жиналған 722 га дәнді дақылдардың әрбір гектарынан 21.9 ц/га өнім алынып, жалпы 1 587,6 тонна өнім жиналса, 96 га картоптан 130 ц/га түсіммен 1 248 тн, 38 га көкөністен 150 ц/га өнімділікпен 570 тн және 10 га бақша дақылдарынан 170 ц/га түсіммен 170 тн, және 657 га күнбағыс алқабынан 8,9 ц/га түсіммен 591 тн өнім жиналды.

2014 жылдың 1 қаңтарына округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының қортындысы бойынша: ірі-қара – 5 217 бас, қой-ешкі – 7 900 бас, жылқы – 1 209 бас және құстар 1934 басты құрап, өткен 2013 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтермен салыстырғанда ірі-қара 1 %-ға (5 156), қой-ешкі 1%-ға (7 808) , құстар 32,7 %-ға (1 457), жылқы – 2,5 %-ға (1 179) өсті.

Мал шаруашылығы өнімдері бойынша 2013 жылдың көлемінде 917 тонна ет, 4 780 тонна сүт, 182 000 дана жұмыртқа, 16 тонна қой жүні өндірілді.

Ауылдық округ бойынша Ақарал ауылы мен «Нәсілбек» қыстағында қой-ешкі малдары арасында орын алған сарып ауруы толық жойылып, карантиндік шектеу алынды.

Малдардың жұқпалы ауруларын жою және таралып кетпеуіне байланысты округтің 2 мал дәрігері мен 5 санитары тұрақты емдеу-профилактикалық шараларын атқаруда. Ірі-қараны аусылға сібір жарасы, пастереллез, қарасанға, қой-ешкіні - сібір жарасы, қара сүйелге, ал жылқыларды сібір жарасы, САП - қа (маңқа) қарсы екпе жұмыстары жүргізілді.

4. Округтің әлеуметтік жағдайы туралы
2013 жылы атаулы әлеуметтік көмек және 18-жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысын алған жанұялар туралы мәліметтер:

4 жанұядағы 15 адамға берілген атаулы көмек - 581 500 теңге,

32 жанұядағы 94 балаға төленген жәрдемақы – 1 623 900 теңге.
2013 жылы округ бойынша 29 азамат жұмыссыздыққа тіркеліп, 19 адам түрлі қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жаңадан 5 жұмыс орындары ашылып, 15 адам жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында округтің 11 тұрғыны 25.0 млн теңгенің несиесін алды. Шалбарбаева Бақтигүл – 3,0 млн, Сабырбаев Шалқар – 2,0 млн, Ахмолдин Азамат – 1,5 млн, Шалбарбаев Әлихан – 1,5 млн, Медеубаев Нұрбол – 2,0 млн, Бидахметов Елдос – 2,0 млн, Садуова Аяужан – 3.0 млн, Алдажаров Ризабек – 3.0 млн, Шектибаев Дайырбек – 3.0 млн, Сайранов Даулет – 2.0 млн және Сейілханов Сырым – 2.0 млн теңгенің несиелерін алып, мал, құс және өсімдік шаруашылығы бағытында өз жұмыстарын атқаруда.

Біржан ауыл округі бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді олар 16 мүгедектер мен қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
5. Салық төлемдері бойынша
2013 жылы жеке тұлғалардың бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері 707 074 теңгені құрады, оның ішінде:
- жеке тұлғалардың жер салығы 128 512 теңге

- мүлік салығы 44 653 теңге

- көлік салығы 533 909 теңге

2013 жылы округте тіркелген 85 шаруа қожалықтарының бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері 3 215 692 теңгені құрады, оның ішінде:


- бірыңғай жер салығы 106 250 теңге

- әлеуметтік салықтар 153 698 теңге

- зейнетақы қорына аударылымдар 1 970 496 теңге

- әлеуметтік аударылымдар 985 248


6. Елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және құрылыс жұмыстары бойынша
Біржан ауылдық округінде елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде екі айлық жариялау туралы ауылдық округ әкімінің 08.04.2013 жылғы №185 өкімнің негізінде құрамы 9 мүшеден тұратын штаб құрылып, атқарылатын жұмыстардың іс-шаралары жасалды.

Округтегі Біржан ауылдық емханасы ғимаратының ауласына, саябағына, Аманкелді атындағы орта және А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектептерінің ауласы мен ботаникалық бақтарына, Біржан ауылындағы 19 Мамыр көшесіндегі «Аналар аллеясы», «Балалар бағы», «Ә.Дүйсежанов» атындағы саябақтарына, Біржан ауылындағы кіреберіс трасса бойына, Қуаныш ауылындағы саябаққа, сондай-ақ ауыл тұрғындары аулалары мен үйлерінің көше беткейіне көктем-күзгі мезгілде 3500 түп ағаш көшеттері мен 350 м2 гүлзарлар отырғызды, сондай-ақ 1974 тонна қоқыстар арнайы орынға шығарылды.

Біржандағы «Аналар аллеясы» саябағына 7 орындық және шағын архитектуралық мүсіндер орнатылды.

Ұзындығы 700 метрлік Ә.Дүйсежанов көшесін қырып-тегістеу жұмыстары атқарылды.



2013 жылы Біржан ауылы, Аманкелді көшесі №20 мекен-жайдағы 6 пәтерлік тұрғын үй жалпы құны - 22.210 мың теңгеге ағымды жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді, 1.200 мың теңгеге хокей корды салынды және Қуаныш ауылында 1.601 мың теңгеге «Мектеп» көшесін жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
7. Ауылдық округтегі мекемелер мен тұрғындардың 2014 жылдың I-ші жартыжылдығына баспасөзге жазылу мәліметтері


Егемен Қазақстан

Дидар

Каз. Правда

Рудный Алтай

Дала мен қала

Семей таңы

Қазақстан Заман

Достық

Айқын

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

жоспар

орындалуы

46

46

58

60

10

10

20

20

-

-

46

61

-

-

220

200

6

6


8. Спорт саласы бойынша
2013 жылғы 8 наурыз - «Халықаралық Әйелдер күні» және 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелеріне орай мини-футболдан ауыл біріншілігі, сондай-ақ арқан тарту, гир көтеру, стол теннисі және армреслингтен жарыстар өткізілді.

16 наурызда волейболдан өткен аудандық жарыста ауылдық округ құрамасы 4 орынды еншіледі.

2013 жылғы 7 мамырда Зайсан қаласында өткен аудан әкімінің жүлдесіне арналған XVII халықтық спорт ойындарына қатысқан округ спортшылары тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Бәйгеден 3,2 және 5 шақырымда 1 орын, қол тіресінен қыздар – 2 орын, ұлдар – 3 орын, қазақ күресінен – 2 орын, гир көтеру – 1 орын, шахмат – 1 орын, дойбы – 3 орын, тоғызқұмалақ – 2 орын, жеңіл атлетика бойынша ұзындыққа секіру – 1 орын, волейболдан ұлдар командасы – 2 орын, мини-футболдан – 5 орынды алды.

9 мамыр «Ұлы Жеңіске - 67 жыл» мерекесіне орай мини футболдан, волейболдан ауыларалық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстар жеңімпаздар ауылдық округ әкімі мен жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ақшалай, заттай сыйлықтармен марапатталды.

1-маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты «Спорт денсаулық кепілі» атты балалар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.

« 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» және «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекелеріне орай болейболдан, дойбы, шахматтан округтің ашық біріншілігі өткізілді.


9. Мәдени көпшілік жұмыстар
Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді.

8 наурыз күні Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылында «Асыл ана», Біржан ауылында «Анам - ардақтым» атты мерекелік шаралар өткізілді. Ауылдық округ әкімінің және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілерінің тарапынан көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

1 Мамыр «Қазақстан халықтарының ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары мен қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар табыс етілді.

4 желтоқсанда округ көркемөнерпаздары «Ауылым – алтын бесігім» аудандық сайысына қатысып, өнерлерін көрсетті және арнайы дипломмен марапатталды.

16 желтоқсанда «Тәуелсіздік-тұғырым» атты концерттік мәдени-шаралар бағдарламасы өткізілді және «Желтоқсан оқиғасына» қатысушы азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.



29-31 желтоқсанда округтің Ақарал, Қуаныш, Біржан ауылдарында жаңа жылдық «Жасыл шырша» мерекесі өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет