Битілеу ауылдық кітапханасы



Дата09.06.2016
өлшемі11.05 Kb.
#124049
Битілеу ауылдық кітапханасы.
Битілеу ауылдық кітапханасы

мектеп ғимаратының

26 кв.м көлеміне орналасқан
Ілбішін ауылынан 35 км жерде Битілеу әулиенің бейті болған. Жергілікті халық әулие бейтін қастерлеп, келушілерге арнап басына шағын үй салдырған міне, сондықтан да осы жерді жаңа атау бойынша әулиенің құрметіне Битілеу атаған.

1974-1976 жылдары Мәдениет үй жанынан автоклуб меңгерушілеріне жүктелген тұрғын халыққа рухани нәр беруде, елдегі сауатсыздықты болдырмау бағытында «Қызыл бұрыш» жұмыс істеді бұнда кітапханашы қызметін Ахметжанова Қалампыр атқарды.



1976-1980 жылдар арасында Мүтиева Нуржамал Майрамбайқызы кітапханашы болып жұмыс істеді. Бұл кездегі жұмыс түрі шалғай нүктелерге кино көрсетіп, мерзімді басылымдар беттеріндегі жаңалықтармен таныстырып, оқуға көркем әдебиеттерді таратып отырды. 1980 жылдың 1 қыркүйегінде халық шаруашылық жоспарына сай Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Кардон ауылдық филиалы болып ашылды. Кітап корына Бударин аудандық кітапхана қорынан жинақталған дублетті 2000 дана кітаптар берілді. Кітапханашы болып С.Елекенова жұмысқа кірісті. Алыстағы малшыларға, егіншілерге агитбригадалар шығып түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырды. 1990 жылдан бастап 4200 кітап қорымен Битілеу ауылының кітапханасында кітапханашы болып Б.Жубаева жұмыс істеуде. Кітапханада «Ертегілер елінде», «Мерейтой иелері», «Ана тілім армысың» атты көрмелер жасақталған. Кітапхана мектеппен бірігіп көптеген шаралар өткізіп тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет