Бірлігі жарасқан елміз



Дата30.06.2016
өлшемі122 Kb.
#168104
Өмір ЕСҚАЛИ

Бірлігі жарасқан елміз




Шымылдығы шырайлы шы­ғыс­та, асқаралы Алтай өңірінде түрі­ліп, одан әрі қасиетті Әулиеата жерінде жалғасқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдауға арналған патриоттық акция Мағжан еліне жетті.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сының қолдауымен ұйымдас­тырылған айтулы шара М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университетінде жалауын желбіретіп, Елбасымыз дәстүрлі Жолдауында белгі­леп берген ұлтты ұйыс­ты­рып, ұлы мақсаттарға жете­лей­тін, ұлтымыздың ұлы бағ­да­ры – «Қа­зақстан-2050» Страте­гия­сының түп қазығы іспетті Мәңгілік Ел идеясы татулық, достық, бірлік се­к­ілді асыл құндылықтарымыз­ды әс­петтеумен, ардақтаумен өзгеше жарасым, керемет үйлесім тапты. Еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктер, жастар өкілдерінің, ардагерлердің белсене қатысуымен өткен акция барысында Мемлекет басшысының бүкілхалықтық қолдауға ие болған тұрмысы ба­қуатты, түтіні түзу ұшқан, ертеңіне сеніммен қарайтын ба­қытты ел болу заңғарына жетелейтін қағидаттары мен талаптары ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бері аңсаған асыл арманының шынайы келбетін танытқандай.

Алқалы форумды облыс әкі­мі Самат Ескендіров ашып, Пре­зи­денттің сындарлы да байыпты саясатының арқасында егеменді дамудың 22 жылында барша қа­зақ­стандықтарды біріктіретін, ор­тақ мақсатқа жұдырықтай жұ­мылдыратын арқаулы құн­дылықтар қалыптасқанын, осы­ның арқасында әлеуметтік-эко­но­микалық жетіс­теріміздің, табыстарымыздың ны­ғая түскенін жеткізді. Ендігі мақ­сат, Жолдауда атап өтілгендей, бар­лық күш-жігерімізді жұмсай отырып, «2050» Стратегиясының басты талаптарын жүзеге асыру болып табылады. Елбасы жастарға арнаған сөзінде «оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!» деген міндет қойды. Олай болса, Мәңгілік Ел болу өз қолымызда. Отанымыз – біреу. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім Қазақстанның болашағын баянды етуге арналған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төра­ғасының орынбасары – Хат­­шылық меңгерушісі Ера­лы Тоғ­жанов өз сөзіне «Қазақ­стан-2050» – Елбасы негізін салып берген Мәңгілік Елге бастайтын абырой­лы да мәртебелі жолдың арманнан ақиқатқа айналғанын арқау ете келіп, Ассамблеяның ХХ сес­сиясы «бір ел, бір халық, бір тағ­дыр» ұранымен өткенін, тарих­тың, мәдениеттің, тілдің ортақ­тығы жоғары руханиятты, зайырлы мемлекет құруға кең жол ашқанын еске салды. Одан әрі Тәуелсіздігіміздің негізгі айшықты белгілерінің бірегейі саналатын жаңа елордамыздың тұрғызылып, аз ғана уақыттың ішінде төрткүл дүние төрінен ойып тұрып орын алғанын мақтанышпен жеткізді.

СҚМУ студенті Асқар Бай­мұ­қановтың жігерлі сөздері де әр жүректі толқытып, үлкен ой сал­ғаны анық. Ол өз сөзін «Елба­сымыздың сенімін үздік оқумен, жасампаз еңбекпен ақтайық!» деген көтеріңкі леппен аяқтаса, облыстық ассамблея жанындағы «Бірлік» жас­тар қоғамдық бір­лестігінің ли­дері Наира Заргарян мәңгілік тәуел­сіздігімізді көздің қарашығындай сақтай бі­лу­ге үндеді. «Дипломмен – ауыл­ға!» бағдарламасы арқылы жұ­мыс­қа орналасу мүмкіндігіне ие болған дипломды маман Әлия Широ­жеева жастардың озық жо­ба­ларға қатысуы жайлы ой қоз­ға­ды. Петропавл әскери институ­тының курсанты Мұрат Ерзат бос­тан­дық, азаттықты қанша аң­са­­са да жете алмай кеткен ата-баба­­­ла­рымыздың асыл мұрат, игі тілегі орындалғанын, ұлт ретінде тұтас­тығымызды сақтаудың жолы өткеннен тағы­лым ала отырып, келе­шекке сенім­мен қарау екенін тілге тиек етті.

Басқа да сөйлеушілер «Мәң­гі­лік Ел» патриоттық актісі бірлікке, патриотизм мен ынтымаққа жете­лейтінін атап көрсетті.

Акция шеңберінде «Мәңгілік Ел» идеясына қатысты тілек­тер жа­­зылған кітапқа солтүстік­қа­зақ­стан­­дықтар да ыстық ықыласты лебіз­дері мен қолтаңбаларын қал­дырды.

Салтанатты шара ән мен билерге жалғасып, кеш шырайын аша түсті. Оның соңы мемлекеттік Әнұранның орындалуымен түйін­делді.



«Мәңгілік Ел» идеясын қол­дау­ға арналған патриоттық акция­ның кезекті эстафетасын Қызыл­орда мен Павлодар облыстары қабылдап алды.
// Егемен Қазақстан. - 2014. - 25 ақпан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет