Тақырыбы: Этникалық топтар арасындағы өзара байланыс Орындаған: Кожахмет А. К. Тобы: МҚА-04-22 Қабылдаған: Аширов Ш. М. Шымкент-2024 Жоспар



бет1/3
Дата11.03.2024
өлшемі162.67 Kb.
#494978
  1   2   3
социология 3


«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Этникалық топтар арасындағы өзара байланыс
Орындаған: Кожахмет А.К.
Тобы: МҚА-04-22
Қабылдаған: Аширов Ш.М.
Шымкент-2024

Жоспар

  • Этникалық әлеуметтану
  • Этникалық топ
  • Этнопсихология
  • Этнопсихология әдістері
  • Этникалық бірегейлік
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Этникалық әлеуметтану

  • Этникалылық - бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін категория. Отандық қоғамтануда кез келген жағдайларда, әр түрлі тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде “этнос” термині кеңінен қолданылады. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменін анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ олардың этникалық немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастық үшін тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға:

топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы;
ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың формалары жатады.
отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты;

Этникалық топ

  • Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.
  • Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.
  • Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
  • Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет