«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай-сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
|
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы
|
Бағдарламаның мақсаты
|
Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру
|
Іске асыру мерзімі
|
2010 - 2020 жылдар
|
Нысаналы индикаторлары
|
Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
жыл сайын кредиттерді жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңгеге арзандату;
2015 жылға:
ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;
жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту;
шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде 43 %-ына ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
2010 жылға арналған республикалық бюджетте 30 млрд. теңге көзделген. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады
|
Достарыңызбен бөлісу: |