Бұйрық №21 19 қаңтар 2011 жыл Жалпы орта білім беретін мектептерінде мемлекеттік аралық бақылауды дайындау және өткізу жөніндегі шаралар туралы



Дата27.06.2016
өлшемі17.84 Kb.
#161212
Бұйрық №21 19 қаңтар 2011 жыл

Жалпы орта білім беретін мектептерінде

мемлекеттік аралық бақылауды

дайындау және өткізу жөніндегі

шаралар туралы

Облыстық білім басқармасының 17 қаңтар 2011 жылғы №10 «Жалпы орта білім беретін мектептерінде мемлекеттік аралық бақылауды дайындау және өткізу жөніндегі шаралар туралы» бұйрығына сәйкес ауданның жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде мемлекеттік аралық бақылау келесі пәндер бойынша өткізілсін:

1) оқытудың бастауыш деңгейінде (4 сынып - бір пән бойынша) – математика;

2) оқытудың негізгі деңгейінде (9 сынып – үш пән бойынша) – қазақ тілінде оқытатын мектептерде – орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептерде – қазақ тілі, шет тілі (ағылшын, неміс, француз) және математика пәндері.

2. Мемлекеттік аралық өткізу кезеңіне аудандық білім бөлімі жанынан №1 қосымшаға сәйкес штаб құрылсын.

3. Барлық жалпы орта білім беретін мектептер:


  1. мектептерде мемлекеттік аралық бақылау өткізуді қамтамасыз етсін:

  2. мемлекеттік аралық бақылау рәсімінің өту барысын бақылауды күшейту мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің комиссиясы құрамына кандидатураларды 2011 жылдың 20 қаңтарға дейін;

3) мемлекеттік аралық бақылауды өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың құрамын 2011 жылдың 1 ақпанына дейін аудандық білім бөліміне ұсынсын.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Омаровқа жүктелсін.




Бөлім бастығы Қ.Оңғаров

Аудандық білім бөлімінің

2011 жылғы 19 қаңтардағы

№ 21 бұйрығына №1 қосымша



2011 жылғы МАБ-ты өткізу жөніндегі аудандық білім бөлімі жанынан құрылған штаб құрамы

Омаров Ж.- Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі, штаб бастығы

Мүшелері: 1 Бөпежанов Т. –аудандық білім бөлімінің бас маманы

2. Сейдахметов Д.- әдістемелік кабинет әдіскері



3. Нақыпова Л.- әдістемелік кабинет әдіскері

4. Сарсенбаева Қ.- әдістемелік кабинет әдіскері

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет