Тәрбие сағатының тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз Тәрбие сағатының мақсаты



Дата04.07.2016
өлшемі1.06 Mb.
#176189
Төлекова Гүлзира Аятбекқызы

№221 Аққұм негізгі мектебі

Жаңақорған ауданы,Аққұм ауылы

Тәрбие сағаты



Тәрбие сағатының тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз

Тәрбие сағатының мақсаты:

Балаларға Отан туралы, еліміздің ынтымағы жарасқан ұлттар достығы туралы түсінік беру. Бірлігі жарасқан халық екендігімізді ұғындыру. Бірлікке, ашықтыққа үйрете отырып, оларды достыққа, ынтымаққа,татулыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Шарлар, нақыл сөздер, жалаушалар,АКТ

Тәрбие сағатының өтілу барысы:

Кіріспе сөз –Құрметті ұстаздар, , ата-аналар, оқушылар,бүгінгі 2-сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер,-дей отырып, тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.



1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

2.Психологиялық дайындық

Қуан, шаттан, Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

Оқушылардың назарын бейнероликке аудару.(Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алу)

1-Оқушы: Бейбарыс: Армысыздар, құрметті,ұстаздар, ата-аналар,оқушылар!

Дүбірлетіп өңірді,

Дүбірлетсін дүлдүлі

Қазақ деген елімнің,

Құтты болсын бұл күні!

2-оқушы: Аруна : Қазақ елі- қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.


3-оқушы: Димаш: Бір-бірімен тату –тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Туған жерге тебіренген сәттерде

Ағылады өлең -жырдың бұлағы.


4-оқушы:Балауса: Ағайын -туған бар адам

Адалдық үшін жаралған.

Бар елге қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!


5-оқушы: Бағила: Өбектер ана күнім деп,

Бөбектер өссін күлімдеп.

Мақталсын бірлік құрыш, нық,

Сақталсын мәңгі тыныштық!


6-оқушы: Нұрасыл: Бейбітшілік ұранымыз,

Достық,бірлік-жыр-әніміз.

Таңғажайып ұлы Отанда

Тату-тәтті тұрамыз біз!

7-оқушы: Аяулым: Достықтары жарасқан,

Шат-шадыман балақан,

Төбеде ортақ көк аспан,

Бақыттысың, балапан!

8-оқушы: Дастан: Жер-жалғыз Анамыз,

Жетілген панамыз.

Біз оның төсінде

Бірге өскен баламыз.



Бәрі бірге: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!

Мұғалім: Құдайға шүкір, біздің елімізде бірнеше ұлт өкілдерімен сан жылдар бойы бірге тұрып жатырмыз.Олар өздерінің салт-дәстүрін еркін ұстана алады. Әркімнің өз еркі өзінде. Бізбен терезелері тең, бейбіт күн кешуде. «Сенікі», «менікі» деген жоқ, отан ортақ, жер ортақ. Осыны көріп мынадай ән есіңе түседі:

Ән: Достық Сөзі: Е. Елубаев Әні: И. Нүсіпбаев

Мұғалім:- Біздің еліміз қалай аталады?

Оқушылар: - Қазақстан



Мұғалім: -Қазақстан ұлан байтақ жерді алып жатыр. Бірнеше ұлт өкілдері біздің Отанымызда тату тәтті тұрып жатыр. (Оқушылардың назары тақтадағы слайдта болады Осы кезде есікті тоқылдатып, сыныпқа қонақ келеді,)

Көрініс. Франциядан келген қонақ.(Қатысатындар: Мейіржан, Балауса, Гүлім)

9-оқушы: Сымбат: Қазақ осы:Дала дейтін,күн дейтін.

Қазақ осы: Өнер алды-тіл дейтін.

Қазақ осы: Қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

10-оқушы Гүлім: Ал екінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса,мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,-деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, ынтымағы жарасқан Қазақстандай елім бар деп мен мақтанамын.

Мұғалім:

Ия, балалар,Қазақстандай бейбітшілігі мен бірлігі жарасқан елде тұрып жатқанымызға біз дән ризамыз.Ендеше кезекті Отан, туған ел туралы жырлаған ақыдарымыздың өлеңдеріне берейік.

11-оқушы: Мейірман: Туысқан ел Жамбыл Жабаев

Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр.

Бір-бірімен туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз.қазақ өзбектер, Моңғол, ұйғыр,дүнгендер,

Армиян, тәжік,грузин,Орыс пенен украин.

Терезесі тең жатыр, Алатау, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кең жатыр.Бақыты әлі асқақтап,

Құлаққа дауысы кеп жатыр.

12-оқушы: Мадияр Отан туралы М. Мақатаев

13-оқушы: Олжас: Туған өлкем Ө. Тұрманжанов



Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем !

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Мұғалім: -Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады екен?

-«Ұлттар достығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бірлік, татулық туралы не білесіңдер?

-Қазақстан неліктен достықтың мекені деп ойлайсыңдар?

(оқушылардыңжауаптары тыңдалады)



Ортада биші қыздар Орыс биімен.

Мұғалім: -Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады.бәрі де бір ұлттың балаларындай,барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасай алады,бірдей білім алады,бірдей еңбек етеді.Олардың арман-тілектері де бірдей,өйткені бәрінің де жүрегі туған өз отаны Қазақстан деп соғады.

Ән: Дос болайық бәріміз Сөзі: Х. Талғаров Әні: И. Нүсіпбаев

Оқушыларды гүлдерді теруге байланысты үш топқа бөлу.

Гүлдерді артында «Ырыс алды –ынтымақ», «Доссыз өмір-тұзсыз ас», «Бірлік болмай-тірлік болмас» деген мақалдар жазылған. Осы мақалдарға сәйкес оқушылар үш топқа: «Ынтымақ», «Достық», «Бірлік» топтарына бөлінеді.

Үш топ оқушылары постермен жұмыс жүргізеді. Осы сөздерге топтасыру жасау тапсырылады.

Мұғалім:

Міне, осындай заңғар биіксің, кеңсің, достығы мызғымас беріксің, Туған жер!

Тіпті «Құранның» өзінде де бірлік пен ынтымақты сақтау керек, өмір сүрген қоғамда ешқашан бөлінушілікке, ел тыныштығын бұзатын жайттарға жол бермеу керек делінген.

Бақыт құсы береке-бірлігі жарасқан елге қонарын естен шығармауымыз керек.Осы ынтымағымыз, татулығымыз,ауызбіршілігіміз жарасқан тәуелсіз еліміздің әрқашан аспаны ашық, шаңырағы кең болатынына сенімдімін.



Бәрі бірге: Әр қашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман!

Сыйқырлы таяқша арқылы достарына тілек тілеу

Қорытындылау «Балаларға өсиет»

Ақтамберді жырау

(сақ дәуіріндегі бір бидің айтқанынан жазып алған)

Жақсы –жаман әркімнің

Қылмаңыздар кепиет, Арасынан өтеді.

Бірлігіңнен айырылма, Араздаспай, таласпай,-

Бірлікте - бар қасиет. Тату жүрсек не етеді?

Бірлік -болар береке. Ынтымағы бар болса,

Қылмасын жұрт келеке, Аз-маз ғана дүние

Араз болсаң алты ауыз Бәріне де жетеді.



Еліңе кірген әлек те.
Соңы









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет