«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары



бет1/4
Дата05.07.2016
өлшемі299.5 Kb.
#180714
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысына  
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен  
бекітілген     

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - Кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауды ішінара қамтамасыз ету түрінде кепілдіктер берудің шарттары мен тетігін айқындайды.


      2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы № қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
      3. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және Кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.
      4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агенттігіне өзара жасалған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражатының есебінен аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2. Терминдер мен анықтамалар



      5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) Банк - Даму банкін қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
      2) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде Кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.
      Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру - Кәсіпкерге Ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;
      3) кепілдік беру - Бағдарламада, осы Кепілдік беру қағидаларында және Кепілдік шартында айқындалатын шарттарда Кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
      4) кепілдік - банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын Кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде Қаржы агенттігінің Банк алдында жауап беру міндеттемесі;
      5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
      6) банктік қарыз шарты - Банк пен Кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Банк Кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.
      Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты - Ислам банкі мен Кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі, оның шарттары бойынша Ислам банкі Кәсіпкерге - тауарларды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде Ислам банкі мен Кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады. Тауар сатудың тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы Кәсіпкерге тауар сату жолымен саудадағы делдал ретінде Кәсіпкердің сауда қызметін Ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;
      7) кепілдік шарты - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қаржы агенттігі, Банк және Кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
      8) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
      9) номиналды сыйақы мөлшерлемесі - кредит бойынша сыйақының банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген мөлшерлемесі, оны банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда Банк бір жақты тәртіппен не тараптардың келісімі бойынша өзгерте алады.
      Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы - Ислам банкінің коммерциялық кредит беруге байланысты тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) түрінде не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;
      10) жоба - бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде Кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға болады;
      11) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      12) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
      13) тауар - оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында Ислам банктерінің сатып алу-сату мәмілелерін жасасуына рұқсат берілген, кейіннен коммерциялық кредит шарттарында Кәсіпкерге беру мақсатында Ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;
      14) Уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
      15) Қаржы агенттігі - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.

3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер


кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші
бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

      6. Мыналар:


      1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісі жаңадан бастаған кәсіпкерлер салалық шектеусіз;
      2) өңірлерде өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.
      Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
      1) тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын Кәсіпкерлердің;
      2) кредит/кепілдік алу үшін өтініш берген күні ағымдағы кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ Кәсіпкерлердің;
      3) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (10 АЕК-тен аспайтын берешектің болуына жол беріледі) Кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
      7. Мыналар:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын Кәсіпкерлер;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
      8. Мынадай:
      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
      3) сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      4) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      5) овердрафт түріндегі;
      6) бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
      7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
      9. Бағдарлама шеңберінде Банктер:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      10. Кепілдік Банктер жаңа жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ инвестицияларға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша ғана беріледі.
      11. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
      12. Қаржы агенттігі Кәсіпкердің аффилирленген және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
      13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      14. Қоса алғанда 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша айналым қаражатын толықтыруды кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға рұқсат етіледі.
      15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын Жоба шеңберіндегі кредиттің(- тердің) сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің біреуі үшін онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету. құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін;
      4) Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында немесе Қаржы агенттігінің өзге де бағдарламаларында көзделген Бағдарламаның оқыту жобалары шеңберінде оқудан өтуі ұсынылады.
      16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мөлшері 20 млн. теңгеден асатын кредиттеріне кепілдік беру Кепілдік беру қағидаларының осы бөлімінің 20-тармағында баяндалған шарттарда жүзеге асырылады.
      17. Кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің) сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) кепілдік беру мерзімі — 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, қоса алғанда 100 %-ына дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет корсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттардан басқа) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.
      18. Кепілдік беру шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
      19. Кәсіпкер/Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойылғанға дейін Қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: қоса алғанда (екі) жылға дейін - кепілдік беру сомасының 0,05 %-ын; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасының ОД %-ын төлейді.
      20. Қаржы агенттігіне Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыруға құқылы.
      21. Қаржы агенттігі төлеген Банк талаптарының көлемі Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік қоржын көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-нан жоғары шектен асқан кезде, мұндай Банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
      22. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
      23. Мынадай:
      1) Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
      2) Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
      3) Бағдарлама әлеуетті қатысушының және онымен аффилирленген заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, Қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

4. «Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп


салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық
қолдау» екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

      24. Мыналар:


      1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
      2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында жобаларды іске асыратын және /немесе іске асыруды жоспарлайын Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.
      Бұл ретте Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
      1) тұрақтандырушы немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын Кәсіпкерлердің;
      2) кредит/кепілдік алу үшін өтініш берген күні ағымдағы кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ Кәсіпкерлердің;
      3) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (10 АЕК-тен аспайтын берешектің болуына жол беріледі) Кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
      25. Мыналар:
      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын Кәсіпкерлер;
      3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын Кәсіпкерлер;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
      26. Мынадай:
      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
      2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
      3) сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
      4) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
      5) овердрафт түріндегі;
      6) бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
      7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
      27. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы.
      28. Бағдарлама шеңберінде Банктер:
      1) кредит беру шарттарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
      2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      29. Кепілдік Банктер жаңа жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ инвестицияларға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша ғана беріледі.
      30. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
      31. Қаржы агенттігі Кәсіпкердің аффилирленген және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
      32. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      33. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша ішінара, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін. Қоса алғанда 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша айналым қаражатын толықтыруды кредит сомасының 100 %-ына дейін қаржыландыруға рұқсат етіледі.
      34. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:
      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын Жоба шеңберінде кредиттің(-тердің) сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы Ісін жаңа бастаған бір кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте Ісін жаңа бастаған кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі - 3 (үш) жылға дейін.
      35. Кәсіпкер үшін:
      1) экономиканың басым салаларындағы Жобалар бойынша кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің) сомасы қоса алғанда 360 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
      Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
      3) Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
      36. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) сомасы бір Кәсіпкер үшін қоса алғанда 1850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен аффилирленген тұлғалардың кредит! (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
      37. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) мөлшері қоса алғанда 360 млн. теңгеге дейінгі соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте Кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
      Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді.
      38. Кепілдік беру мерзімі - 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
      39. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын Жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден жоғары соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды.
      40. Кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
      41. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, қоса алғанда 100 %-ына дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуден және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттардан басқа) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.
      42. Сомасы 180 млн. теңгеден жоғары кредит(тер) бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде Кәсіпкер жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
      43. Кепілдік беру шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
      44. Кәсіпкер кепілдік беру шартына қол қойылғанға дейін Қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: қоса алғанда 2 (екі) жылға дейін - кепілдік беру сомасының 0,05 %-ын; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасының 0,1 %-ын төлейді.
      45. Қаржы агенттігіне Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыруға құқылы.
      46. Қаржы агенттігі төлеген Банк талаптарының көлемі Қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік қоржын көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде, мұндай Банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
      47. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
      48. Мынадай:
      1) Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
      2) Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
      3) Бағдарлама әлеуетті қатысушының және онымен аффилирленген заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, Қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

5. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет