В. И. Лебедева Педагогика ғылымдарының кандидаты



бет1/2
Дата17.06.2016
өлшемі304 Kb.
#143226
  1   2


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және химия факультеті
Денешынықтыру кафедрасы

РегбиДАН АРНАЙЫ ЖӘНЕ

дайындаЛу жАТТЫҒУЛАРЫ

Әдістемелік нұсқаулар




Павлодар

УДК 796.333

ББК 75.575

Р 31


С.Торайғыров атындағы ғылыми кеңесте ұсынылған



Рецензенттер:

В.И.Лебедева – Педагогика ғылымдарының кандидаты



Құрастырған: Кривец О.А,Оралтаев Е.Р
Р 31 «Регбидан арнайы және дайындалу жаттығулары» әдістемелік

нұсқау /құраст. Кривец О.А,Оралтаев Е.Р. – Павлодар, 2007. –

41 б.
Қазақстанда кредиттік технология бойынша жоғары білімнің жаңа жүйесіне көшуге байланысты оқу үрдісіндегі оқу материалының ауқымды көлемі студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ және СӨЖП) бөлінеді, сонымен қатар әдістемелік қамсыздандыруды талар етеді.

«Регбидан арнайы және дайындалу жаттығулары» әдістемелік нұсқаулыққа регбист ойыншысын техникалық дайындау жөніндегі ақпарат пен ұсыныстар кіреді.

Ұсыныстар материалдарын педагогтар да, студенттер де дене тәрбиесі сабақтарында және өздік жұмыстарда қолдануға болады.

Регбидан арнайы және дайындалу жаттығулары құралдары – нақты оқу құралында ұсынылған практикалық ұсыныстардың негіізгі бағыттылығы осы.

УДК 796.333

ББК 75.575


© Кривец О.А, Оралтаев Е.Р., 2007

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007

Кіріспе

Техникаландырған спорт түрінде және шешілген ойын ережелерінде максималды пайда келтіретін тәсілдер мазмұны мен спецификалық құрылымдар кешені.(доктор Леон Теодаресну)

Регби ойынының мақсаты - қарсыластың сынақ жолағына допты кіргізу. Допты ұстап жүрген ойыншыны қолмен ұстап алып тоқтатуға болады.Бұнда регбидің негізгі мазмұны жатыр және бұған тағы ойын ережелерін қосу керек.Техникалық тәсілдер арасынан пас беруді ерекше бөлу керек, онсыз ойын өзінің тартымдылығы мен коллективтік сипатын жоғалтады.

Регби ойыны негіздерінің техникалық элементтері мыналар:

- пас (беру), оған кіреді: допты алу, доппен жүгіру, допты беру және допты ұстап алу;

- захват;

- захват сипаты;

- алдамшы қозғалыстар;

- айқастағы негізгі позициялар.

Техникалық тәсілдердің бәрін шебер меңгеру өте маңызды, себебі регби ойыншыларының бәрі қорғанысқа,шабуылға қатысады және бұл жағдайлар ойында тез өзгереді.

Ойында статистикалық жағдайлар өте аз. Негізінде ойын қол ойыны мен контакттардан құралады.

Ойыншы допты алып, оны тез қолданысқа енгізуі керек, ал қарсыласпен күрес кезінде керекті тактикалық тәсілді шабуылда да, қорғаныста да қолдану керек.

Техникалық дайындық бірте - бірте іске асырылады және бірнеше фазалардан тұрады. Оқытушы, баптаушы немесе нұсқаушы техникалық дайындықты жүйелеу керек. Жүйелеу берілген ойыншылар жасына сай болу үшін қажет. Бұл жерде техниканы меңгеру, техникалық тәсілдерді үйрену тактикадан бөлек болуын ескеру керек. Осыдан шығады, белгілі бір элементті үйрену, ол үйрену бір орында немесе ойында болмасын,ойын ережелерін үйрену мен ойынның тактикалық негізімен байланысты болу керек. Егер тактика мен техника бір-бірінен бөлек болса, регби өзінің негізінен айырылады.
1 Жеке қозғалыстар техникасы
Әр ойыншы негізгі техникалық тәсілдерді меңгеруі керек. Техникалық тәсілдер мыналар:доппен жұмыс (қолмен ойнау), алаңда доппен қозғалыс жасау, жүгіріс ритмін өзгертіп отыру, допты алу үшін күштік күресуді қолдану, ұстап алу,сол және оң аяқпен допты соғу. Жеке техникалық тәсілдер көп емес. Әр ойыншы өзінің жеке техникалық тәсілдерін жоғары дәрежеге жеткізе алатыны белгілі. Бұл ойыншының назарын тактикалық орындауға аудартпайды, ойыншының назарын күрестегі тактикалық шешімдерге аудартады. Техникалық тәсілдер кезінде баптаушы ойын қателерін мезгілінде аңғара білуі керек. Жеке техникалық қозғалыстыр техникасына кіретін әр элемент дұрыс орындалмаса, ойын әсерлі болмайды. Мысалы, ”коридордағы” ойын техникасы мыналардан тұрады: құлату, секіру және допты ұстау, қысқа, орташа және ұзыннан құлату. ”Коридордағы” ойында қандай командада болмасын сәттілікке қол жеткізу өте қиын. Үстінде аталып өткен элементтердің ешқайсысы дұрыс әрі нақты орындалмаса. Ойыншылардың техникалық қозғалыстарын баптаушы қадағалап отыруы қажет.

Қол ойыны

Регби ойынының техникалық тәсілдердің бірі қолмен пас беру болып саналады. Осы тәсілді орындау үшін ойыншының басқа ойыншыға пас берудің нақты болуы қажет. Жақсы пас беру үшін допты екі қолмен ұстауды үйренумен қатар, жан-жақтағы ойыншыларға қарап отыруы керек. Допты алу тәсілі кезінде қолды допқа қарама-қарсы бағыттау керек. Пасты алу тәсілдеріне бірнеше қарапайым мысалдар келтірейік:

1) А,Б,В ойыншылары әртүрлі бағыттарда “шаршыда”қозғалып келе жатыр. Бүкіл алаңда (10х10) ойыншы қозғалып, допты бір-біріне беріп әртүрлі бағытта беріп жатыр;

2) дәл солай, бірақ пас оң жаққа екі қолмен беріледі;

3) дәл солай, бірақ пас сол жаққа екі қолмен беріледі;

4) дәл солай, бірақ пас сол және оң жаққа екі қолмен бастың үстімен беріледі;

5) дәл солай, бірақ пасты тізеден төмен орындау керек;

6) және Б ойыншылары В ойыншысынан “шаршының”басқа бөлігінде орналасқан. Ақырғы ойыншы қозғалып келе жатқан А және Б ойыншыларына бағытталған әртүрлі пас түрлерін орындайды;

7) 6 мысалдағыдай А ойыншысы пасты Б ойыншысына береді, сосын Б және В ойыншыларының жаулап алуын ұстанады. Б ойыншысы А ойыншысына пас береді, ал А ойыншысы оны В ойыншысына береді. Әрі қарай ойыншылар ауысып отырады. ”Шаршыдағы” жаттығуларды қолдану арқылы баптаушы белгілі уақыт арасында ойыншылардың жіберген қателерін түзетіп отыруы керек. Және де жаттығулардың жылдамдығын үлкейтіп отыруын қадағалап, жаттығуларды уақытқа тексеру керек. Мысалы 20-30 секунд арасында неше пас беретінін қадағалау.

Келесі дайындықтарда жаттығу формасын сақтап, пас беруге кедергі жасап отырған ойыншыны қарсыласты шығарып отыру керек. Бұл кезде пас алмаған ойыншы өзінің командаласынан пас алуға тырысу керек. Осы кезде ойыншыға үстіңгі шабуылдарды үйрету керек,ол ойыншы қорғаушы рөлін атқарады.

Бұл тәсіл кезінде допты ұстап тұрған ойыншыға доппен ойнату мүмкіндігін сақтап қалуды үйрету өте қажет. Бұл үшін ойыншы аяқтарын созып, қатты бүгіп тұру керек. Егер допты ұстап тұрған ойыншының қолдары байланып тұрса, жанындағы ойыншы допты жұлып алу керек.Бұл жерде келесі жайттарды ескеру керек:


  • допты ұстап тұрған ойыншыдан белгілі бір қашықтықта тұру керек, әрі мынадай ережені ұстану керек - сол иықпен сол жаққа немесе оң иықпен оң жаққа;

  • допты дұрыс ұстап алу үшін (пасты қабылдау үшін), қолды әрі қарай созып, допты нық ұстап алу керек.

Осыдан кейін жаттығулар формасын өзгертіп, шаршы ауданын ұлғайтуға болады. Мысалға 3 жаулап алушы 2 қорғаушыға қарсы ойынын алайық. Осы жаттығу кезінде допты ұстап тұрған ойыншы өз уақытында допты дұрыс беру шешімін қабылдау керек. Ойынның барлық шарттарын орындау үшін, шаршының ауданын үлкейтуге болады. Мысалы: көлденеңнен 3 шаршы, тігінен 2 шаршы (шаршының бір жағы 10 м) Ойыншылар саны сол қалпында қалады, яғни 3х2. Осы пасты артқа қарай ғана беруге болады, ал шабуылдар үстіңгі ғана болу керек.

Кейінгі кезде ойыншылар санын 6 ойыншыға дейін көбейтуге болады (6 ойыншы әр командада) және шаршы ауданын үлкейтуге болады. Осыған орай қарапайым жаттығу түрлері күрделіне түседі. Жаттығулардың күрделінуіне байланысты жаттығулар шарттары жарыс дайындықтарына жақындай түседі.

Ойыншыларға мынаны білу қажет:


  1. пас өте жылдам әрі нақты болу керек, өйткені қорғанып тұрған қарсылас өте тез қозғалумен, допты жұлып ала алады;

  2. допты ұстап алған ойыншы пасты кез-келген жағдайда беруге дайын болу үшін, өз командаластарының ылғи алдында жүруі керек;

  3. допты ұстап алған ойыншы қарсыластың жолағымен түзу қозғалу керек. Ал олай қозғалмаса, қарсыластың допты алып алу мүмкіндігі өседі.

Жүгіріс

Регби ойынында түзу бойымен жүгірумен қатар, жүгіру бағытын жылдам өзгерту тәсілдері қолданылады.

Доппен және допсыз жүгіруге болады.

Доппен жүгіру. Бұл тәсілді алға қарай қозғалып бара жатқан ойыншы қарсыласты жетіп алуға тырысады, содан кейін аяқтан шалып, допты алу мақсатымен шабуыл жасайды. Қандай ойыншы болмасын, қорғаушы немесе шабуылға алға қарай қозғалу тәсілін жақсы біліп, сапалы меңгеру өте қажет. Сондықтан регби ойынында шабуылшы қорғаушы қызметін атқара алады немесе керісінше. Әртүрлі маневрлер жасауға мыналар кіреді: тез арада шабуыл бағытын өзгерту, алдамшы қозғалыстар (финт) жасау. Осы тәсілдерді меңгеріп алғаннан кейін, ойыншылардың жеңіп алу мүмкіндіктері өседі. Осындай күрес кезінде әр ойыншы жеңіске жету үшін өзінің жеке-дара тәсілдерін іздеу керек.

Бір жаққа қадам жасау. Осы тәсіл көбінесе жақындаған қарсылас ойыншыдан құтылу үшін қолданылады.

Тәсілді орындау үшін мыналар керек:

а) допты екі қолмен ұстап тұрып, дене ауырлығын бір аяқтан екінші аяққа аудару керек, содан кейін тез арада сол немесе оң жаққа қарай бағытты өзгерту керек. Осындай қысқа әрі алдамшы қадам қарсыластан құтылудың жеңіл жолы. Тірек аяқпен итеріс жасау. Бұл әдіс жүгіріс бағытын өзгертуге мүмкіндік береді;

б) жылдамдықты өзгерту керек. Бұны алдамшы қадамнан кейін жасау керек, бұл екінші қарсыластан құтылуға мүмкіндік береді. Қарсылас пен ойыншы арсындағы ара қашықтық допты ұстап жүрген ойыншының жылдамдығына байланысты.

Жүгіріс бағытын өзгерту (финт). Бұл тәсіл қарсыласты алдау мақсатымен қолданылады. Шаршының бір жағында орналасқан ойыншыға осы тәсілден кейін жылдамдықты үдету керек. Жақсы қолданылған бұл тәсіл қарсыласты шатастыруға әкеледі. Бұл тәсіл жүгіріс бағытын өзгертудің 2 түрінің көмегімен орындалады: ішке қарай және сыртқа қарай. Бұл үшін иықпен қозғалу ғана жеткілікті болады. Бірінші рет ойыншылар бұл тәсілді өздігінен жасауға тырысады. Жүгіріс бағытын ешқандай қарсылассыз орындайды. Осыдан кейін қарсыластық енгізіледі (1х1 ойыны). Қорғаушы берілген сызық бойымен қозғалып, жаулап алушы ойыншыға жеңіл қарсыластық көрсетеді. Осы қарсыластықтан кейін жылдамдық максималды түрде өседі, жылдамдық өскеннен кейін қарсыластың ойын шарты ретінде өзгеруі басталады.

“Қол”. Бұл тәсіл қарсыласқа қосымша тәсіл ретінде қолданылады. Шабуыл жасап жатқан ойыншыға қарсылас жасауға өте қолайлы болады. Бұл кезде шабуылшы ойыншы аяқ күшін жақсы қолданбайды.

“Қол” тәсілін қолданып жатқанда допты арғы жақта тұрған қолға ауыстыру керек, бірақ бұл тәсілді қарсылас біліп қоймау үшін соңғы кезде жасауға үлгеру керек. Осымен қатар, ойыншы қарсыластардан қолын бүгіп алып,иықпен итерілу керек.



Допсыз жүгіру

Регби ойынынан өткізілетін маттарда жиі көрініп қалатын жайттар бар. Солардың бірі доппен жүгіріп бара жатқан ойыншының көмексіз немесе көмектің кешігіп қалғандығы. Тәжірибесіз ойыншыға допсыз жүгіру өнері өте қиынға түседі. Доппен жүгіріп бара жатқан футболшыға қарағанда, регбист ойынының көп уақытын ( 79 минуттан жоғары ) доппен жүгіріп бара жатқан ойыншының артында жүгіруге тура келеді. Тәжірибесі аздау регбист пасты беріп болған соң, пасты алған ойыншының артынан жүгіруге тырыспайды. Жоғары дәрежеде өткізілетін ойында да бұл жайт көптеген қауым көзіне түседі. Қолдағы допты артқа ғана беру ойынында бұл жайтты ойыншының негізгі жетіспеушілігі деуге болады. Артқы пасты алған ойыншы алға қарай қозғалу керек. Допты жоғалтып алмау үшін, яғни допты алға беріп қалмау үшін (бұндай қателік тәжірибелі ойыншылар арасында кездесуі мүмкін) шабуылшы ойыншы нақты әрі күшті қозғалыстар жасау керек. Шабуыл жасап жатқан ойыншыларда топта үш байланыс сызығы бар. Бірінші шабуыл сызығындағы ойыншыда екі жақпен де доппен ойнау мүмкіндігі болу керек. Екінші шабуыл сызығындағы ойыншылар флангтағы өзінің командаластарының қимылдарына көмек көрсетіп, жанында орын алу керек. Үшінші шабуыл ойыншыларында екінші шабуыл сызығына орналасу мүмкіндігі болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет