Бүйрек үсті безі патологиясының визуалді диагностика әдістері



бет1/5
Дата25.04.2023
өлшемі4.36 Mb.
#472705
  1   2   3   4   5

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ ВИЗУАЛДІ ДИАГНОСТИКА ӘДІСТЕРІ.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Орындаған:Қайнарқызы Д.
Қабылдаған:Убайдаева А.Б.
Тобы: ЖМ-307

ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

2.1. Бүйрек үсті безі.

2.2. Бүйрек үсті безі құрылысы,қызметі.

2.3. Бүйрек үсті безі аурулары.

2.4. Бүйрек үсті безі зерттеу әдістері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Бүйрекүсті безі (glandula sup-rarenalis, лат. glandula — без, supra — үсті және ren — бүйрек) — бүйректің ішкі және жоғарғы жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция безі. Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған.

Бүйрек үсті безі құрылысы.

Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр.Бүйрекүсті бездерінен көптеген гармон түзіледі.

Бүйрек үсті безі қызметі.

1)Бездердің қыртысты қабатынан түзілген гармондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді.;

2)Тұз және су алмасуды қаматамассыз етеді.

3)Қан мен басқа ұлпаларға натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет