Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сана басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



бет1/4
Дата08.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#122962
  1   2   3   4
МЫҚАН АҒАШЫ

(жүйелеу)


Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы – көркем сана. Көркем сана – басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас. Жаратқан иеміздің болмысын түйсікпен іздеу, санамен елестету, рухпен сезіну – жаратқан ием жаратқан жан иесінің, тектің, нәсілдің бекзаттылығын, тектілігін, ақыл алғырлығын танытатын әлемдік өлшем. Көркем ойлау жүйесі – ғарыштық яғни түп тұқияны ғаламдық тұтастыққа негізделген әсіреәфсаналық санаға ие тек – адамзаттық өркениеттің ұйытқыларының санатына жатады. Мұқым шексіз ғалам жүйесінің иесін Көк Тєңірі ретінде асқақтата танып, ғарыштың өзін жеті қатқа қаттап, Аспан – Күн – Жер – Су деп кеңістік пен уақыттың өзін соның бөлшегі ретінде қарастырып жүйелеген түркілік тәңірлік сана түйсігі – исі адамзаттық көркем санасының әлмисақтан да бұрынғы бесігінің бірі болып табылады.

Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы керетін сайын кеңдікті қамтитын текті жұрттың әсіреәфсаналық түйсік сарасы (мифологические художественное сознание), әсіреәфсаналық көркем санасы (мифопоэтическое художественное сознание), әсіреәфсаналық көркем көзқарасы (мифопоэтическое художественное мировозрение), әлемдік мифологиялық жүйеден тыс қалды. Білместіктен де емес, бұл – ақылға сыймастай келсімге (гармония) ие көркем жүйеге ішкі тұйықталған өзімшілдік түйсігімен жатсына жатырқаудан туған өгейлік. ХҮ – ХҮІ ғасырларда ғана діни инквизициялық санадан серги бастаған еуропалық сана оқымыстылары гректік-римдік әсіреәфсаналар мен тарихи жазба әсіреәфсаналарға («Илиада», «Одиссея») ынта қойып, көк құдайына емес, көп құдайларға назар салды. Соңынан араб пен үнді, қытай мен үндіс, ал ХХ ғасырда Қиыр Сібір жұрты мен австралиялық аборигендердің мифтеріне жүгініп, Тєңірдің тұқымынан тыс Тәңір туралы көркем түйсік сараланып, жүйеленді. Соның салдарынан әлемдік мифтану ілімі мен мифтік жүйелерде тәңірлік әсіреәфсаналық көркем сана саналы түрде сараланбады, жаратқан ием туралы жат түсініктің жатырқауына түсті.

Оның басты кілтипаны: мифтік көркем түйсік, көркем сана, көркем көзқарас дүниенің жаратылысы туралы танымға, саналы көркем ойлау жүйесіне, нәсіл мен тектің түп тұқиянының ұйтқы ойын ашатын мәйекке – мифтік ілімге діни танымның, әлеуметтік мүдденің, саясаттың тікелей араласуына байланысты еді. Римдіктер мен элладалықтардың, қытай мен үнділердің, еврейлер мен арабтардың, үндістер мен тұңғыстардың, жалпы дін атаулының Алланы – Көк Тәңірін тануы мен ол туралы уағыздардың, танымның, Жаратушы жөніндегі әсіреәфсаналарының көнелігінде, жүйелілігінде, көркемдігінде, сенімділігінде, жаратылыстың шегі мен шексіздігі, оның кіндігі, иесі мен киесі туралы әсіреәфсаналардың көркем саналарының қуатына, нанымдылығында, пенде санасына үйлесімділігінде, рухани әсерінің күштілігінде болатын. Бүгінгі ғаламдастыру, кешегі кеңестендіру, одан бұрынғы нәсілдендіру, рухани отарландыру саясатының тамыр тартатын тегі осында жатыр. Миф – саясиланып, жаһандық саясатқа айналды. Тәңірлік мифті жатсынудың түп төркіні сонда.

Әсіреәфсаналық көркем түйсікті, көркем сананы, көркем ойлау жүйесін өшіру – рухани тәуелділіктің тұмса тұмылдырығы. Тексіз түйсік пен сананы, тексіз жұртты, тәңірсіз тобырды жетелеу жеңіл. Мұндай тектік жатсыну, түйсікке түртпек, саналы ығыстыру, көркем сана үлесінен тыс қалдыру - өркениеттің өршіген, «ескерілмеген» және ескерілмейтін астамшылығының басты ағымы болып табылады. Мұндай өгейлікті Көк Тәңірі мен Алланы тұтастай түйсікпен сезініп, таныған, әуелгі жаратқан ием мен жаратылыс туралы қуатты да көркем санаға ие көшпелілер әлемінің барлық қасиеті мен киесін, көркем әсері мен көркем ойын бойына жинақтаған құт иесі – қазақ елінің кешуі – жұртқа да, жұрт иесіне де намысты сын. Жалғанның жалған екенін тал бесіктен жер бесікке дейінгі фәнилік санасында тербеп өскен, керегенің көзі мен күлдіреуішті шаңырақтан «кең көк аспанның» аясына қарап отыратын, еркін де кең, тең, «Мәңгілік елге» – Жиделібайсынға, Жерұйыққа» «жер ортасы Көктөбеге» аңсары ауған, шалқар кеңістікте өмір сүрген көшпелі қауымының көркем санасы – исі адамзаттың жаратылысқа деген табиғи да текті әсіреәфсаналық көркем көзқарасы болып табылады. Саналық көзқарастың салын суға ағызған салбөксе, тәуелді сананы тітіркентетін түйсікке тек қана тәуелсіз рухани бостандық қана кепілдік береді.

Көркем таным – таңылмайды, танылады, оны танытады.

Бұл тұста әрбір тұнық сана иесі өзінің салыстырмалы тарихи пайымын (сравнительно-исторические изучение) көркем көзқарас ретінде ұсыну – ұтымды ой, сана сорабы боп танылмақ. Әркімнің тәңірді танудағы жаратылыс нысаны (идея творения) мен даму нысаны (идея развития) таным тылсымына таразы. Мәңгілік өмірге, мәңгілік түлеуге (рождения) тамыр тартатын не ақырзаманға (происхождение смерти) тұйықталатын әсіреәфсаналар мен тарихи әсіреәфсаналар сол дәуірдің мәдени тарихи ойлау жүйесінің деңгейі мен ерекшелігін (культурно-историческое развития особенности мышления) танытады. Бар мен жоқтың, зат пен таңбаның, кеңістік пен уақыттың арақатынасы алмағайып баяндалады. Кеңістіктер мен уақыттың өзі дәуір-дәуірге бөлініп, түп төркіні (архетип) сатылана сараланып, түпкі себебі (этнологиясы) түсіндіріледі. Сөйтіп, жаратушы мен жаратылушы қақындағы әсіреәфсана Ћақ (анық) ақиқат ретінде қабылданады. Әулиелер мен әнбиелік киелі әсіреәфсаналар туындады. Содан барып ерекше жаратылған нәсіл, тек, тұқым туралы саяси идеялогиялық уағыз басталады. Жалпының санасын билеген философиялық пайымға, ғылыми білімге, қатаң оқымыстылық қисынға (строгая научная логика) негізделген християндық, иудалық, исламдық, буддалық діни аяттар мен хадистер санаға сіңірілді. Біз саналы санасыз түйсіктен туындаған әлемдік түйсіктің асқақ жүйесі «мәңгілік өмірді» (высшая цель – бессмертия) аңсаған «тәңірлік жырға» («божественная поэзия») - көшпелілер кеңістігіндегі әсіреәфсаналық көркем сана мен көркем ойлау жүйесі және көркем көзқарас тұрғысынан ғана аял етеміз.

Әлемдік көркем түйсік тұжырымының тұрлауы, әсіреәфсаналық сананың бейнелік үлгісі, жаратылыс кіндігі – «әлем ағашы» (древо мировое) туралы барша мифтер исі адамзатқа ортақ мәңгілік өмір нысаны болып табылады. «Өмір ағашы», «Құт ағашы», «Кіндік ағашы», «Таным ағашы», «Сетер ағашы», «Мықан ағашы» деп әр сақта аталғанымен де бұл Бәйтеректің әсіреәфсаналық мағынасы бір. Ол – мәңгілік өмірдің бастауы және кепілі. Шекті мен шексіздің, жарық пен қараңғылықтың, фәни мен бақидың, аспан мен жердің, тірі мен өлінің, тылсым мен тірліктің құдіретті де киелі дәнекері. Салттық рәсім мен салт жырларында (єсіресе, қазақ арасындағы қара өлең сарынында да) нысан береді. Мәңгілік өмір Бәйтерегіндегі кеңістіктің өзі сан қатқа (жеті қат аспан, жеті қат жер, он тоғыз мың ғалам, күн астындағы Күнікейдің елі т.б.) бөлінеді. «Ерте, ерте, ертеде» деген тұрақты тіркес – сол әсіреәфсаналық көркем кеңістіктің қатпарлы жүйесі, яғни, бұл осы жаратылысқа дейінгі жаратылыстан бұрынғы дәуірдегі кеңістік пен уақыт боп қатпарлана береді. Бір кеңістік екінші кеңістікпен алмағайып алмасып, оқиғаның түпкі көркем түйсігі мен себебіне, көркем көзқарасына орай жүйеленеді. Бәйтеректің бұтағы – аспан әлемі, діңі – жер, тамыры – жер асты тылсымы, немесе – өмір, алмағайып дүние, өлім шекарасы боп бейнелене береді. Мұны әр халықтың жаратылыс туралы көркем танымы анықтайды. Қалайда Мықан ағашы мәңгілік өмірдің саясы ретінде қасиеттеледі. Қазақтың жаһандағы жалғыз ағашты кие тұтып, ақтық байлауында сондай нанымды сана нышаны бар.

Мәңгілік өмір саясы – әлемдік Бәйтерек көшпелілердің көркем ойында қалай көркем жүйеленді? Әңгіменің ендігі басты нысанасы да сол. Өйткені жаратылыстың түйсігі туралы көркем сана – ұлттық ділдің ұйытқысы мен көркем жетесі, яғни, жете желісі. Түйсік символы.


Бәйтерек
Қазақта ғаламдық уақыт пен кеңістіктің арасындағы мәңгілік тұтқасы («ось мира», «мировой столп», «мировая гора») болып саналатын нысаналы белгі – Бәйтерек. Ол ежелгі аңыздар мен қиссаларда, ертегілерде Мықан ағашы деп аталады. Көркем ойлау жүйесі еркіндіктен айырылып, әдеби тіл кезеңдік өзгерістерге ұшырап, басылымға идеялогиялық қысым күшейген тұста «Мықан ағашы» дегенді зиятсыздандырып, оны ақтық ілінетін «әулие ағаш» деп түсініп, оны бәйтерекке өзгерткен.

Мықан ағашы – жасыл өмірдің белгісі, уақыт пен кеңістіктің шекарасы. Есте жоқ ескі заманнан бастап күні бүгінге дейінгі тұспалдарға жүгінсек, тіпті, мєңгілік өмірді өмір бақи іздеген Асан қайғы мен Қорқыт болса да, аспан мен жердің үш қабатын кезген Ертістік болса да Мықан ағашын тапқаннан кейін сапарын тоқтатады. Өйткені Мықан ағашы – осы фәнилік уақыттың түпкі өлшемі. Яғни, тірі адамның жолы Мықан ағашына жетумен аяқталады. Мәңгілік жасыл өмірден артық тіршіліктің рахатын іздеу мүмкін емес. Жол сонымен тұйықталады. Одан әрі кеңістік басталады. Ол кеңістіктің ішіне ілінген адам қайтпайды. Сондықтан да қандай да бір оқиға болмасын, осы Мықан ағашының түбінде шешімін табады. Оқиғаның жағымды, жағымсыз өрбуіне байланысты Мықан ағашының аты да, «Шоқ бәйтерек» («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), «Қос оба», «Жалғыз қурай» («Қыз Жібек»), «Ойқұдық»(«Ертөстік») т.б. боп өзгеріп, соған орай олардың «міндеті» де ауысып отырады.

Бұл әлемдік әсіреәфсаналарға ортақ және заңды көркемдік құрылым. «Мықан ағашына» дейінгі дәуір кешегі дєуірмен, не бүгінгі дәуірмен, не ертеңгі дәуірімен алмаса береді, оған ешқандай саналы шек, саналы себеп, саналы тосқауыл қойылмайды. Барлығын да түйсіктің аңсары шешеді. Сондықтан да ерте дүниеден де ертедегі «ықылым (архаикалық) заманнан») бүгінгі өмірге (уақытқа), бүгінгі уақыттан ертеңгі кеңістікке емін-еркін ауыса бересіз.

Ғарыштық әсіреәфсанаға шек жүрмейді. Жаратылыстың өзі де, Жаратушы да, жаратылушы да киелі құдіретке ие. Бәйтеректің – Мықан ағашының бойында осы үш құдірет те бірдей бар. Ол кейде – Жаратылыстың өзі, кейде Жаратқан иемнің баламасы, кейде жай киелі ағаш күйінде әфсаналана береді. Оның қай қасиеті күшті, оған күмән жүрмейді. Мықан ағашының ғаламдық уақыт пен кеңістік арасындағы өлшемі «Ертөстік» ертегісінде өте жақсы ашылған.

Ондағы Мықан ағашы – кешенің, бүгіннің, ертеңнің өлшемі.

Мысалы,Бәйтеректің басына шыққан Ертөстік бір қарағаннан-ақ өткен өмірдің көшін көреді.Есіктің алдында «бір топ бәйтерек бар екен, оның түбі біреу, басы екеу. Соған Ертөстіктің әкесі таңертең шықса – түсте түседі, түсте шықса – кешке түседі. Ертөстікке шығуға рұқсат берілмейді. Бір күні бала өзі ойлап-ойлап жүріп ақыры ағаштың басына шығады». Қараса: алыстағы сағым ішінде бір көш керуен келеді. Алдыңғы лекте өңкей ұл мен қыздар қаз-қатар тізіліп ән салып, өлең айтып, ойын-сауық құрып келеді. Оның артынан екінші лекте кілең жас жігіттер мен келіншектер думандатып барады. Үшінші, соңғы лекте қарттар мен әжелер әндетіп өтеді. Мынау таңғажайып таң-тамашаға қызыға қараған жарты Ертөстік осынау сиқырлы әлемнің сырын сұрағанда әкесі: «Ой, балам сенің көргенің өтіп бара жатқан дүниенің сағымы. Оған тірі адам түгіл өлген адам да жетпейді» - дейді. Мұндағы «өтпелі дүниенің сағымы» - әлемдік әсіреәфсаналардағы қат дүниенің (антимирдің) белгісі, ол көшпелілердің көркем санасындағы «көшпелі дүние», «өтпелі дүние» деп аталатын «сағым дүние». «Сағым дүние» үшін кеңістіктің өзі алмағайып және өтімді құбылыс. Ол Жаратушы мен жаратылушының санасында екшелген абсолютті үлгі. Себебі: ол «өтіп бара жатқан дүниенің гүлі – сағымы, оған тірі түгілі өлі де қосылмайды» (Ертегелер. 4-том, А.Жазушы. 1989, 67 – 68 беттер).

«Ерте, ерте, ерте де» өмір сүрген Ертөстіктің өзінен бұрынғы неше ықылымда өткен «сағым дүниемен» Ертөстікті байланыстырып тұрған кіндік – Мықан ағашы. Әсіреәфсаналық сана бойынша Ертөстіктің өзі алмағайып кеңістік пен уақыттың жігінде дүниеге келген, әсіреәфсаналық тектің «тумыстық себебі» (первородство) бар. Өйткені Ертөстіктің кәрі ата-анасының тамырына «…шаңырақтың күлдіреушіне керулі тұрған кербиенің төстігі» нәр беріп, өмір мәйегін иітеді. Олар түнеп шыққан «Ақ шеңгел» жас тіршілік сыйлайды. Яғни, бұл арада шаңырақ (бақан) пен ақ шеңгел жаратушылық қасиетке ие.

Ғайыптық қасиет - әсіреәфсаналық көркем сананың басты ұйтқысы.



Ертегідегі емеуірін бойынша Аспан – Тәңір аясындағы шексіз кеңістік - шаңырақ (бақан) арқылы киеленіп, төстік - уақыттық (өмірлік) сыпат алады. Мәңгілік бес бірліктің – Аспан – Жер – От (қазан) – Су – Мықан ағашы (шаңырақ, бақан, ақ жиде, ақ шеңгел) құдіретімен тіршіліктің (Ертөстіктің) кіндігі байланады. Ол «сағым дүниені» көрсететін «түбі біреу, басы екеу» шоқ бәйтеректің түбінде дүниеге келеді. Сол «сағым дүниемен» байланысты іздеген атасы да қасиетті. Күніне екі мәрте «өтпелі дүниенің ұл-қыз (рождение), жігіт-келіншек (түлеу, возрождение), шал-кемпір (сөну, смерть) ықылымын көз алдынан өткізіп, заманаларды келмеске ұзатып салып отырады. Сол «көшпелі сағым дүниені» қуып жетпек болған Ертөстіктің арманының орындалуы Тәңірге уәжіп емес. Ол дүниені «уақыттың зымыраны» – ертегілердегі Шалқұйрық та (Керқұла ат та, қой мойынды Құлашолақ та), самұрық та, жолаяқ та (құмай тазы да) қуып жете алмайды. Екі дүниеге де (жер үстіне де, жер астына да) Ертөстік Бәйтерек арқылы «саяхат» шегеді. Сол Бәйтеректің құдіретімен жер үстіне шығады. Ол жер бетіне: «ақ боз атқа мінген ақсақалды шал» болып оралады. Сол кезде Кенжекей нысана еткен «құба інген боталап, беліндегі торғын белбеу орамал тарқатылып, жазылып сала береді» де, «Ертөстік жас жігіт, Кенжекей – жаңа түскен келіншек, Шалқұйрық - бесті ат қалпына келеді» (сонда, 30-бет). Мұның басты себебі Кенжекейдің де тегі «киелі». Оның сырғасы сегіз апайынан бөлек «шаңырақты тіреп тұрған бақанға ілінген», яғни, «сегіз қызы бір бөлек те Кенжекейі бір бөлек». Шалқұйрық - Кенжекейге берілген «уақыт еншісі, өмір жасауы. Қыздың қызық дәурені, «сағым дүниедегі» «жігіт-келіншек көші». Сол дәуренге іліккен Ертөстік одан бұрынғы ықылым дәуірдегі қызықты қуып жеткісі келеді». Бірақ оған дәрменсіз. Тумыс дүние (перевородство) мына өмірде, «құба інгеннің» құрсағында жатыр. Оны Кенжекей уақыттың белбеуімен буып тастаған. Демек, дүниенің жаратылыс тегі ана құрсағында булығып жатыр. Ол ата күшімен бусанбақ... Кенжекейдің белбеуінің тарқатылуымен әсіреәфсаналық бір ықылым (туу, өну, өлу, қайта түлеу) аяқталып, жаңа ықылым басталады.
Уақыт пен кеңістіктің аралық өлшемін білдіретін мерзім межесі «Ер Төстік» ертегісінің әр нұсқасында әр түрлі қисында баяндалады. Кей нұсқасында уақыт тоқтап қалса, екінші нұсқасында уақыт өтіп кеткен, ал үшінші нұсқада Ер Төстік келер күнгі заманның ішінде жүреді. Мысалы, Мәшһүр–Жүсіп нұсқасында тоғыз ұлына бір үйдің қызын алып беруді армандайды. Мұтышақ (ұмытшақ) бай тоғыз ұлын үйлендіруді ұмытып кетеді. Бұған таң қалған Шыңғысхан: « -Ойың - он, тілеуің дұрыс болсын! Ой түбіне ешкім жете алмайды. Сенің үйде отырып ойлаған ойыңды кім біледі? Жатқанға жан жуымайды. Қимылдаған қыр асады. «Іздеген Мықан ағашын табады» - деген бар емес пе? Елден ел қыдырып іздесең болмай ма?» - деп кеңес береді. Мықан ағашына сыйынып ел аралаған ұмытшақ бай тоғыз қызды табады. Олардың ұзатылмай отырғанының себебін қыздың шешесі: «-Іздегеніңіз тоғыз қыз болса тоғызы да табылар. Құдайдың берген тындырымдары бар... Менің балаларым жамандығынан өтпей отырған жоқ. Тегін беретін тегі келмей, алушының әлі келмей отырған жайы бар. Бірінің ері, бірінің жері, (бірінің) уақыты мен сағат кезі келмей отыр...» - дейді (сонда, 25-бет).

Міне, осыдан-ақ ертедегі қазақтардың бүгінгі белдеулік сағат өлшемін білгенін анық байқауға болмайды. «Уақыты мен сағат кезі» – деп отырғаны да уақыт пен кеңістіктің арасындағы бірлік. Ұмытшақтың тоғыз ұлы мен бәйбішенің тоғыз қызының үлкендерінің алды, кәдімгі жас мөлшерімен есептесек, кем дегенде қырық жаста. Ал мұны «уақыты мен сағат кезінің» келуіне қарасаң тура ғарыштық (космостық) уақыт болып шығады. Бұл арада баяндаушы тыңдаушыны алдағы болатын оқиғаға дайындап отыр. Мүмкін, «уақыт пен сағаттың кезін» біз білмесек те, ертеде олардың өз өлшемі болған да шығар, кім білсін. Ал дәл осы арада ертегі айтушы тыңдаушының назарын «салыстырмалы уақытқа» аударып, Бәйтеректің – Мықан ағашының басына шығып өткен заманды, келешек күндердің көшін көрген Ертөстіктің іс әрекетіне желі тартқан. «Уақыт пен сағаттың» кезін келтірген. Өкініштісі, Мәшһүр-Жүсіп нұсқасының аяғы жоғалып кеткендіктен де ертегідегі уақыт пен кеңістіктің бірлігі мен «кезінің» арақатынасы мен жікарасын білу мүмкіндігінен айырылып қалдық. «Ертөстіктің» үшінші бір қысқа нұсқасында осы оқиғаның жаңғырығы сақталған.

«Ертөстік» ертегісінің үш нұсқасы бір-бірін толықтыра отырып, әлемдік сана, әлемдік көркем сана, әлемдік көркем көзқарас түйсіктерін қамтитын эпикалық әсіреәфсана (миф) деңгейіне көтерілген. Бұл ертегідегі жер мен аспанның, жер үсті мен жер асты дүниесінің, ықылымнан бұрынғы «көшпелі дүниенің» кіндігін байлаған Мықан ағашының өзі де үшеу. «Есік алдындағы шоқ бәйтерек (сағым дүние), жер астындағы бәйтерек, жер бетіндегі жасаратын бәйтерек. Мұның өзі үш дүниедегі фәни мен бақидың, кеңістік пен уақыттың белгісі болып табылады. Ал, «Ертөстіктегі» эпикалық мифтік сана мен түйсіктің шексіздігі сондай, осы үш дүниенің өзі бір ықылымның (эпоха) – мифологиялық ғарыштық уақыттың аясында қарастырылады. Сондықтан да ондағы әсірелеу де асқан асқақ поэзиялық сыпатқа ие.

Ал осындай шалқар шабытты түйсікті Ћаққа жетелеген ақиқат шындық - Ертөстіктің: ұл-қыз, жігіт-келіншек, шал-кемпір боп қатар-қатар тізіліп, думандатып кетіп бара жатқан «көш-керуенді» - өтіп бара жатқан «дүниенің гүлі – сағым дүниені» қуып жете алмайтындығын мойындауы. Осыдан барып «көшпелі дүние», «өтпелі дүние», Жерұйық, Жидесібайсын туралы заманауилық әфсаналар туындаған. Тіпті қазекең өзінің мифтік-мистикалық єсіреєфсаналарында «көшпелі дүниені» жерге қондырып, «көшпелі дүниенің қыздарын қолға түсіртіп, қойынға жатқызып, ұрпақ та сүйгізіп қояды. Бұл - әсіреәфсананың түйсіксіз көркем санадан ажыраған, түйсік тудырған көркем қиялдың, ақиқат арманының «сана гүлі».

«Көшпелі дүние» туралы әсіреәфсаналық түйсік «Еділ мен Жайықтың құдандаласуы» ертегісінде әсіреәфсаналық мазмұнға ұласады. Көшпелілердің тіршілігіне орай өмірге ертегіде самұрықтың орнын - пырақ, ұшқыр ат, тұлпар ауыстырады. Еділге «сүбелігінде артқа қарай біткен бір қанатын суға, бір қанатын сүтке малып» суитын ат бітеді. Оңаша отаудағы ат оқыстан өліп, құсаланған күйеу баласына Жайық өз атын силап, бір түнде ауылына барып қайтуын, жолда көргенін келген соң айтып беруін өтінеді. Күйеу бала атасының аманатын орындайды. Бара жатқанда ештеңе көрмейді. Қайтарында: жапан түзде қосақтаған көп қойды қанша емсе де тоймай қақтап жүрген бір жетімек қозы көреді. Одан шығып ми даладағы иен отауға кезігеді. Ііші толған сасыған өлімтік екен. Одан өтіп бір топ қыз келіншекті көреді, қанша қуса да қыз керуенге жете алмайды. Мұны естіген Жайық: «- Балам, жапан түздегі көп саулық – халық. Оны тоймай еміп жатқан әкімдер. Халықты қанша сорса да тоймайды. Ақ отау – күнделікті тіршілік және біз – адамдармыз. Сыртымыз – отаудай әдемі, ішіміз – арам. Ал, қыз-келіншек керуені - мақсатың. Бұл мақсатың саған жеткізбейді екен»- дейді. Айтқанындай Еділдің қалыңдығы күткен қызығына жеткізбей дүниеден қайтады (сонда, 3-том, 49 бет). Қос қанатты пырағы өлген соң арман - дүние Еділге жеткізбейді. Өйткені, әсіреєфсаналық шарттар толық емес. Бәйтерек, «ақ су», самұрық – пырақ жоқ. Бұл үшеуінсіз арманының орындалмайтынын жолда көрген елес - түсі арқылы ишара етеді.

«Көшпелі дүние» туралы әсіреәфсананың өмірлік арман – дүниеге айналуы «Қарамерген» мен «Мамай батырдың арманы» атты ертегілерде де баяндалады. Мұндағы киелі нысана – жер ортасы Көктөбе. Көшпелі дүние сол жапан даладағы Көктөбеге келіп қонады. Әсіреәфсаналар мен эпостарда кейіпкер Көктөбеге (Көкшоқы, Жалғыз тау, Құбажон т.б.) шығып көшпелі өмірді көреді, не сол араға жерленеді («Жалғыз жігіт ұрпақтары», сонда, 3- том, 187-бет). Көктөбенің бауырында бәйтерек, бұлақ болмаса кейіпкер жазымға ұшырайды. Өйткені ол арада тіршіліктің тамыры мен нәрі жоқ. Құба мерген де, Мамай да «көшпелі дүниені көріп», қыз-келіншектің ортасында күліп-ойнап, дайын үйде, дайын төсекте сұлу қызбен оңаша қалады. Қыздар: «Біз көшпелі дүниеден боламыз. Адамзат аяғы баспайтын жерде жүреміз. Он сегіз мың ғаламда адамзаттан қасиетті нәрсе жоқ. Егер бізді қапыда адамзат баласы көре қалса, соған қыз береді. Тек жігіт таң атқанша мызғымауы керек. Мызғып кетсе – біз сендерге мәңгі жоқпыз» – дейді. Құламерген де, Мамай да қалғып кетіп, жанбасындағы бөстегін сипап қалады. Бір жылдан кейін Жалғызтауға қайта барғанда «аспаннан қыздың дауысы естіліп», ішінде ұл құндақталған алтын бесік түседі. Ал бұған да қолы жетпеген Мамай Құбажонда, Шыңырау құдықтың басында ұрпақ қалдыру үшін кездескен қыздың шартын орындай алмай, «көрпесін сипап қалады:- Бұл – арман ба, жоқ па? Арман болса, міне, мені қартайтқан осы арман»–дүние - деп өкінеді Мамай батыр (сонда, 255-бет). Өйткені, ұрпақ ұйытатын кіндік ағаш – Құбажонда жоқ. Сондықтан да тіршіліктің тамыры да ұйымайды. Яғни, Жерұйық та, Жидебайсын да, Құбажон да, Көктөбе де – Мықан ағашынсыз тіршілікті тоқтата алмайды. Ол жай ғана тұрақсыз «көшпелі дүниенің» сағымы қонған сары бел ғана болып қалады. Арысы «арман - дүниенің» тұғырығы ғана болмақ.

«Көшпелі дүние» деген дүние туралы «Еділ – Жайық» пен «Сарымерген» ертегісінде шынайы өмірлік оқиға деңгейіне жеткізіліп, сендіре баяндалады. «Түпкі тегі қыпшақ Еділ – Жайық деген ағайынды адам бопты. Мерген бір күні «Құлан суаттың» басына кеп түнеп жатса, түнде бұлақтың арғы бетіне бір ел келіп қонып жатады. Малы ылғи құлан. Уық, кереге, шаңырақ – бәрі алтын мен күміс. Киіз орнына ұстағаны – ылғи жібек пен торғын. Қазықтары алтыннан, тоқпақтары – күмістен, желі арқаны жібектен. Шатырлатып құланның қодығын байлап жатыр» екен (Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары.5-том, 48-бет). Есі шыққан қу жарғақ Жайық аңқиып қарап тұрғанда бір келіншек сылаң етіп жетіп келіп: - Жезде амансыз ба? - деп шатырға ертіп барады. Ай десе – аузы бар, күн десе - көзі бар, бір қасық сумен жұтып қойғандай сұлу қызды оң жағына отырғызады. Жайықты қымыздатады. Қыздырады. Қызығына қандырады. «Көрген дәурені – бар өміріне татырлық дәурен болады». Осынау таңғажайыптың өзінен маужырай бастаған қу жарғақ Жайыққа қыз:

Ұйықтай көрмеңіз. Бір күнгі ұйқыға менің татымағаным ба? Осы түн ұйықтамаңыз. Сонда осы тігулі шатыр, салулы төсек, мына отырған мен – басыбайлы Сіздікі боламын. Егер ұйықтап кетсеңіз: Сіз - маған, мен – сізге жоқ боламын. Жарық дүние екеуімізге арам болады. Мен анау елде ешкімге тие алмаймын. Байы өлген қатындай бетім жаралы, басым қаралы күйінде қаламын. Бұл жүргендер «көшпелі дүние» – деген дүние. Жан көрінсе, көрінбеген бойымен көрінбей көше береді. Егер жазатайым өздерін бір жан көріп қалса, өстіп сылап-сипап, жалынып-жалпайып бір қыз беріп құтылып кетеді. Сен бұрын көріп қалдың. Сол себептен жалпақтап жатыр. Өзіңізді де мені де аяңыз – дейді жалынып.

Жайық уағда бергенімен қымыз бен қыздың буы масайтып, ұйықтап қалады. Ояна келсе арқасындағы төсеніш, атын арқандаған жібек арқан мен алтын қазық қана қалыпты. Өкінеді. Бір жыл «Құлан суатын» күзетеді. Жыл толғанда құланға мінген қара киімді әйел кеп: «Міне, Жайық балаң!» - деп шүмегі алтын, түбегі күміс бесіктегі баланы тастап кетіпті. Баланың атын Құлан қойыпты, Құлан қыпшақ содан тарапты - мыс (Мәшһүр Жүсіп, сонда, 48 - 49 беттер).

Мұндағы суат - өзен, өтпелі өмір. Сағым - көшпелі өмір. Алтын қазық пен жібек арқан – Жайықты осы дүниеде ұстап тұрған өмір жібі, яғни, дымын құртқан ынтызар да ынтық, бірақ қолына түспейтін Құртқа ол. «Жарық дүние» - көрген түс сияқты. Ол бір үзілсе өмір сәулесі қайта жалғанбайды. Сондықтан да қалғып кетуге болмайды. Ұйықтап қалсаң - өлгенің. Ал бұл жолы «қу жарғақ Жайықты» астындағы бөстегі (жердің беті), жібек арқан мен алтын қазық «көшпелі дүниемен» бірге мәңгілікке ертіп жібермей, оны осы фәниде алып қалды. Яғни, көшпелі дүние – кеңістік, фәни дүние – уақыт. Жайықты өмірге – «алтын қазыққа» байлаған «жалғанның жібек жібі» ұстап қалды. Ал суат - өтіп жатқан өмір. Қыз - бір түнгі қызық.

Мәңгілік өмір иесі Мықан ағашы мен «көшпелі дүние» пәлсафасы оқымысты, «дүниенің сырын ғылым арқылы білген» (Абай) Мәшһүр-Жүсіпті де ұзақ толғандырса керек. Тура осы «көшпелі дүние» философиясына «Сарыбас мерген» мен «¦йқының әлегі» (Сарыбастың екінші бір әңгімесі) атты хихаятында қайыра оралып, жаңа оқиға арқылы дамытады. Сарыбас мергеннің тек аңшыға тән тартымды да «шын» әңгімесін тыңдап отырып, «зариф» атты жұмбақ аң мен қоса өзін аңдыған үш жезтырнақты өлтіреді. Ең соңғысы шешесі екен. Ол жаралы күйінде белгісіз және шетсіз де шексіз бір үңгірге кіріп, соның түбінде бүк түсіп жатады. Сөйтсе, бұл бүкіл қазақ армандап іздеп, Асан қайғыны қияли еткен Жерұйық екен!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет