Бұйрығына 12-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі



Дата09.06.2016
өлшемі38.78 Kb.
#125330


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының

2014 жылғы «___»__________

____ бұйрығына



12-қосымша


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комиетінің Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлектетік мекемесі кәсіптік даярлық мектебінің

ережесі



  1. Жалпы ереже




  1. Кәсіптік даярлық мектебі (бұдан әрі – Оқу бөлімшесі) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – КР ІІМ ТЖК) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Оқу бөлімшесі өрт қауіпсіздігін, азаматтық қорғанысты, халықты және аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету саласында кәсіптік даярлау, кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату бойынша ҚР ІІМ ТЖК өкілеттігін белгіленген тәртіпте жүзеге асыру мақатында құрылған.

  1. Оқу бөлімшесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, ҚР ІІМ ТЖК бұйрықтары мен нұсқауларына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ кәсіптік даярлық мектебі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. Оқу бөлімшесінің құрылымы ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ штаттық кестесімен анықталады.




  1. Оқу бөлімшесінің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері




  1. Оқу бөлімшесінің негізгі мақсаты ШҚО ТЖД мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (бұдан әрі МӨҚҚО) жаңадан қабылданған қызметкерлерінің аялғашқы даярлығын жүзеге асыру, МӨҚҚО қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату болып табылады.

  2. Функциялары:

      1. бір жылға Оқу бөлімшесінің оқу тобын жинақтауға жоспар-кесте құру;

      2. тыңдаушылардың әр санатына оқу-тақырыптық жоспарларды әзірлеу;

      3. оқу топтарымен сабақтар өткізу сапасын жақсартуға бағытталған әдістемелік құжаттар, шолулар әзірлеу;

      4. мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша курстық оқыту және бағдарлама әзірлеу;

      5. оқу топтарымен сабақ жүргізу үшін ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ тәжірибелі және мейлінше дайындықтан өткен қызметкерлерін тарту;

      6. Оқу бөлімшесінің оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы және қызметінің басқа да маңызды мәселелерін ұжымдық талқылау үшін педагогикалық кеңес ұйымдастыру;

      7. оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, оқыту тренажерларын мемлекеттік сатып алу бойынша жыл сайын конкурстар өткізуде ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» бюджеттік сапсырысын қалыптасрыуға қатысу;

      8. Оқу-бөлімшесінің командалық-оқытушылық құрамының кәсіптік дайындығын және біліктілігін жоғарылатуына бақылауды жүзеге асыру;

      9. Оқу бөлімшесінің тыңдаушыларымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жүргізілуін бақылау;

      10. Оқудың яқталуы және біліктілігін беру туралы бұйрықтарды құру және бекіту, растаушы құжаттарды беру.

  3. Құқықтары мен міндеттері:

      1. осы Ережеге сәйкес өзінің міндеттерін орындау үшін ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерінен қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрау;

      2. Оқу бөлімшесінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      3. қызметтік және еңбек тәртібі бұзушылықтары фактілері бойынша қызметтік тергеу өткізуге бастамашыл ету;

      4. Қазақстан Республикасы заңнамасын білу және сақтау;

      5. қолнаныстағы заңнамадағы өзгерістерді қарап бақылау;

      6. Оқу бөлімшесіне бекітілген тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

      7. өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді сапалы және дер кезінде орындау;

      8. өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату.




  1. Оқу бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру.




  1. Оқу бөлімшесінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне сәйкес өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

  2. Оқу бөлімшесін ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бастығы лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын бастық басқарады. Оқу бөлімшесі бастығының орынбасары бар.

  3. Кәсіптік даярлық мектебінің бастығы мектеп қызметіне жалпы басшылық етеді және жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функциясын жүзеге асыруға жеке жауаптылықта болады.

  4. кәсіптік даярлық мектебінің бастығы ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ басшылығына мектептің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады.

5. Осы мақсатта КДМ бастығы:

1) өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2) КДМ штаттық кестесі бойынша командалық-оқытушылық құрамның міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6. Оқу бөлімшесінде ішкі тәртіпті МӨҚҚО Қызмет жарғысы талаптары негізінде Оқу бөлімшесінің бастығы белгілейді.


  1. Оқу бөлімшесінің қызметіне тікелей басшылықты ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бастығы жүзеге асырады.

  2. Оқу бөлімшесіне: басшылық және командалық-оқытушылық құрам және тыңдаушылар кіреді.

  3. Кәсіптік даярлық мектебінің лауазымды тұлғалары заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына және қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға және өздерінің функцияларын жүзеге асыруға жауаптылықта болады.

______________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет