«Жаңа Өзбекстанда ел ғазиз,адам қадірлі!» ұранымен сыныбында өткізілетін ашық «Егемендік сабағы»ның сценарисі Сабақтың мақсаты



Дата24.11.2022
өлшемі14.27 Kb.
#465690
түріСабақ
егеменди сабак 6 сы


«Жаңа Өзбекстанда ел ғазиз,адам қадірлі!» ұранымен _-сыныбында өткізілетін ашық «Егемендік сабағы»ның сценарисі
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында сынып оқушыларына жеке түсіндіру; оқушыларға ӨЗБЕКСТАН Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды елін, жерін, туған өлкесін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарымен жинақталған суреттер, нақыл сөздер, рәміздер, сызба, кестелер, карта.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Өзбекстан Республикасы әнұранын орындау.
2. Кіріспе :
Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
31 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің
Құтты болсын еркіндігі, ата-баба арманы.
3. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Сабақтың эпиграфы: « … Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты — толыққанды,
тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қыз-мет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қай-рат-қабілетімді амалға асырамын.
4. Ой шақыру. Мұғалім:
Шавкат Мирзиёев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, эко-номикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заман-ның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген халқы үшін үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.
5. Ой қозғау.Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.Мирзиёев өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін тақтадағы кесте,сызбалар арқылы талдау.
6. Сергіту сәті. Ой саларлық әңгіме де пайдалы болмақ. «Тарих өткелдері»
Немересі: Әже, атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын» дейді.Оның өткен өмірі қандай?
Әжесі: Е, балам, атаң, ата-бабаң не көрмеді дейсің?! 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы…
1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәубә. Еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.
Егеменді ел болудың белгісі –
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егеменді деген сөздер естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
7. Мұғалім: Азаттық, тәуелсіздік халыктын ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң та-рихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымын-дағы тер төгілді
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн 8. Мұғалім: 2016 жылғы желтоқсан айында Өзбекстанда Президенттік сайлау болды. Оның қорытындысынд Ш Мирзиёев президент болып сайланды.
Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,
Биіктерден естіледі үнім де,
Тұңғыш рет Президент сайланып,
Мойындады барлық әлем бүгінде.
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен
оның халқы үшін ерекше жыл. Республикамыздың аспанында өз Туы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. (Буклет)
1992 жылы 8-желтоқсан Өзбекстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.
Бұл күн көп ұлтты республикамыздың барлық халқына тәуелсіздік, бостан-дық пен еркіндік әкелді.
10. «Отан – отбасынан басталады» Отан әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым – Отан.
(Оқушыларға Отан туралы өлең, мақал-мәтелдер айтқызу)
11. Жұмбақ жасыру
Оқушы болсаң жақсы жылдам, зерек, Ондайлар Отаныма өте керек. Тәуке хан жазған екен заң жинағын, Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. (Жеті жарғы) Мерекең құтты болсын оқушылар Оқушы, келіп-кетті бар достарым Тәуелсіздік заңының қабылданған, Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық. (1991 жыл) Еліме білім керек, ғылым керек, Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып Жазған екен болашаққа көзін тігіп Жақсы ел шығарып заң игілікті, Депутат заң шығарып билік қыпты. Парламент палатасы нешеу екен, Таба алсаң бұл жауапты игі тіпті. (Екі)
Оқушыларға «Менің Өзбекстаным» тақырыбына сурет салғызып, сол тақырыпты қорғап шығу тапсырылады.
14. Қорытынды
Ой толғау: «Мен Президент болсам»
Бұл тақырыпқа оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар өздеріне ұнаған, жақсы пікір айтылған озық ойлы оқушыны президентке лайық деп бағалайды.
Ант қабылдау:
Мен Өзбекстан Республикасының азаматымын.Отанымның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын.
Жоғары мәдениетті азамат боламын.Туған халқымның ата дәстүрін құр-меттеймін. Конституция мен заңдарын бұлжытпай орындаймын.Елімнің Туын,Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеймін деп Ант етемін!
(Барлығы бірге, хормен Ант етеді)
Жүректен-жүрекке: Тізбек бойынша бір-бір тілектен айтып шығу.
Мұғалім:
Бүгінгі Өзбекстан — әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан — әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет.
Тәуелсіздік шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы тұғырлы, баянды болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет