Бітірушілердің билет сұрақтары
1. Топографиялық карталар және оның қасиеттері. Топографиялық карта масштабтары.
2. ТМД елдерінің дүние жүзінің саяси картасындағы орны, оның әлемдік экономикадағы ролі.
3. Қазақстанның тектоникалық-геологиялық құрылымы. Тектоникалық аудандастырылуы. Табиғатының төрттік дәуірдегі қалыптасу ерекшелігі.
4.Топографиялық карталардың географиялық мазмұны. Топографиялық шартты белгілері.
5. Ресей Федерациясы. Экономикалық-географиялық сипаттама.
6. Аустралия материгінің тіршілік дүниесінің белдеулер бойынша таралуы. Тіршілік дүниесінің өте ежелгілігі, эндемизмнің жоғарлығы. Топырақ-өсімдік жамылғысының типтері. Зоогеографиялық аудандастырылуы, ондағы жануарлар құрамы.
7.Карталардың жіктемесі (классификациясы): территорияны қамту дәрежесі, масштабы, мазмұны, не үшін қолданылатындығы, пайдалану тәсілі. Картаграфиялық жалпыландыру (генерализация).
8. Оңтүстік Қазақстанның экономикалық ауданына экономикалық географиялық сипаттама.
9. Аустралия – жер шарындағы ең кіші материк. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Материктің қалыптасуы. Аустралияның жер бедері.
10. Жалпы географиялық карталар. Жалпы географиялық карталар мәні, олардың мазмұнын анықтайтын элементтер.
11. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына экономикалық географиялық сипатттама.
12. Африка климаты. Климатының өзіне тән ерекшеліктері. Африка климатын түзудегі ішкі тропиктік циркуляцияның ролі. Материктің солтүстік және оңтүстік бөліктері арасындағы ауа алмасуы. Африканың климаттық белдеулері.
13 Тақырыптық карталар. Тақырыптық карталардың мәні және олардың мазмұнының ерекшеліктері. Тақырыптық карталардың географиялық негізі. Географиялық құбылыстардың қасиетін бейнелеу әдістері.
14. Батыс Қазақстан экономикалық ауданына экономикалық географиялық сипатттама.
15. Африка материгі. Материк табиғатының жалпы ерекшеліктері. Материктің қалыптасуы. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері.
16. Минералдар туралы жалпы мәліметтер және олардың жіктелуі. Минералдардың негізгі топтары (сыныптары) және оларға қысқаша сипаттама.
17. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына экономикалық-географиялық сипаттама.
18. Оңтүстік Американың климаты. Климатының қалыптасу ерекшелігі. Климатты қалыптастырудағы Анд тауларының ролі. Қысым орталықтары мен пассаттық циркуляцияның әсері. Климаттық аудандастыруы.
19. Тау жыныстарын туралы жалпы мәліметтер және олардың шығу тегіне қарай жіктелуі.
20. Орталық Қазақстан экономикалық ауданына экономикалық-географиялық сипаттама.
21. Оңтүстік Американың материгі. Табиғатының жалпы ерекшеліктері. Материк табиғатының даму және қалыптасу кезеңдері.
22. Қазақстанның көлік кешені. Аймақтық өндірістік байланыстар.
23. Экзогендік геологиялық процесстер және олардың жер қыртысын қалыптастырудағы ролі.
24. Солтүстік Американың ішкі сулары. Беткі суларының жер бедері мен климаттық жағдайға сәйкес таралу заңдылығы. Ірі өзен жүйелерінің гидрологиялық режимі. Көлдердің орналасуы және қазан шұңқырларының генетикалық типтері.
25. Эндогендік геологиялық процесстер және олардың жер қыртысын қалыптастырудағы ролі.
26. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені.
27. Солтүстік Американың климаты. Климатының қалыптасуы. Ауа алмасуының меридиандық бағыты, оның маңызы. Климаттық аудандастыру.
28. Жер қыртысының негізгі даму кезеңдері. (кембрийге дейінгі палеозой, мезазой және кайназой)
29. Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі.
30. Солтүстік Америка материгінің жер бедері. Жер бедері құрылымындағы басты ерекшеліктер. Жазық-платформалық морфоструктура типтері. Қазіргі вулканизм. Морфоскульптуралық жер бедері пішіндері және типтері.
31. Ландшафт генетикалық бір тұтас геожүйе. Әртүрлі ғалымдардың ландшафт терминіне берген анықтамасы. Ландшафт (геожүйе) деңгейлері.
32. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі.
33. Солтүстік Америка материгі. Материктің қалыптасуы мен табиғатының даму кезеңдері.
34. Ландшафт морфологиясы. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері, құрлымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі. Жергілікті жер. Қоныс. Фация.
35. Қазақстанның энергетика шаруашылығы.
36. Евразия материгінің ішкі сулары. Су торының сипаты. Беткі суларының таралуы. Өзендердің қоректенуінің негізгі типтері мен режимі. Көл шұңқырларының пайда болу жолдары (генезисі) және негізгі көлді аудандары.
37. Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектері. Ландшафттардың шығу тегіне қарай, ішкі сыртқы күштердің әсер ету деңгейлеріне қарай бөлшектенуі. Ландшафттардың зоналық, азоналық, секторлық жүйелері. Биіктік бөлшектенуі.
38. Қазақстанның отын-энергетика кешені.
39. Евразия материгінің климаты. Материктің географиялық орны, жер көлемі мен пішінінің климаттық жағдайларға әсері. Материк жағалауындағы мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың климатқа ықпалы. Материктің климаттық аудандастырылуы.
40. Антропогендік ландшафт. Ландшафттанудағы адамның ролі.Ауыл шаруашылық, өндірістік, рекрециялық, сызықтық, гидродинамикалық ландшафттар. Табиғи ландшафтылардың бұзылуындағы экологиялық әсерлер ролі.
41. Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсібіне жалпы шолу.Қазақстан экономикасына тарихи географиялық талдау жасау.
42. Евразия материгінің жер бедері. Гипсометриялық және орографиялық басты белгілері мен көрсеткіштері. Жазық–платформалық морфоструктура типтері. Морфоскульптуралық жер бедері пішіндері.
43. Географиялық қабық түсінігі, физикалық географияны оқыту нысаны. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері, олардың тұтастығы және өзге жер қабаттарынан сапалық өзгешеліктері.
44. Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары.
45. Евразия – жер шарындағы аса ірі материк. Материк табиғатының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
46. Жер планетасы. Жердің пішіні мен мөлшері, олардың географиялық маңызы.
47. Қазақстанның Республикасының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру.
48. Мұхиттағы тіршілік. Мұхит айдынының биогеографиялық аудандастырылуы. Дүние жүзі мұхит айдыны шегіндегі жүргізіліп жтқан қазіргі заманғы зерттеулер. Дүние жүзілік мұхиттағы экологиялық жағдай.
49. Жердің өз өсінен, Күннен айналуы және бұлардың нәтижелері (оның салдары).
50. Қазақстанның ТМД мен әлем картасындағы орны. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы.
51. Дүние жүзілік мұхит беткі суының температурасы мен тұздылығы, басты ағыстары.
52. Күн радиациясы – географиялық қабықтағы энергия көзі ретінде, Күннің ұзақтығы және күн сәулесінің жерге түсу бұрышына, күн радиациясының ендік бойынша таралуының тәуелділігі.
53. Халықтардың таралуы. Қоныстанудың типтері мен формалары қоныстануға әсер етуші жағдайлар.
54. Дүние жүзілік мұхит – географиялық қабықтың біртұтас табиғат обьектісі. Дүние жүзілік мұхиттың жалпы физикалық – географиялық сипаттамасы, геологиялық құрлымын, мұхит түбінің бедері.
55. Атмосферадағы су, ылғалдылықтың жер бетіндегі және ауа қабатындағы конденсациясы, сублимациясы. Атмосфералық жауын-шашындардың жер бетінде таралу заңдылықтары.
56. Дүниежүзінің табиғи ресурстар географиясы. Минералдық шикізаттардың таралу заңдылықтары. Табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстарға баға беру.
57. Экономикалық және әлеуметтік географияның теориялық негізі. Экономикалық географиялық жағдай, экономикалық аудандастыру және географиялық еңбек бөлінісі теориялары. Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің экономикалық географиядағы жаңа бағыттарды қалыптастырудағы ролі.
58. Атмосфералық қысым. Жел.
59. Экономикалық және әлеуметтік география пәнінің мақсаты, міндеті, экономикалық-әлеуметтік география ғылымдары жүйесіндегі орны. Зерттеу обьектісі.
60. Қазақстанның физикалық-географиялық аймақтары. Физикалық-географиялық ел: Қазақтың қатпарлы елі. (Қазақтың ұсақ шоқысы)
-
Климат. Климат өзгерістері мен тербелістері және олардың географиялық қабықтағы маңызы.
62. АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы, табиғаты, халқы мен мемлекеттік құрлысы, ресурстық потенциалы мен даму ерекшеліктері.
63. Қазақстан табиғи ортасын зерттеудің геожүйелік-алаптық әдісі. Геожүйелер жіктелуінің деңгейлері: мега-макрогеожүйелер.
64. Жер гидросферасының көлемі мен құрлымы жайлы жалпы мәліметтер. Табиғи сулардың ең маңызды қасиеттері.
65. Азиялық аймақтар. Қытай Халық Республикасының экономикалық-географиялық сипаттамасы.
66. Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастырылуы. Аудандастыру принциптері.
67. Судың жердегі айналымы және оның географиялық қабықтағы маңызы.
68. Шетелдік Европаға экономикалық-географиялық сипаттама. Европадағы интеграциялық процестер. Ішкі айырмашылықтары.
69. Қазақстанның табиғат зоналары. Табиғат зоналарының таралу заңдылығы. Ендік бойындағы зоналылық пен биіктік белдеулік.
70. Литосфера – географиялық қабықтың құрамдас бөлігі. Жер бедеріне түсінік. Бедер қлыптасу. Құрлық пен мұхит түбінің бедерлер ерекшеліктері.
71. Дүние жүзінің транспорт географиясы, түрлері, маңызы, орналасу еркшеліктері.
72. Қазақстанның өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі, олардың таралу ерекшелігі мен заңдылықтары. Қазақстанның қызыл кітабы.
73. Морфоқұрлым. Морфоқұрлымның басты типтері: жазықтар мен таулар. Морфомүсін. Жер бедерін қалыптастырушы процестердің классификациясы
74. Дүние жүзінің ауыл шаруашылық географиясы. Құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивтік және интенсивтік даму жолдары.
75. Қазақстанның топырақ жамылғысы. Топырақтың таралу заңдылығы. Азық-түлік проблемасын шешудегі жер ресурсының рөлі.
76. Биосфера туралы түсінік және биосфера ағзаларының алуан түрлілігі. Флора және фауна туралы түсінік.
77. Дүние жүзінің өнеркәсіп географиясы. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп.
78. Қазақстан жер асты сулары. Жер асты суларының таралу ерекшелігі және шаруашылықтағы маңызы. Қазақстан таулары оның қазіргі кездегі мұздануы. Мұздықтардың типтері.
79. Ареал туралы түсінік. Ареал құрылысы және шекаралары. Қашықтығы бойынша ареалдардың бөлінуі.
80. Дүние жүзілік шаруашылық географиясы. Олардың негізгі орналасу ерекшеліктері, ірі аудандары мен орталықтары.
81. Қазақстанның ішкі сулары. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктері. Транс шекаралық өзендердің проблемасы. Қазақстан көлдері. Каспий, Арал, Балхаш көлдерінің экологиялық жағдайлары.
82. Континент сулар биогеографиясы. Судың қасиеті. Тұщы өзен суларында мекендейтін ағзаларға сипаттама.
83. Миграция. Миграциялық қозғалыс және оның себептері.
84. Қазақстанның климаты. Климат құрушы факторлар. Агроклиматтық жағдайы және ресурсы. Климаттық аудандастырылуы.
85. Аралдар биогеографиясы. Континенталды және мұхиттық аралдар. Ағзалардың қоныстану амалдарының алуан түрлілігі.
86. Дүние жүзі халықтарының географиясы. Демографиялық саясат. Халқының құрамы. Еңбек ресурсы.
87. Қазақстанның рельефі. Рельефтің генетикалық типтері. Геоморфологияның аудандастырылуы. Қазіргі кездегі рельефті қалыптастырушы процестер.
88.Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекаралары. Қазақстан территориясының зерттелу тарихы.
89. Дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері. Елдерді типологияға бөлу мен топтастыру принциптері.
90. Антарктида. Табиғатының жалпы ерекшеліктері. Тасты Антарктиданың жер бедері мен тектоникалық құрылымы. Антарктиданың мұз жамылғысы. Антарктидалық оазистер.
Достарыңызбен бөлісу: |