Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепте дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды



Дата09.12.2022
өлшемі9.92 Kb.
#466959
9 апта Абдуллина


Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік білім беру – бұл барлық балаларды олардың денсаулық жағдайына, экономикалық жағдайына, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, тіліне, жынысы мен жеке ерекшеліктеріне қарамай жалпы білім беру үдерісіне қосуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында инклюзивтік білім беруді жетілдіру мен дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылған.
2015 жылға дейін инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек.
Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепте дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады.
Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді.
Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік педагогтың алатын орны ерекше.
Тәрбиелеу барсында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдинетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Оқыту үшін балалардың өмір жағдайына сәйкес және олардың әлеуметтік бейімделулеріне пайдалы болатын мазмұнды таңдау керек.
Ал оларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады, немен айналысқанды ұнатады т.б сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып, оның бір сәтке болса да сергіп, көңіл көтеріліп қалауына әсер етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер адамның жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне оқу бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендерімен құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, орнына келтіру, дамыту-педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады.
Инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік педагог даму мүмкіндігі шектеулі балалармен көптеген жұмыстар жасайды. Бұл саладағы оқушылар ерекше назарда болады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет, ерекшелік бар. Мысалы кейбіреулері би билеуге, спортқа, сурет салуға қызығады, осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту әлеуметтік педагогпен әрбір мұғалімнің міндеті. Бұл балаларды өздерінің қабілетіне қарай түрлі конкурстарға қатыстырамыз. Оқушылар жүлделі орындарды иеленіп қуанып келеді.
Мектептерде инклюзивтік білім беруді енгізе отырып, педагогтар әр адам ойлауға, сезінуге, қарым-қатынас жасауға, бір-біріне сүйеніш болуға қабілетті деген қағиданы ұстанады және осыны балалардың көкейіне құйып, мейірімділікке баулиды. Осылайша олар егемен еліміздің толыққанды мүшелерін тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет