Эссе.
«Біз-Жаңа Қазақстанның ұрпағымыз»
Сан ғасырлық тарихы мен кең байтақ жері бар, әсем де қасиетті,қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды басынан өткеріп отырған сүйікті Отанымыз Қазақстанның жетістігін зор мақтанышпен айтамыз. Ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы көрсеткен ерен ерліктерінің арқасында жүз ұйықтаса түсімізге кірмеген тәуелсіздікке қол жеткіздік! Жаңа Қазақстанның өткені-бабаларымыз болса,бүгіні мен болашағы-біз,жастармыз.
Бүгінгі ұрпақ-аталарымыз жаққан оттың шамшырағы. Сол шырақты сөндірмей өрге қарай жетелеу біздің парызымыз. 'Қазақтар-жақсылықтың қадірін білетін халық'-деп Шоқан Уәлиханов атамыз айтқандай,жақсылықты жасап қана қоймай,болашағымызды да ойлайық. Бабаларымыз осы бейбіт өмірді біздің қолымызға табыстау үшін шелектеп қан төккен болатұғын. Біз елімізді,жерімізді қорғап,басқа елдердің қол астына өтіп кетуіне жол бермеуіміз керек.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:' Қазір жаңа Қазақстанның не екенін түсіндіру ерекше маңызды. Әр азаматтың бұған қатысты өз пайымы бар екені түсінікті. Мен бұған дейін айтқанымдай,Жаңа Қазақстан бұл-әділетті Қазақстан. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес. Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңарту деген сөз деп тағы айтқым келеді'-деді жолдауында. Ендеше келешекте елімізде көптеген жақсы жаңалықтар күтілуде. Дамыған отыз елдің қатарына қосылып,көршілес мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастарымызды нығайтып,шекараларымызды айқындап,еліміздің қауіпсіздігін одан әрі көкке көтеру. Жастарымыз білімді де, тәрбиелі ZET ұрпаққа айналып,еліміз одан бетер көркейіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жақсарады. Ауыл шаруашылығымыз бен өндіріс орындарымыз дамып,тамағымыз тоқ,көйлегіміз көк болады. Ұрпағымыздың болашағы баянды да керемет күйге жетеді. Қазақстанды күллі әлем танитын күнге жетеміз. Еңбектеген сәбиден бастап,еңкейген қарияларымызға дейін қазақ тілінде еркін сөйлеп,әуезді де әсем ана тіліміздің қадір-қасиетін бағалайтын боламыз.
Жыл сайын біздің ауылдың мектебінде Отан туралы мақала жазу, сурет салу, өлең айту секілді жарыстар болып тұрады. Сол жарыстарға оқушылар белсене қатысып,бар еңбектерін салады,осы сияқты ұйымдастырыулардың арқасында жастар өздерінің қаншалықты патриот әрі отаншыл екенін көрсете алады. Мен өз басым осы елде туылып,өспесемде ,туғам жерімдей қадірлеп-қастерлеймін. Барған жерімде,'Қазақстандықпын'деп мақтанышпен жар саламын. Осындай халық барда жеріміз ешқашан босамайды.
Сөз соңында айтарым,Қазақстан-рухани,жаңа өркениетіміздің негізі. Ал оны қолдап,қорғау біздің міндетіміз. Ал біз- жаңа Қазақстанның ұрпағымыз. Еліміздің,жеріміздің көркейуіне бір адамдай атсалысайық!
Достарыңызбен бөлісу: |