Ақпаратты кодтау



бет1/6
Дата31.10.2022
өлшемі393.5 Kb.
#463705
  1   2   3   4   5   6
Акпаратты кодтау


Ақпаратты кодтау
Әрбір дамыған елдерде ақпараттық қоғамды қалыптастыру көзделген. Ақпараттық қоғамды қалыптастырудағы маңызды мәселелердің бірі – ақпаратты ықшамдап көрсету, қауіпсіздікті дамыту. Ал, ақпаратты ықшамдап жеткізу, қорғау мәселесі негізгі тұжырымдамалар мен әлемдік деңгейдегі түрлі әдістерді қарастырып, зерттеуді талап етеді. Берілген жұмыста ақпаратты халыққа ықшамдап жеткізуге қолданылатын кодтар түрлері көрсетілген. Ақпаратты кодтау түрлері, маңыздылығы әртүрлі әдістермен айқындалып және оларға жүргізілген талдау нәтижелері берілген.
Қазіргі 21 ғасырда ақпараттық технологияларының айқымды дамуына байланысты ақпаратты кодтаудың маңыздылығы өте жоғары. Компьютерлердің пайда болуы ақпаратты мәтіндік, сандық және графикалық түрлерінде кодтауды қажет етті. Ақпаратты кодтау адамдар өмірінде кез келген бағытта дамып, қажеттілігін көрсетіп, әр түрлі салаларда қолдана басталды.
Ақпаратты кодтау қазіргі заманның бір өзекті тақырыбы болып табылады. Бұл жұмыста ақпаратты кодтаудың үлкен тәжірибелік мәні және қажеттілігі бар екені жазылған. Сыныптастарыма, ауыл тұрғындарына ақпаратты кодтау деген не, қандай түрде кодталанады және қандай салада кездестіріледі екенін жеткізгенім көрстілген. Кодтардан ақпарат алып, өз тұрмыстарында қолдана алуға ұсыныстар берілген.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Олар өмірлерінің әр бір күнінде ақпаратпен әртүрлі іс-әрекеттер атқарады. Адам ақпаратты қоршаған ортадан сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Қоршаған ортадан алған ақпаратты сақтайды, қабылдайды, игереді және қайта өңдейді, қоршаған ортаға жеткізеді. Адам ақпаратты әлемде өмір сүреді.
Ақпаратпен қандай да іс-әрекеттер жүргізілген кезде ол керекті түрде көрсетілуі, жазылуы және ұсынылуы қажет. Бұл процесстің арнайы атауы ақпаратты кодтау деп аталады. Ақпаратты кодтаудың алуан түрлері бар. Адам өмірінде кездесетін нұсқаулар, тауарлардағы штрих кодтар, телефон нөмірлері, пошталық индекстер, жол белгілері, шахмат ойындары, химиялық формулалар, музыкалық ноталардың және тағы басқа да белгілі бір сигналдардын бәрі де код түлеріне жатады.
Қазіргі 21 ғасырда ақпараттық технологияларының айқымды дамуына байланысты ақпаратты кодтаудың қажеттілігі жылдам қадамдармен өсуде. Компьютерлердің пайда болуына байланысты ақпаратты мәтіндік, сандық және графикалық түрлерінде кодтауды қажет етті. Ақпаратты кодтау адамдар өмірінде кез келген бағытта дамып, қажеттілігін көрсетіп, әр түрлі салаларда қолдана басталды.
Кодтар нені білдіреді? Ақпаратты кодтаудың маңыздылығы неде? Новая Шульба ауылының тұрғындары кодтардың маңыздылығын түсіне ме?
Ақпаратты кодтау қазіргі заманның бір өзекті тақырыбы болып табылады. Менің ойымша ақпаратты кодтаудың үлкен тәжірибелік мәні және қажеттілігі бар. Сондықтан мен ауыл тұрғындарының ақпаратты кодтау деген не, қандай түрде кодталанады және қандай салада кездестіріледі, ақпаратты кодтаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, өз тұрмыстарында қолдана ала ма екендігін анықтағым келді.
Бұл жұмыстағы менің алдыма қойған мақсатым: өз сыныптастарыма, ауыл тұрғындарына ақпаратты кодтаудың маңызыдылығын жеткізе отырып тұрмыстық жағдайларда өз тәжірибелерінде кодтарды кездескенде қолдана білулерін.
Мен бұл жобамен ізденіс жұмыстарын бірнеше тәсілдерді қолдандым. Интернет жүйесінде, анықтамаларда ақпараттар іздедім, сұрақтар қойып сыныптастарым, ауыл тұрғындарының арасында сауалнама өткіздім. Ақпаратты кодтау әр түрлі салаларда кездестіріледі, соның бірі штрих кодтар, әр адамның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), телефон нөмірлерінің және пошта индекстерінің кодтарын ауыл тұрғындары, сыныптастарым жиі кездестіреді. Кодтардың мәнін түсініп, өз өмірлерінде кездескен де қолдана білу үшін оларды ақпаратандыру керек екенін міндетім деп санаймын.
Жұмысты атқарғанда төмендегі кезеңдерден өттім:
1 кезең – іздеу және зерттеу бөлімінде анықтамалардан және Интернен жүйелерінен ақпарат іздедім.
2 кезең – алынған ақпараттарды өңдедім.
3 кезең – сауалнама өткіздім.
5 кезең – сауалнамаларды талдап, нәтижелерін түсіндірдім.
6 кезең - қортындыладым.
Қойылған міндеттерді шешу үшін, келесі әдістерді қолдандым: алынған тақырып бойынша әр түрлі анықтамалардан, Интернет жүйелерінен ақпараттарды тауып, оқыдым, салыстырдым, талдадым, сауалнама өткіздім және қортындылады.
Ізденіс жұмыстарымның қортындысында мен сыныптастарыма және ауыл тұрғындарына арнап ұсыныстар, кодтардың мағынасы көрсетілген күнтізбелер және брошюралар жасадым. 
Жұмысымның қортындысын сыныптастарым, ауыл тұрғындары еліміздің басқа аймақтарында тұратын туысқандарымен телефон желісімен сөйлескенде, тұрмыстық жағдайларда тауарлар сатып алғанда қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет