Қостанай .
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостана сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде. ( 12 сөз)
Тапсырма : бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
Не істеді? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар?
Диктант
Әлия аюдың суретін салды. Ғалия ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем қою шай ішіп отыр.Мен ою ойдым.
(18сөз ).
Көктем.
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кешке жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жақсы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады. (21 сөз)
Менің әжем
Менің әжем аулада тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын. (20 СӨЗ)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Қайрат.
Қайрат – оқушы. Ол жақсы оқиды. Кітап, дәптерін ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады. ( 19 Сөз)
Тапсырма: «ҚАЙРАТ» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
Саулық пен сымбат.
Денсаулық- зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам - спортпен. Ол ауырмайды. ( 14 сөз) .
Тапсырма: « Денсаулық» сөзін буынға бөліңдер.
Қандай ? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Диктант
Ерлан жақсы оқушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14cөз).
Түл кі.
Түлкі - сұлу аң. Ол таулы жерде жүреді. Түлкі қызыл түсті болады. Оның терісі бағалы. Менің ойыншық түлкім бар. (18сөз).
Ертіс.
Ертіс - өзеннің аты. Ертіс - терең , әдемі өзен. Ертісте кеме жүзеді. Өзеннің суы өте суық. Мен Ертісті көрдім. (17 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |