Құрметті бірінші курс студенттері!



Дата07.07.2016
өлшемі34.75 Kb.
#182907



Құрметті бірінші курс студенттері!
Әлемдік ақпараттық ресурстар мен қызметтерге қатынауға мүмкіндік алуға , уақытында қажетті оқу материалдарын алуға, жаңа университеттік ортаға тез бейімделуге осы буклеттің көмегімен сіздер университеттің ғылыми кітапханасы туралы алғашқы ақпаратты ала аласыздар . Кітапхана сіздерге жан-жақты дамуға және білікті маман болуларыңызға көп көмегін тигізеді.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы университеттің мәдени және ақпараттық орталығы болып есептеледі. Кітапхананың негізгі міндеті - профессорлар мен оқытушылар құрамын (ПОҚ), PhD докторанттарын, магистранттарды, студенттерді оқу бейініне қарай, ғылыми-зерттеу бағытына және қолданушылардың рухани сұранысына қарай ақпараттармен толық қамтамасыз ету.

Студенттерге, профессорлар мен оқытушылар құрамына (ПОҚ), PhD докторанттарына, магистранттарға және университет қызметкерлеріне қызмет көрсету факультеттердің оқу кітапханаларында жүзеге асырылады. Университеттің кітапханалық қызмет көрсету жүйесі:


  • оқу залы (12 зал, 1100-нан аса орын);

  • электрондық ресурстар залы (1,3,4, 8,10 - ғимараттардағы 5 зал);

  • мультимедиялық зал (8- ғимарат);

  • абонементтер (12);

  • каталогтар залы;

  • құжаттарды Ғаламтор арқылы жеткізу.

Залдар мен абонементтер үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін кесте бойынша жұмыс жасайды. Жексенбі күні бас ғимараттың кітапханасы- оқу залы мен электрондық ресурстар кітапханасы жұмыс істейді. Оқу залдарында Wi-Fi жүйесіне қосылған.

Кітапхана ережесі мен жұмыс кестесі кітапхананың веб-сайтында көрсетілген (http://library.ksu kz). Бас ғимарат оқу залында RFID-технологиясын қолданумен және де өз-өзіне қызмет көрсету бекетімен кітап қорларына ашық қатынау ұйымдастырылады.

Кітапханаға жазылу персоналдар басқармасының (ПОҚ және қызметкерлер үшін) берген мәліметтері бойынша және оқуға қабылдау бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Қолданушыға барлық оқу залдарына және ғылыми кітапхананың электрондық ресурстар залдарына кіруге рұқсат беретін Электронды оқырман билеті және оқырман билеті беріледі. Осы құжаттарды алу үшін оқырмандар кітапханаға баспа және де электронды түрінде суреттерін тапсырулары тиіс.

Электрондық ресурстар залында Ғаламторға, жазылған мәліметтер базасына («Заң», «Параграф», «Республиканская межвузовская электронная библиотека», EBSCO Publishing, e-library, Science, Elsevir, Springerlink, Thomson Reuters) және өзіміздің мәліметтер базасына (электронды кітапхана, «Alma Mater КарГУ им.Е.А.Букетова», «Академик Е.А. Букетов», «Экология Центрального Казахстана») қолжетімділікті қамсыздандырады. Сонымен қоса білім беру телехабарларын және кітапхана қорынан фильмдер көру, аудиоматериалдарды тыңдау, ақпараттарды жазып алу, құжаттарды ламинаттау және түптеу қызметтері көрсетіледі.

Оқу залдарында кітапханада анықтамалық және мерзімді басылымдар, сонымен қатар міндетті баспалар нұсқаларына және басқа да кітап қорларына еркін қолжетімділік мүмкіндігі ұсынылады. Жатақханаларда негізгі оқу әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен жұмыс істеу үшін оқу залдары ұйымдастырылған.

Қызмет көрсетудің барлық орындарында іздестірудің барлық сұрақтары мен ақпаратты алуы бойынша кітапханалық анықтама мен кеңестер беріледі.

Ғылыми кітапхананың кітап қоры университеттің маңызды ақпараттық ресурсы болып табылады. Оның көлемі қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, поляк және әлемнің басқа тілдерінде шығарылған 1 млн.700 мың дана кітаптан астам.

Кітапхана қорынан ғылымның барлық бағыттары (ғылыми, оқу, көркем әдебиеттерінің, мерзімді басылымдар т.б.)бойынша баспа және электрондық тасымалдаулар түріндегі әдебиеттерді табуға болады.



Электрондық каталог (ЭК) - университетінің кітапханасында 1996 жылдан бастап қамсыздандырылып, 400 мыңнан астам кітаптар мен басқада құжаттар енгізілген.

ЭК кітапты, мақалаларды, оқу-әдістемелік кешендерді және басқа да құжаттарды келесі іздестіру элементтері: авторы, тақырыбы (кітап, мақала немесе басқа құжаттар атауы) жылы және баспа орны, басылым редакторы, кілт сөздер, құрастырушы, тақырыбы, пәні бойынша іздеуге және таңдауға арналған. ЭК-ның ақпараттық массиві пайдалануда ыңғайлы болу үшін бірнеше каталогта ұсынылған: «Кітаптар», «Мақалалар», «Оқу-әдістемелік кешендер», «Типтік бағдарламалар», «Электрондық кітапхана» және т.б.

Электрондық кітапхана (ЭК) толық мәтінді, оқу және ғылыми материалдары, ПОҚ-ның дәрістері, оқу-әдістемелік кешендер, оқу тұсаукесерлері, «Қарағанды университеті хабаршысы» сериялары (2000 жылдан бастап), «Жастар әлемі» газеті (1996 жылдан бастап), университет ПОҚ-ның ғылыми мақалалары. ЭК-да ПОҚ-ның әзірлеген электрондық оқулықтары мен сырттан алынған электрондық оқулықтар (отандық және шетелдік) мәліметтер жинағы.

Кітапхананың http//www.library.ksu.kz. мекен-жайы бойынша орналасқан жеке веб-сайты бар. Дәл осында ақпараттық білімді дамытуға арналған материалдарға, кітапхананың қызметі туралы мәліметтерді алуға, электрондық каталог пен электрондық кітапханаға қатынауға мүмкіндік бар (логинді кез келген залдан алуға болады). Студенттер онлайн тәртібінде кеңес алып және электрондық тасымалдау арқылы өзіңнің электрондық мекен-жайыңа қажетті ақпаратқа тапсырыс беруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет