2012 жылғы № қаулысына



Дата13.06.2016
өлшемі99.56 Kb.
#131351





Әкімдіктің

2012 жылғы «____» _____________

№ _______ қаулысына

қосымша
Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 32 қаулысымен

бекітілген



«Лисаков қаласы әкімдігінің

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже


  1. Жалпы ережелер

1. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ, өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Лисаков қаласының әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.

3. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Лисаков қаласының әкімдігі болып табылады.

4. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, сондай-ақ Лисаков қаласы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Лисаков қаласы бюджетінің қаражатынан жүзеге асырылады.

13. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының сенімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету, абаттандыру, көгалдандыру және қала санитариясын қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін, жол жүрісін реттеу құралдарын күтіп-ұстау және пайдалану бойынша іс-шараларды жүргізу жолымен халық үшін қолайлы тіршілік жағдайын жасау; өңірлік бағдарламаларды іске асыру жолымен қаланың инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыру, жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді көрсету.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өкілеттіктердің шеңберінде жергілікті мемлекеттік басқару саласында «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігін арттыру.

15. Міндеттері:

1) қала аумағында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, тұрғын үй қоры, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары объектілерін дамыту және техникалық пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) мемлекеттік мекеме қызметінің бағытына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

3) қаланың тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту және толық жетілдіру;

4) елді мекендерде жол жүрісін реттеу бойынша жабдықтар мен құралдарды пайдалану;

5) мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;

6) сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерінің қызмет етуі;

7) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;

8) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

9) туысы жоқтарды жерлеу орындарын ұстау;

10) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

11) автомобиль жолдарының қызмет етуі.

12) жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

1) қаланың абаттандыру объектілерін: көгалдандыру, көшеге жарық түсіру, су бұрқақтарды, саябақтарды, саяжолдарды, бағдаршамдарды, автобус аялдамаларын күтіп-ұстау және жақсарту;

2) абаттандыру, көгалдандыру, күрделі жөндеулер мен қаланы санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың жоспарларын әзірлеу;

3) қалалық автомобиль жолдарының, алаңдары мен жаяужолдары жабындыларының сапасын жақсарту;

4) нөсер суларды уақытылы және тұрақты бөлу;

5) қала аумағындағы ғимараттар мен құрылыстардың, абаттандыру және көгалдандыру элементтерінің сыртқы көрініс жағдайларына бақылау жасау;

6) қаржыландыру жоспарларын және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын дайындау;

7) бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету;

8) бюджеттік қаражаттарды пайдалануды растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуіне бақылау жасау;

9) қысқы және су тасқыны кезеңдеріндегі жұмысқа қалалық шаруашылықтың дайындығы бойынша жұмыстарды үйлестіру;

10) қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын ұстау және пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру;

11) жұмыстарды, қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

12) жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалын ұйымдастыру;

12-1) жолаушылардың және багаждың тасымалын жүзеге асыру құқығына автомобиль-таксилермен шарттар жасау;

13) халықты және қалалық шаруашылық объектілерін жылумен, сумен, газбен және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету бойынша коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің – кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;

14) қаланың үй-жай иелері кооперативтерінің қызметтерін үйлестіру;

15) үй-жай иелері кооперативтерінің қызметтерін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

16) инженерлік қатынастар мен жабдықты пайдалану және қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы технологиясы бойынша келіп түскен ақпаратты табиғи монополиялар субъектілеріне жеткізу;

17) тұтынушылардың жылуды, суды, газды және электр энергиясын жеткізушілердің алдындағы коммуналдық қызметтер үшін бар қарыздарын өз уақытында өтеуі бойынша іс-шараларға қатысу;

18) қаланы абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін реттеуші құжаттарды әзірлеу;

19) меншік иесімен қараусыз қалдырылған бос тұрған тұрғын үйді анықтау;

20) «Жатақхана», «Уста плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директорларын жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату;

21) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тердің тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) қала әкіміне әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, өңірдің стратегиялық даму және басымдылығы бойынша ұсыныстарды енгізу;

2) қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды енгізу;

3) қаланың кәсіпорындарының, ұйымдарының және қоғамдық ұйымдастырулардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша конкурстық комиссияларға қатысуға тарту;

4) мемлекеттік мекеменің құзыретіндегі мәселелер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге түсініктеме, кеңес беру;

5) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін, хаттарын заңнамаға сәйкес қарау;

6) қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

7) кәсіпорындар мен мекемелерге, мемлекеттік мекеме басшылық ететін басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға бару;

8) мемлекеттік мекеме басшылық ететін кәсіпорындардан қолданыстағы заңнамаға жоғарыда тұрған органдардың қаулыларына сәйкес мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратқа сұраныс жолдау;

9) мемлекеттік мекеменің осы Ережеде көрсетілген құқықтармен қатар оған қолданыстағы заңнамамен берілген басқа да құқықтары бар.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығы «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.

19. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Лисаков қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшыларынан бөлім қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады;

2) қала әкімдігінің мәжілісіне мәселелер дайындаған кезде құрылымдық бөлімдердің қызметкерлерін олардың басшылығының келісімі бойынша олардың құзыретіне кіретін құжаттарды және материалдарды дайындауға тартады;

3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді қараған кезде қалалық мәслихаттың сессиясына, кеңестерге, мәжілістерге қатысады;

4) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжіліс өткізеді және кеңес беруеді;

5) басшылықтан қызмет міндеттерін орындау үшін қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді;

6) орындаушылардан жоғарыда тұрған органдардың өкімдік құжаттарының орындалу барысы туралы ақпаратты сұратады;

7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша қаланың барлық қызметтерімен өзара әрекет жасайды;

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бастық басқарады.

22. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім бастығымен бекітілген «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді.

Жұмыс күні 9.00 сағаттан басталады және 18.00 сағатқа дейін созылады, дем алу және тамақтану үшін үзіліс 13.00-14.00 сағат аралығында.

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлері үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді есепке ала отырып, үстеме жұмыс белгіленеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі (Құрылтайшы) берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.

24. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

_________________________________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет