Біздің өмірімізге, соның ішінде фотография сияқты консервативті облысқа



бет1/2
Дата25.11.2022
өлшемі27.13 Kb.
#465751
  1   2
Трендті-Фотошоп таңдау курсының бағдарламасы Касымов

Түсінік хат


Біздің өмірімізге, соның ішінде фотография сияқты консервативті облысқа сандық техника қарқынды енгізіліп келеді. Кей кезде реттеуді (корректировка) қажет ететін сандық фотоаппараттардың өзін ғана қолдану суреттердің сапалы шығуына кепілдік бермейді. Мысалы, контрастылықты, жарықты өзгерту,
«көздің қызару» эффектісін алып тастау жиі қажет болады. Замануи технология пленкалы фотоаппаратпен түсірілген суреттердің сапасын арттырады, ескі бейнелерге екінші өмір береді. «Трендті Photoshop» курсы компьютер форматындағы суреттеулерді өңдеу әдістерін Adobe Photoshop графикалық редактор көмегімен зерттеуге мүмкіндік береді. Барлық сабақтың материалдары теориялық бөлім мен практикалық тапсырмалардан тұрады.
«Трендті Photoshop» атты таңдау курс «информатика» пәнінен білім беретін салаға жатады. Бұл курсты жаратылыстану-математика бағыттағы 11 сынып оқушыларының бейіндік дайындығына пайдалануға болады. Зерттеу пәні қазіргі таңда суреттерді компьютерлік форматта өңдеудің қуатты құралының бірі Adobe Photoshop CS5 графикалық редакторы көмегімен суреттеулерді сандық өңдеудің принциптері мен әдістері болып табылады. Күнделікті өмірге сандық техниканың жедел енуі және графикалық ақпаратты жаңа технологиялық өңдеуге ауысуы осы курстың қажеттілігінің дәлелі. Оқушылардың өмірде қажетті суреттерді өңдеудің бастапқы дағдылары қалыптасады.

Курс мақсаты:


  • оқушыларды суреттердің сандық өңдеуінің принциптері және әдістерімен таныстыру;

  • оқушылардың шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін дамыту;

  • қазіргі кездегі терендті суреттерді жарнамалық түрде әшекейлеуге үйрету;

  • .gif форматтағы бейнелерді жасауда білім көкжиегін кеңейту.

Курстың міндеттері:


Photoshop-тың әр құралын оқып танысудан бастастамас бұрын, алдымен графикалық суреттеулерді алудың көп таралған амалдарын білуді ұсынамын: сандық фотоаппаратпен немесе ұялы телефонмен түсірілім жасау, сканерлеу. Келесі кезең: кадрлеу және Photoshop құралы көмегімен суреттеулерді өңдеу. Тек осыдан кейін ғана Photoshop құралдарымен жұмыс жасу арқылы байланыстыра оқытамын. Оқытудың негізгі түрі практикум болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет