Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа ifrs-нан туындайтын түзетулерді қамтиды



Дата03.07.2016
өлшемі375.86 Kb.
#175862


14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Сараланымдық есептiлiк

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.



14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Сараланымдық есептiлiк

МАҚСАТЫ


Осы Стандарттың мақсаты – сараланымдар бойынша қаржы ақпаратының есептерінде - компания және шығаратын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң әр түрлi тұрпаттарына және қаржы есептілігін пайдаланушыларға көмектесу үшін ол жұмыс iстейтiн әр түрлі географиялық аудандарға қатысты ақпаратты белгiлеу:

(а) компанияның бұрынғы кезеңдердегi қызмет нәтижелерiн жақсы түсiну;

(b) компанияның тәуекелдерi мен пайдаларын жақсы бағалау; және

(с) тұтас алғанда компанияға қатысты неғұрлым негiзделген шешімдер қабылдау болып табылады.

Көптеген компаниялар тауарлар немесе қызмет көрсетулер тобын шығарады, немесе пайдалылық нормалары, даму мүмкіндіктері, болашаққа перспективалар және тәуекелдері әр түрлі географиялық аудандарда жұмыс iстейдi. Компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң әр түрлi тұрпаттары және әр түрлi географиялық аудандардағы оның операциялары туралы - көбiнесе сараланымдық ақпарат деп аталатын - ақпарат әр тараптандырылған халықаралық компанияның тәуекелдерi мен пайдасын бағалау үшiн маңызды болады, бiрақ жиынтық деректерден анықталмауы мүмкiн. Сөйтiп, сараланымдық ақпарат қаржы есептiлiгiн пайдаланушылардың қажеттерiн қанағаттандыруға керектi нәрсе ретiнде кеңінен қарастырылады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ


1. Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес келетiн, жарияланатын қаржы есептiлiгiнiң толық жиынтығында қолданылуға тиiс.

2. Қаржы есептiлiгiнiң толық жиынтығы бухгалтерлік балансты, пайдалар мен залалдар туралы есептi, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi, капиталдағы өзгерiстерді көрсететін есептi және 1-“Қаржы есептiлiгiн ұсыну” IAS Халықаралық стандартында көзделгендей ескертулердi қамтиды.

3. Осы Стандартты үлестік немесе борыштық бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компаниялар және ашық бағалы қағаздар рыногында үлестік немесе борыштық бағалы қағаздар шығару процесiнде жүрген компаниялар қолдануға тиiс.

4. Егер бағалы қағаздары еркін айналымда жүрмеген компания Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетiн қаржы есептiлiктерiн әзiрлесе, ондай компанияның сараланымдар бойынша ақпаратты ерiктi түрде ашып көрсетуi мақұлданады.

5. Егер бағалы қағаздары еркін айналымда жүрмеген компания Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетiн қаржы есептiлiктерiнде сараланымдық ақпаратты ерiктi түрде ашып көрсетудi ұйғарса, ондай компания осы Стандарттың талаптарын толық сақтауға тиiс.

6. Егер бір қаржы есебiнде бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компанияның шоғырландырылған қаржы есептiлiгi де, және басты немесе бiр не бiрнеше еншiлес компанияның жекелеген қаржы есептері де болса, сараланымдық ақпарат шоғырландырылған қаржы есептiлiгiнiң негiзiнде ғана ұсынылуға тиiс. Егер еншiлес компанияның өзi бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компания болса, ол сараланымдық ақпаратты өзiнiң жеке қаржы есебiнде ұсынатын болады.

7. Осы сияқты, егер бір қаржы есебiнде бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компанияның қаржы есептері де, қауымдас компанияның үлес қосып қатысу әдiсi немесе онда компанияның қаржылық мүддесi бар бiрлескен қызмет әдiсi бойынша жекелеген қаржы есептері де болса, сараланымдық ақпарат компанияның қаржы есептерi негiзiнде ғана ұсынылуға тиiс. Егер үлес қосып қатысу әдiсi бойынша қауымдасқан компания немесе компанияның бiрлескен қызметінiң өздері бағалы қағаздары еркін айналымда жүрген компания болса, ол сараланымдық ақпаратты өзiнiң меншiктi жеке қаржы есебiнде ұсынатын болады.

АНЫҚТАМАЛАР


Басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарынан анықтамалар

8. Осы Стандартта мынадай терминдер 7-“Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер” IAS; 8-“Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер” IAS; және 18-“Түсім” IAS Халықаралық стандартында көрсетілген мағынасында пайдаланылады:



Операциялық қызмет – компанияның кіріс әкелетiн негiзгi қызметi және, инвестициялық және қаржы қызметінен өзгеше, басқа да қызметi.

Есеп саясаты – бұл қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн үйым қабылдаған нақты принциптер, негіздер, келісімдер, ережелер мен практика.

Табыстар – бұл компанияның негізгі қызметiнiң барысында туындайтын кезең iшiндегi экономикалық пайдалардың жалпы түсiмi, бұл жағдайда ондай түсім акционерлер жарналарының есебiнен меншiктi капиталдың өсуiне қарағанда өзгеше өсуге алып келеді.

Шаруашылық сараланымының және географиялық сараланымның анықтамалары


9. “Шаруашылық сараланымы” және “географиялық сараланым” терминдерi осы Стандартта мынадай мәндерде қолданылады:

Шаруашылық сараланымы – бұл жекелеген тауарлар өндiрумен (қызметтер көрсетумен) компанияның немесе компанияның басқа сараланымдарына қарағанда өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын өнімдерге немесе қызмет көрсетулерге байланысты топтың айрықша құрамдас элементі. Тауарлар мен қызмет көрсетулердiң байланысты болуын анықтаған кезде мынадай факторлар қарастырылуға тиiс:

(а) тауарлардың немесе қызмет көрсетулердiң сипаты;

(b) өндiрiстiк процестердiң сипаты;

(с) тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған клиенттің тұрпаты немесе сыныбы;

(d) тауарларды тарату және қызмет көрсету үшін пайдаланылған әдістер; және

(е) егер мұны қолдануға болса, реттеушi ортаның сипаты, мысалы, банк, сақтандыру және коммуналдық кәсiпорындар.



Географиялық сараланым – бұл басқа экономикалық жағдайларда iс-әрекет ететiн құрамдас элементтердің тәуекелдерi мен пайдаларынан өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын нақты экономикалық ортада өнім өндiрумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын компанияның айрықша құрамдас элементі. Географиялық сараланымдарды анықтаған кезде мынадай факторлар ескерiлуге тиiс:

(а) экономикалық және саяси жағдайлардың ұқсастығы;

(b) әр түрлi географиялық аудандардағы операциялардың арасындағы қатынастар;

(c) операциялардың жақындығы;

(d) нақты аудандағы операциялармен байланысты арнайы тәуекелдер;

(e) валюталық бақылау ережелерi; және

(f) негiзiнде жатқан валюталық тәуекелдер.

Есептi сараланым – бұл жоғарыда келтiрiлген анықтамалардың негiзiнде айқындалған шаруашылық немесе географиялық сараланым, ол үшін, осы Стандартқа сәйкес, сараланымдық ақпарат ұсыну талап етiледі.

10. Шаруашылық және географиялық сараланымдарын анықтау үшін 9-параграфта келтірілген факторлар қандай да болсын белгілі бір тәртiпке сәйкес келтiрiлмеген.

11. Бір шаруашылық сараланымы едәуiр өзгеше тәуекелдер мен пайдалары бар тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтымайды. Шаруашылық сараланымын анықтау кезiнде бiр немесе бiрнеше факторларға қатысты алшақтықтар пайда болуы мүмкiн болатындығына қарамастан, бiр шаруашылық сараланымына енгiзiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер факторлардың көпшiлiгiне қатысты ұқсас болуға тиiс деп топшыланады.

12. Тап сол сияқты, географиялық сараланым тәуекелдерi мен пайдаларында едәуiр айырмашылығы бар экономикалық ортадағы операцияларды қамтымайды. Бiр ел, екi немесе одан көп елдердiң тобы немесе ел iшiндегi аймақ географиялық сараланым бола алады.

13. Тәуекелдердiң басым көздерi компаниялардың көпшiлiгi қалай ұйымдасқанына және қалай басқарылатынына ықпал етедi. Сөйтіп, осы Стандарттың 27-параграфы компанияның ұйымдық құрылымы және оның iшкi қаржы есептiлiгiнiң жүйесi оның сараланымдарын анықтау үшiн негiз болып табылады. Компанияның тәуекелдерi мен пайдалары оның операцияларының географиялық орналасқан жерiне де (оның өнiмi қайда өндiрiледi немесе оның қызмет көрсету жөнiндегi қызметi қайда орналасқан), сондай-ақ оның рыногы орналасқан жерге де (оның өнiмi қайда сатылады немесе оның қызметтерi қайда көрсетiледi) байланысты болады. Анықтау географиялық сараланымның мыналарға негiзделуіне рұқсат етеді:

(а) компанияның өндiрiстiк және сервистiк қуаттарының және басқа да активтерiнiң орналасқан жерiне; не

(b) оның рыноктары мен клиенттерi орналасқан жерге.

14. Компанияның ұйымдық құрылымы және оның iшкi есептiлiгінің құрылымы әдетте оның активтерi орналасқан жер (оны сататын жер) немесе оның клиенттерi орналасқан жер (оны сату орны) географиялық тәуекелдердiң негiзгi көзi болып табылу-табылмауы жайында дәлелдеме бередi. Тиiсiнше, компания бұл құрылымды оның географиялық сараланымдары: оның активтерi орналасқан жерге, немесе оның клиенттерi орналасқан жерге негiзделуге тиiс екендiгiн анықтау үшiн қарастырады.

15. Шаруашылық немесе географиялық сараланымдарының құрамын анықтау субъективті шешімнің белгiлi бiр үлесiн топшылайды. Ондай шешімдi қабылдаған кезде компания басқармасы, осы Стандартта белгiленгендей, сараланым бойынша қаржы ақпаратын ұсыну мақсатын және ХҚЕСК Принциптерінде анықталғандай, қаржы есептiлiгiнiң сапалық сипаттамасын ескередi. Бұл сапалық сипаттамалар компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнің әр түрлi топтары және нақты географиялық аудандардағы оның операциялары жайында есептiлiкте ұсынылатын қаржы ақпаратының уақытқа сай маңыздылығын, сенiмдiлiгiн және салыстырмалылығын, және тұтас алғанда компанияның тәуекелдерi мен пайдаларын бағалау үшiн осындай ақпараттың пайдалылығын қамтиды.

Сараланым түсімдерінің, шығыстарының, нәтижелерінiң, активтері мен мiндеттемелерінiң анықтамалары

16. Осы Стандартта мынадай қосымша терминдер төменде аталған мәнiнде пайдаланылады:



Сараланымның кірісі – бұл компанияның пайдалары мен залалдары туралы есепте ұсынылған кіріс, оның сараланымға тiкелей қатысы бар және компания кірістерінің компаниядан тыс тараптармен операцияларынан немесе тап осы компанияның басқа да сараланымдарымен операциялардан алынатын, негізді түрде сараланымға жатқызылуы мүмкін кіріс. Сараланымның кірісі мыналарды қамтымайды:

(а) [жойылған]

(b) егер сараланым операциялары негiзiнен қаржы сипатында болғанда ғана, басқа сараланымдарға берілген аванстар немесе қарыздарға алынған пайыздарды қоса, пайыздық немесе дивидендтiк кiрiстi; немесе

(c) сараланым операциялары, негiзiнен, қаржылық сипатта болғанда ғана, инвестицияларды сатудан түскен пайданы немесе борыштарды өтеуден түскен пайданы.

Қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен кәсіпорындардың немесе басқа инвестициялардың үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген пайдалардағы немесе залалдардағы компанияның үлесi, егер осы баптар компанияның шоғырландырылған немесе жалпы кірісіне енгiзiлсе ғана, сараланымның кірісіне қосылады.

Сараланымның кiрiстерi бiрлесiп бақылау жасалатын ұйымның кірістеріндегі бiрлескен қызметке қатысушының үлесiн қамтиды, ол 31-“Бiрлескен қызметке қатысу IAS тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.

Сараланымның шығыстары – бұл сараланымның негізгі қызметiнiң нәтижесiнде туындайтын, сараланымға тiкелей қатысы бар шығыстар, және ақылға қонымды негiзде сараланымға жатқызылуы мүмкiн шығыстардың тиiстi бөлiгi, соның iшiнде сыртқы клиенттерге сатуға жататын шығыстар және тап сол компанияның басқа сараланымдарымен операцияларға жататын шығыстар. Сараланымның шығыстары:

(а) [жойылған]

(b) сараланым операциялары негiзiнен қаржы сипатында болғанда ғана, пайыздарды, оның iшiнде басқа сараланымдардан алынған аванстар немесе қарыздар бойынша пайыздарды;

(c) сараланым операциялары негiзiнен қаржылық сипатта болғанда ғана, инвестицияларды сатудан болған залалдарды немесе қарыздарды өтеуден болған залалдарды;

(d) қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен кәсіпорындардың немесе үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген басқа да инвестициялардың залалдарындағы компанияның үлесiн;

(е) пайдаға салынатын салықтан аударымдарды; не

(f) жалпы әкiмшiлiк шығыстарды, бас кеңсенiң шығыстарын және компания деңгейiнде туындаған және тұтас алғанда компанияға жататын басқа да шығыстарды қамтымайды. Алайда кейде сараланымның атынан компания деңгейiнде шығындар пайда болады. Ондай шығындар, егер олар сараланымның операциялық қызметiне жататын болса және сараланымға тiкелей бөлінуі немесе негізді түрде жатқызылуы немесе мүмкiн болса, сараланымның шығыстары болып табылады.

Сараланымның шығыстары бiрлесiп бақылау жасалатын ұйымның шығыстарындағы бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS Халықаралық стандартына сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.

Негiзiнен қаржы сипатында болатын сараланым операциялары үшiн, пайыздық табыс және пайыздық есептерде сараланымның есептiлiк мақсаттары үшiн, егер осы баптар шоғырландырылған қаржы есептiлiгiнде немесе компанияның қаржы есептiлiгiнде ұсынылса ғана, бір таза сома ретінде ұсынылуы мүмкiн.

Сараланымның нәтижелерi – бұл сараланымның шығыстарын шегергендегi оның кiрiстерi. Сараланымның нәтижелерi азшылық үлесiне жататын кез келген түзетулерге дейiн анықталады.

Сараланымның активтерi – бұл сараланым өзiнiң негізгі қызметiнде пайдаланатын және сараланымға тiкелей жатқызылатын, не ақылға қонымды негiзде оған жатқызылуы мүмкiн активтер.

Егер сараланымның нәтижесi пайыздық немесе дивидендтік табысты қамтитын болса, оның активтерi, тиiсінше, дебиторлық берешектi, инвестицияларды немесе табыс әкелетiн басқа да активтердi қамтиды.

Сараланым активтерi пайдаға салынатын салықтар бойынша салық активтерін қамтымайды.

Сараланым активтерi үлес қосып қатысу әдiсiне сәйкес ескерiлген инвестицияларды, егер ондай инвестициялардан алынған пайда немесе залал сараланымның кiрiстерiне жатқызылатын болса ғана, қамтиды. Сараланым активтерi бiрлесiп бақылау жасалатын кәсiпорынның операциялық активтерiндегi бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS Халықаралық стандартына сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.

Сараланым активтерi компанияның бухгалтерлік балансындағы тiкелей есепке алулар ретiнде ұсынылатын тиiстi бағалау резервтерi шегерiлгеннен кейiн анықталады.

Сараланымның мiндеттемелерi – бұл сараланымның операциялық қызметiнiң нәтижесiнде туындайтын және сараланымға тiкелей бөлінетін не оған негiздi түрде жатқызылуы мүмкiн операциялық мiндеттемелер.

Егер сараланым нәтижесi пайыздық шығыстарды қамтитын болса, онда оның мiндеттемелерi пайыздары бар тиiстi мiндеттемелердi қамтиды.

Сараланымның мiндеттемелерi бiрлесiп бақылау жасалатын ұйымның мiндеттемелерiндегi бiрлескен кәсіпкердің үлесiн қамтиды, ол 31 IAS сәйкес тепе-тең шоғырландыру әдiсi бойынша ескерiледi.



Сараланымның мiндеттемелерi пайдаға салынатын салықтар бойынша мiндеттемелердi қамтымайды.

Сараланымның есеп саясаты – бұл шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынатын топтың немесе компанияның қаржы есептерiн әзiрлеу және ұсыну үшiн бекітілген есеп саясаты, сондай-ақ сараланымның есептiлiгiне тiкелей қатысты есеп саясаты.

17. Сараланым кiрiстерiнің, оның шығыстарының, активтерi мен мiндеттемелерiнің анықтамалары сараланымға тiкелей бөлінетін баптардың сомаларын, және негiздi түрде соған жатқызылуы мүмкiн баптардың сомаларын қамтиды. Компания өзiнiң iшкi қаржы есептiлiгi жүйесiн сараланымға тiкелей бөлінуі немесе негiздi түрде жатқызылуы мүмкiн баптарды анықтауға арналған басталу нүктесi ретiнде қарастырады. Яғни, iшкi қаржы есептiлiгiнiң мақсаттары үшiн сараланымдар бойынша сәйкестендірілген сомалар есептi сараланымның кiрiстерiн, оның шығыстарын, активтерi мен мiндеттемелерiн өлшеу мақсаттары үшiн сараланымдарға тiкелей бөлінеді немесе негiздi түрде жатқызылады деп жорамалданады.

18. Алайда, кейбiр жағдайларда кiрiс, шығыс, актив немесе мiндеттеме компанияның басқармасы үшiн түсiнiктi, бiрақ қаржы есептерiн сыртқы пайдаланушылар үшін субъективтi, даулы, түсiнуге қиын болатын негiзде iшкi қаржы есептiлiгiне арналған сараланымдарға жатқызылуы мүмкiн. Ондай бөлу осы Стандартта сараланымның кiрiстерi, оның шығыстары, активтерi мен мiндеттемелерi анықтамаларына сәйкес негiзді бола алмас едi. Және, керiсiнше, бұл үшiн негiз бар екендiгiне қарамастан, компания iшкi қаржы есептiлiгiнiң мақсаттары үшiн кiрiстердiң, шығыстардың, активтің немесе мiндеттеменiң қандай да болсын бабын бөлмеудi қалауы мүмкiн. Ондай бап осы Стандартта келтiрiлген сараланымның кiрiстерi, оның шығыстары, активтерi мен мiндеттемелерi анықтамаларына сәйкес бөлiнедi.

19. Сараланымның активтерiне мысалдар сараланымның операциялық қызметiнде пайдаланылатын қысқа мерзімді активтердi, активтерi қаржылық жалдау тақырыбы болып табылатын (17-“Жалдау” IAS) негізгі құралдарды, және материалдық емес активтердi қамтиды. Егер амортизацияның нақты бабы сараланымның шығыстарына енгiзiлсе, тиiстi актив те сараланымның активтерiне енгiзiледi. Сараланымның активтерi ұйымның немесе бас кеңсенiң жалпы мақсаттары үшiн пайдаланылған активтердi қамтымайды. Сараланымның активтерi, егер бөлу үшiн сенімді негiз болса, екi немесе одан да көп сараланымды өзара бөлісетін операциялық активтерді қамтиды. Сараланым активтерi тiкелей сараланымға бөлінетін немесе негiздi түрде оған жатқызылуы мүмкін іскерлік беделді қамтиды, бұл ретте сараланымның шығыстары іскерлік беделдің тиiстi құнсызданудан болған кез келген залалдарды қамтиды.

20. Сараланым мiндеттемелерiнiң мысалдарына өтелуге тиісті сауда және басқа да дебиторлық берешектер, есептелген мiндеттемелер, клиенттердiң аванстық төлемдері, өнiмге кепiлдi қызмет көрсетуге резервтер және тауар беруге және қызмет көрсетуге қатысты басқа да наразылықтар жатады. Сараланымның мiндеттемелерi қарыздық қаржыларды, активтерге жатқызылған, қаржылық жалдау тақырыбы болып табылатын (17 IAS) мiндеттемелердi және, дұрысын айтқанда, операциялық мақсаттарға қарағанда, қаржыландыру мақсаттары үшiн қабылданған басқа да мiндеттемелердi қамтымайды. Егер пайыздық шығыстар сараланым нәтижесiне қосылатын болса, онда пайыздары бар тиiстi мiндеттеме сараланымның мiндеттемелерiне қосылады. Операциялары негiзiнен қаржылық сипатта болмайтын сараланымдардың мiндеттемелерi қарыздық қаржылар мен сол сияқты мiндеттемелердi қамтымайды, өйткенi сараланым нәтижесi таза қаржы пайдасын немесе залалын емес, операциялық пайданы немесе залалды бiлдiредi. Оның үстiне, қорлық мiндеттемелер бүкiл компания шеңберiнде бас кеңсенiң деңгейiнде жиi шығарылатын болса, сараланымға пайыз есептелетiн мiндеттеменi тiкелей бөлу немесе негiздi түрде жатқызу жиi мүмкiн болмайды.

21. Сараланымның активтерi мен мiндеттемелерiн бағалау кәсіпорындарды біріктірген кезде сатып алынған ұйым сараланымының жекелеген активтері мен міндеттемелерінің негізгі баланстық сомаларын, тiптi бұл түзетулер шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн әзiрлеу мақсаттарында ғана жасалып, бас ұйымның жекелеген қаржы есептiлiгiнде де, еншiлес ұйымның жеке қаржы есептiлiгiнде де көрсетілмейтін болса да, оларды түзетуді қамтиды. Тап осылайша, егер негізгі құралдар 16 ІАS Халықаралық стандартында сипатталған қайта бағалау үлгісіне сәйкес қайта бағалауға ұшыраған болса, онда сараланым активтерiн бағалау осы қайта бағалауларды көрсетедi.

22. Шығындарды бөлу бойынша кейбір нұсқауларды басқа Стандарттардан табуға болады. Мысалы, 2-«Босалқылар» IAS (2003 ж. редакциясында) 11-20-параграфтары Стандарты шығындарды босалқыларға бөлу және жатқызу бойынша нұсқауларды береді, ал 11-«Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS 16-21-параграфтары шығындарды шарттарға бөлу және жатқызу бойынша нұсқаулар бар. Бұл нұсқаулар шығындарды сегменттерге бөлгенде немесе жатқызғанда пайдалы бола алады.

23. 7-“Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер” IAS стандарты банктiк овердрафтар ақшалай қаражаттар компонентi ретiнде енгiзiлуге тиiс пе әлде қарыздық қаржылар ретiнде ұсынылуға тиiс пе дегенге қатысты нұсқау бередi.

24. Сараланымның кірістері, оның шығыстары, активтерi мен мiндеттемелерi шоғырландыру процесінде болатын iшкi топтық сальдо және iшкi топтық операциялар жойылғанға дейiн анықталады. Бұған осындай iшкi топтық сальдо мен операциялар топ компанияларының арасында бiр сараланым шеңберiнде болатын жағдайлар кiрмейдi.

25. Тұтас алғанда компанияның қаржы есептерін әзірлеу және ұсыну кезінде пайдаланылатын есеп саясаты да сараланымның іргелі есеп саясаты болып отырған кезде, сараланымның есеп саясаты, бұған қоса, сараланымдарды анықтау, сараланымаралық табыстаудың баға белгілеу әдісі, және сараланымдарға арналған кірістер мен шығыстарды бөлу үшін негіз сияқты арнайы сараланымның есептілігіне жатқызылатын саясатты қамтиды.


ЕСЕПТІ САРАЛАНЫМДАРДЫ АНЫҚТАУ


Сараланымдық есептiлiктiң бастапқы және қайталама пiшiмдерi

26. Компанияның тәуекелдерi мен пайдаларының негiзгi көзi мен сипаты шаруашылық сараланымы немесе географиялық сараланым сараланымдық есептiлiктiң бастапқы пiшiмi болу-болмауын анықтауға тиiс. Егер компанияның тәуекелдерi мен пайда нормалары, негiзiнен, өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердiң айырмашылықтарына байланысты болса, сараланымдық ақпарат ұсыну үшiн оның бастапқы пiшiмi шаруашылық сараланымдар болуға тиiс; бұл жағдайда қайталама ақпарат географиялық белгi бойынша ұсынылады. Дәл осы сияқты, егер компанияның тәуекелдері мен пайда нормалары негiзiнен оның әр түрлi елдерде немесе әр түрлi географиялық аудандарда жұмыс iстеу фактiсiне байланысты болса, сараланымдық ақпарат тапсыру үшiн оның бастапқы пiшiмi географиялық сараланымдар болуға тиiс; бұл жағдайда қайталама ақпарат тиісті тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған есептiлiкте ұсынылады.

27. Компанияның ішкі ұйымдық басқару жүйесі, сондай-ақ оның iшкi қаржы есептiлiгiнiң жүйесi әдетте шешуші басқарушы персоналына компания кездесiп отыратын басым көздердi және тәуекелдердiң сипатын әрi пайданың айырмашылығы бар нормаларын анықтау үшiн, сөйтiп, компания үшін есептiлiктiң қандай пiшiмi бастапқы, қандайы қайталама болып табылатынын анықтау үшiн негiз қалайды, бұған төменде (а) және (b) тармақшаларында келтiрiлген жағдайлар кiрмейдi:

(а) егер компанияның тәуекелдерi және пайда нормалары өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердегi айырмашылықтардың, сондай-ақ оның қызметiнiң географиялық аудандарындағы айырмашылықтардың қатты ықпалында болса, бұған компанияны басқарудағы және шешуші басқарушы персоналдың iшкi есептiлiгiне “қалыптама көзқарас” дәлел бола алады, онда компания шаруашылық сараланымдарын сараланымдық есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде және географиялық сараланымдарды - есептiлiктiң қайталама пiшiмi ретiнде пайдалануға тиiс; және

(b) егер ішкі ұйымдық және басқару құрылымы және оның шешуші басқарушы персоналына iшкi қаржы есептiлiгiнiң жүйесi жекелеген тауарлар мен қызмет көрсетулерге де немесе байланысты тауарлар/қызмет көрсетулер топтарына да, географияға да негiзделмесе, компанияның шешуші басқарушы персоналының компанияның тәуекелдерi мен пайдалары көп жағдайда өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулерге немесе оның қызметiнiң географиялық аудандарына байланысты ма, және соның салдары ретiнде, шаруашылық немесе географиялық сараланымның қайсысы, басқа сараланымдарды есептіліктің қайталама пiшiмі ретiнде пайдалана отырып, сараланымдық есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде пайдаланылуға тиіс екендігін таңдауы қажет.

28. Компаниялардың көпшiлiгi үшiн тәуекелдер мен пайдалардың негiзгi көзi компанияның қалай ұйымдастырылғанын және қалай басқарылатынын анықтайды. Компанияның ұйымдық және басқару құрылымы және оның iшкi есептiлiк жүйесi әдетте компанияның тәуекелдерi мен пайдаларының негiзгi көзiне қатысты оның сараланымдық есептiлiгiнiң мақсаттары үшiн ең жақсы ақпарат көзi болып табылады. Сөйтiп, сирек жағдайларды қоспағанда, ұйым өзiнiң қаржы есептiлiктерiнде сараланымдық ақпаратты шешуші басқарушы персоналға арналған iшкi есептiлiктегi сияқты негiзде ұсынатын болады. Компанияның тәуекелдері мен пайдаларының негiзгi көзi оның сараланымдық есептiлiгiнiң бастапқы пiшiмiне айналады. Оның тәуекелдері мен пайдаларының қайталама көзi оның сараланымдық есептiлiгiнiң қайталама пiшiмiне айналады.

29. “Қалыптама көзқарас” - әрбiр негiзде сараланымды толық ашып көрсете отырып, сараланымдық есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде шаруашылық сараланымдар ретiнде де, сондай-ақ географиялық сараланымдар ретiнде де, – егер компанияның тәуекелдерi мен пайда нормалары өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердегi айырмашылықтарға, сондай-ақ компания жұмыс iстейтiн географиялық аудандардағы айырмашылықтарға барынша тәуелдi болса, пайдалы ақпаратты жиi қамтамасыз етiп отырады. Осы Стандарт “қалыптама көзқарасты” талап етпейдi, бiрақ тиым салмайды да.

30. Кейбiр жағдайларда компания және компанияның iшкi есептiлiгi өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердiң пiшiмдерiндегi айырмашылықтарға да, компания жұмыс iстейтiн географиялық аудандарға да байланысты емес бағыттарда дами алады. Мысалы, iшкi есептiлiкті заңды тұлғалар ғана ұйымдастыра алады, ол iшкi сараланымдардың байланысты емес тауарлар мен қызмет көрсетулер топтарынан тұруына жеткiзедi. Осындай сирек жағдайларда iшкi есептiлiктiң сараланымдық деректерi осы Стандарттың мақсаттарына сай келмейдi. Тиiсiнше, 27 (b)-параграф ұйымның шешуші басқарушы персоналы компанияның тәуекелдері мен пайда нормалары – тауарларға/қызмет көрсетулерге ме, әлде географиялық орналасқан жерiне ме – неге байланысты болатынын анықтауын және компанияның сараланымдық есептiлiгiнiң бастапқы негiзi ретiнде салалық немесе географиялық сараланымды таңдауын талап етедi. Мақсат басқа компаниялармен салыстыруда қажетті деңгейге жетуде, қорытындысы ақпараттың түсiнiктiлiгiн жақсартуда және инвесторлардың, несиегерлердiң және басқалардың тауарлармен/қызмет көрсетулермен және географиялық орналасумен байланысты тәуекелдер мен пайдалар туралы ақпаратқа деген барынша қажеттерiн қанағаттандыруда болып отыр.


Шаруашылық және географиялық сараланымдар


31. Сыртқы есептiлiк мақсаттары үшiн бөлiмше қызметiнiң бұрынғы нәтижелерiн бағалау және, 32-параграфта көзделген жағдайларды қоспағанда, ресурстарды болашақта бөлуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн шешуші басқарушы персоналға ақпарат беретiн ұйымдық бөлiмшелер компанияның шаруашылық және географиялық сараланымдары болуға тиiс.

32. Егер ішкi ұйымдық және басқару құрылымдары және шешуші басқарушы персоналға оның iшкi қаржы есептiлiгi жүйесi жекелеген тауарларға немесе қызмет көрсетулерге немесе байланыстырылған тауарлар/қызмет көрсетулер топтарына да, географияға да негiзделмейтiн болса, 27(b)-параграф компанияның шешуші басқарушы персоналы сараланымдық есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде олардың қайсысы компанияның тәуекелдерi мен пайдаларының бастапқы көзiн көрсететiнiн, ал қайсысы есептiлiктiң қайталама пiшiмiн бiлдiретiнiн бағалау негiзiнде салалық немесе географиялық сараланымдарды таңдауын талап етедi. Бұл жағдайда компанияның директорлары мен басқармасы өзінің шаруашылық және географиялық сараланымдарын шешуші басқарушы персоналға өзiнiң iшкi қаржы есептiлiгiнiң бастапқы жүйесiнiң негiзiнде емес, осы Стандарттың 9-параграфының анықтамасында келтiрiлген факторлардың негiзiнде сыртқы қаржы есептiлiгі үшiн өзінің шаруашылық және географиялық сараланымдарын мынаған сәйкес анықтауға тиiс:

(а) егер iшкi есептiлiкте директорлар кеңесiне және басқармаға ұсынылған бiр немесе бiрнеше сараланым 9-параграфтағы анықтамаларда келтiрiлген факторлардың негiзiнде шаруашылық немесе географиялық сараланым болса, ал қалғандары ондай болмаса, (b) тармақша 9-параграфтағы анықтамаларға сәйкес келмейтiн iшкi сараланымдарға ғана қолданылуға тиiс (яғни анықтамаға сай келетiн iшкi есептiлiктiң сараланымы әрi қарай саралануға тиiс емес);

(b) 9-параграфтың анықтамаларына сәйкес келмейтiн, iшкi есептiлiкте директорлар кеңесi мен басқармаға ұсынылатын ішкі есептілік сараланымдары үшiн компанияның басшылығы 9-параграфтың анықтамаларына сәйкес тауарлық бағыттар мен қызмет көрсетулер бойынша немесе географиялық бағыттар бойынша ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін iшкi сараланымның келесi, неғұрлым төмен деңгейiн табу мүмкіндігін қарастыруға тиiс; және

(c) егер iшкi есептiлiктiң осындай неғұрлым төмен деңгейi 9-параграф факторларының негiзінде шаруашылық немесе географиялық сараланымның анықтамасына сай келетiн болса, бұл сараланымға есептерде ұсынылуға тиісті сараланымдарды анықтау үшiн 34 және 35-параграфтарда айтылған өлшемдер қолданылуға тиiс.

33. Осы Стандартқа сәйкес компаниялардың көпшiлiгi өзiнiң шаруашылық және географиялық сараланымдарын ұйымдастырушылық бөлiмше ретiнде анықтайтын болады, олар бойынша ақпарат шешуші басқарушы персоналға бөлімшенің бұрынғы қызмет нәтижелерiн бағалау үшiн және ресурстарды болашақта бөлуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн бередi. Және де тiптi, егер компания оның iшкi есептiлiгiнiң сараланымдары тауарлық/сервистiк мамандандыруға немесе географиялық мамандандыруға сәйкес келмеуiне байланысты 32-параграфты қолдануға мiндеттi болса да, ол iшкi сараланымның келесi, неғұрлым төмен деңгейiн қарастыратын болады, ол сараланымдарды тек қана iшкi есептiлiк мақсаттар үшiн жасап қоймай, тауарлық және сервистiк мамандандыруға немесе географиялық мамандандыруға сәйкес ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді. Компанияның ұйымдық және басқару құрылымдарына және оның iшкi қаржы есептiлiгi жүйесiне сыртқы есептiлiк мақсаттары үшiн компанияның шаруашылық және географиялық сараланымдарын анықтау үшiн жолданып жасалатын мұндай көзқарас кейде “басқару көзқарасы” деп аталады, ал iшкi ақпарат ұсынылатын ұйымдық компоненттер кейде “операциялық сараланымдар” деп аталады.


Есептi сараланымдар


34. Елеулi түрде ұқсас екi немесе одан да көп iшкi есептiлiктiң шаруашылық немесе географиялық сараланымы бiр шаруашылық немесе географиялық сараланымына бiрiгуi мүмкiн. Екi немесе одан да көп шаруашылық немесе географиялық сараланымдар, егер:

(а) олар ұқсас ұзақ мерзімді қаржы нәтижелерiн көрсетсе ғана; және

(b) олар 9-параграфтың тиісті анықтамасының барлық факторлары бойынша ұқсас болса ғана елеулi түрде ұқсас болады.

35. Шаруашылық немесе географиялық сараланым, егер оның кiрiсiнiң көп бөлiгi сыртқы сатып алушыларға сату есебiнен қалыптасса, есептерде ұсынылуға тиісті сараланым ретiнде анықталуға тиiс және:

(а) сыртқы клиенттерге сатудан және басқа сараланымдармен операциялардан түскен оның кiрiстерi - сыртқы да, iшкi де, - барлық сараланымдардан түскен жалпы кiрiстiң кем дегенде 10 пайызын құрайтан болса; не

(b) оның нәтижесi, ол пайда немесе залал болса да, абсолюттiк мөлшерi бойынша ненiң көп екендiгiне байланысты, пайда немесе залал бойынша барлық сараланымдардың жалпы нәтижесiнiң кем дегенде 10 пайызын құраса; не

(c) оның активтерi барлық сараланымдардың жиынтық активтерiнiң кем дегенде 10 пайызын құраса, ұқсас болады.

36. Егер iшкi есептiлiк сараланымы 35-параграфта айтылған мәндiлiк табалдырықтарының бәрiнен төмен болса, онда:

(а) бұл сараланым, оның мөлшерiне қарамастан, есептi сараланым ретiнде анықталуы мүмкiн;

(b) егер ол, оның мөлшерiне қарамастан, есептi сараланым ретiнде анықталмаса, бұл сараланым 35-параграфта келтiрiлген, мәнділік табалдырықтарының бәрінен төмен болған iшкi есептiлiктiң бiр немесе бiрнеше ұқсас сараланымдарымен қоса жеке есептiк сараланымға бiрiктiрiлуi мүмкiн (екi немесе одан көп шаруашылық немесе географиялық сараланымдар, егер олар 9-параграфтың тиiстi анықтамасында айтылған факторлардың көбiсiне сай келетiн болса, ұқсас болып табылады); және



(c) егер бұл сараланым есептерде жеке ұсынылмаса немесе бiрiктiрiлмесе, ол бөлiнбеген тексеру бабы ретiнде енгiзiлуге тиiс.

37. Егер есептi сараланымдарға бөлінетін сырттай жиынтық кiрiстер шоғырландырылған жиынтық кiрiстердiң немесе компания кірістерінің 75 пайызынан кемiн құрайтын болса, қосымша сараланымдар, тiптi олар 35-параграфта келтiрiлген он пайыздық табалдырық талабына сай келмесе де, жиынтық шоғырландырылған кiрiстердiң немесе компания кірістерінің ең болмағанда 75 пайызы есептi сараланымдарға қосылғанға дейiн, есепті сараланымдар ретiнде анықталуға тиiс.

38. Осы Стандартта он пайыздық табалдырықтар, есепті шаруашылық және географиялық сараланымдарды қоспағанда, қаржы есептiлiгiнiң кез келген аспектiлерiнiң елеулiлiгiн анықтау үшiн басшылыққа алынбайды.

39. Есептi сараланымдар шеңберiн, өз кiрiстерiнiң көп бөлiгiн сыртқы клиенттерге сатудан алатындармен шектей отырып, осы Стандарт жекелеген шаруашылық сараланымдары ретiнде тiкелей бiрiктiрiлген өндірістердiң әр түрлi деңгейiн анықтауды талап етпейдi. Алайда кейбiр салаларда қазіргі практика есептiлiкте белгiлi бiр тiкелей бiрiктiрiлген қызмет түрлерiн, тiптi олар сыртқы сатудан елеулi кiрiс жасамаса да, жекелеген шаруашылық сараланымдары ретiнде ұсынудан тұрады. Мысалы, көптеген халықаралық мұнай компаниялары, тіпті көп бөлігі немесе бастапқы өнімнің барлығы (шикi мұнай) компания iшiнде компанияның өңдеушi буынына берiлсе де, есептерде өзінің бастапқы қызметін (барлау және өндiру) және қайталама қызметін (өңдеу және сату) жекелеген шаруашылық сараланымдары ретiнде көрсетедi.

40. Осы Стандарт тiкелей бiрiктiрiлген қызмет түрлерiн, 75-параграфтың талаптарына сәйкес, сараланымаралық табыстаған кезде баға белгiлеу негiздерiн ашып көрсетудi қамтитын тиiстi сипаттаумен қоса жекелеген сараланымдар ретiнде ерiктi түрде ұсынуды мақұлдайды, бiрақ талап етпейдi.

41. Егер компания есептiлiгiнiң iшкi жүйесi тiкелей бiрiктiрiлген қызмет түрлерiн жеке сараланымдар ретiнде ескерсе, ал компания оларды сыртқы есептерде шаруашылық сараланымдары ретiнде көрсетпесе, олай жасамауға негiзді себеп болмаған жағдайда ғана, сыртқы есептерде ұсынылуға жататын шаруашылық сараланымдарын анықтаған кезде, сатылатын сараланым сатып алынатын сараланыммен (сараланымдармен) қосылуға тиiс, ондай жағдайда сатылатын сараланым бөлiнбеген тексеру бабы ретiнде қосылар едi.

42. Он пайыздық табалдырықты қанағаттандыруына байланысты алдыңғы кезеңде ұсынылуға жататын ретінде анықталған сараланым, оның кiрiстерi, нәтижесi мен активтерi енді он пайыздық көрсеткіштерден аспауына қарамастан, егер компанияның басқармасы сараланым өзiнiң мәндiлiгiн сақтап қалады деп есептесе, ағымдағы кезеңде өзінің мәртебесiн сақтауға тиiс.

43. Егер сараланым, ол тиісті он пайыздық табалдырықты қанағаттандыруына байланысты, ағымдағы кезеңде есептi сараланым ретiнде анықталса, салыстыру мақсаттары үшiн ұсынылатын алдыңғы кезеңдегi сараланымның деректерi, тiптi егер ол сараланым соның алдындағы кезеңде он пайыздық табалдырық туралы көрсеткіштерді қанағаттандырмаса да, егер оны iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана, жаңа есептi сараланымды жекеше ретiнде көрсету үшiн қайта есептелуге тиiс.


САРАЛАНЫМНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ


44. Сараланымдық ақпарат шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынатын топтың немесе компанияның қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн қабылданған есеп саясатына сәйкес әзiрленуге тиiс.

45. Компанияның директорлары мен басқармасы өздерінің шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн немесе компанияның қаржы есептiлiгiн әзiрлеу кезiнде таңдап алған есеп саясаты – бұл сыртқы есептiлiк мақсаттары үшiн олар барынша ыңғайлы деп есептейтiн саясат. Сараланымдық ақпараттың мақсаты тұтас алғанда компания жайында жақсы түсiнiп, неғұрлым негiздi шешім қабылдау үшiн қаржы есептiлiгiн пайдаланушыларға көмектесуде болғандықтан, осы Стандарт сараланымдық ақпаратты әзiрлеген кезде директорлар мен басқарма таңдап алған есеп саясатын пайдалануды талап етедi. Алайда бұл шоғырландырылған есеп саясаты немесе компанияның есеп саясаты, егер сараланымдар жеке есеп беретiн бiрлiктер болса, есептi сараланымдарға қолданылуға тиiс екендiгiн бiлдiрмейдi. Бүкiл компания деңгейiнде нақты есеп саясатын қолдану кезiнде жасалған егжей-тегжейлi есептеулер, егер бұл үшiн объективті негiз болса, сараланымдарға бөлiнуi мүмкiн. Мысалы, зейнетақы есептеу көбiнесе барлық компания үшiн жасалады, бiрақ компанияның жалпы сандары жалақы және демографиялық жағдай туралы деректердiң негiзiнде сараланымдарға бөлiнуi мүмкiн.

46. Осы Стандарт, (а) ақпарат ішкі ақпарат болса және ол шешуші басқарушы персоналға сараланымдарға ресурс бөлуге және оның қызмет нәтижелерiн бағалауға қатысты шешiмдер қабылдау үшiн ұсынылса және (b) осы қосымша ақпаратты өлшеу негізі дәл сипатталған жағдайда, шоғырландырылған қаржы есептiлiгi немесе компанияның қаржы есептiлiгi үшiн қабылданған есеп саясатынан өзгеше негiзде әзiрленген қосымша сараланымдық ақпаратты ашып көрсетуге тиым салмайды.

47. Екi немесе одан да көп сараланым бiрлесiп пайдаланатын активтер, егер олардың тиiстi кiрiстерi мен шығыстары да осы сараланымдарға бөлiнетiн болса ғана, сараланымдарға бөлiнуге тиiс.

48. Активтердiң, мiндеттемелердiң, кiрiстер мен шығыстардың баптары сараланымдарға бөлiнетiн тәсiл осы баптардың, сараланым жүзеге асыратын қызмет түрлерiнiң және осы сараланымның салыстырмалы дербес сипаты сияқты факторларға байланысты болады. Компаниялардың барлығы қабылдауға тиіс бір бөлу негiзiн анықтау мүмкiн емес немесе тиiмдi емес. Сондай-ақ бiр мезгiлде екi немесе одан да көп сараланымға жататын компания активтерiнiң, мiндеттемелерiнiң, кiрiстерi мен шығыстарының баптарын бөлуге мәжбүрлеу, егер осындай бөлу үшiн бiрден-бiр негiз даулы немесе қиын түсiнiлетiн болса, тиiмдi емес. Солай бола тұрса да, сараланымның кiрiстері, шығыстары, активтері және мiндеттемелері, анықтамалары өзара байланысты және алынатын бөлу жүйелi болуға тиiс. Сөйтіп, бiрлесiп пайдаланылатын активтер, егер олардың тиiстi кiрiстерi мен шығыстары да осы сараланымдарға бөлiнетiн болса ғана, сараланымдарға бөлiнедi. Мысалы, актив, егер амортизациялауға тиiстi аударымдар сараланым нәтижесiн өлшеу кезiнде шегерiлген жағдайда ғана, сараланымның активiне қосылады.

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ


49. 50-67-параграфтар компанияың сараланымдық есептiлiгiнiң бастапқы пiшiмi үшін есептi сараланымдарға ашып көрсетулердi анықтайды. 68-72-параграфтар компания есептiлiгiнiң қайталама пiшiмi үшiн талап етiлетiн ашып көрсетулердi анықтайды. 68-72-параграфтар қайталама негiздегi ақпараттың едәуiр аз көлемiн ашып көрсетудi талап етсе де, әрбiр қайталама есептiң сараланым үшiн 50-67-параграфтарда атап көрсетiлген барлық бастапқы сараланымдық ашып көрсетулердi компаниялардың ұсынуы мақұлданады. 74-83-параграфтарда сараланымдық ашып көрсетудiң бiраз басқа мәселелерi қарастырылады. Осы Стандартқа В қосымша осы ашып көрсету стандарттарын қолдануды сипаттайды.

Есептiлiктiң бастапқы пiшiмi


50. 51-67-параграфтарда келтiрiлген ашып көрсетулерге қойылатын талаптар компания есептiлiгiнiң бастапқы пiшiмi негiзiнде есептерде ұсынылуға тиісті әрбiр есептi сараланымға қолданылуға тиiс.

51. Компания әрбiр есептi сараланым үшін сараланымдық кiрiсті ашып көрсетуге тиiс. Сыртқы клиенттерге сатудан түскен сараланымның кiрiсi және оның басқа сараланымдармен операциялардан түскен кiрiсi бөлек ұсынылуға тиiс.

52. Ұйым жалғасатын қызметтің нәтижесін тоқтатылған қызмет нәтижесінен бөлектей отырып әрбір есепті сараланым үшін сараланымдық нәтижені ашып көрсетуге тиiс.

52А. Ұйым қаржы есептілігінде ұсынылған алдыңғы кезеңдер үшін сараланым нәтижелерін тоқтатылған қызметке қатысты 52-параграфқа сәйкес талап етілетін ақпаратты ашу ұсынылған кезеңдердің соңғысында есепті күнге тоқтатылған ретінде жіктелген барлық қызметке қатысты болатындай етіп қайта есептеуге міндетті.

53. Егер компания сараланымның таза пайдасын немесе залалын немесе сараланым пайдалылығының қандай да болсын басқа көрсеткiшiн есептей алатын болса, онда сараланым нәтижесiне қосымша тиiсiнше сипаттай отырып, мұндай мөлшердi (мөлшерлердi) ұсыну мақұлданады. Егер бұл көрсеткiш шоғырландырылған қаржы есептiлiгi немесе компанияның қаржы есептiлiгi үшiн бекiтiлген есеп саясатынан өзгеше негiзде әзірленетін болса, ол өзiнiң қаржы есептiлiгiне осы көрсеткiштiң өлшеу базасын дәл сипаттауды қосады.

54. Пайдалар мен залалдар туралы есепте ұсынылған сараланым қызметiнiң нәтижелерiн сараланым нәтижелерiнен жоғары өлшеу көрсеткiшiнiң мысалдары үстеме сауда бағасының жалпы сомасы болып табылады. Пайдалар мен залалдар туралы есепте ұсынылған сараланым қызметiнiң нәтижелерiн сараланым нәтижелерiнен төмен өлшеу көрсеткiшiнiң мысалы негізгі қызметтен алынатын пайда немесе залал (пайдаға салынатын салықтарға дейiн, не одан кейiн) және таза пайда немесе залал болып табылады.

55. Компания әрбiр есептi сараланым үшін сараланым активтерiнiң жалпы баланстық құнын ашып көрсетуге тиiс.

56. Компания әрбiр есептi сараланым үшін сараланым мiндеттемелерiн ашып көрсетуге тиiс.

57. Компания есептерде көрсетілуге тиісті әрбiр есептi сараланым үшін бiр кезеңнен асатын мерзiмнiң iшiнде пайдалану көзделiп отырған сараланым активтерiн (негізгі құралдар және материалдық емес активтер) сатып алу үшiн кезең iшiнде шыққан жалпы шығындарды ашып көрсетуге тиiс. Бұл кейде осы принципте талап етiлетiн негізгі құралдардың өсуi немесе күрделi шығындар өлшеу деп аталып отырған кезде, өлшеу кассалық негізде емес, есептеу негізінде жүргiзiлуге тиiс.



58. Компания әрбiр есептi сараланым үшін кезең iшiндегi сараланымның активтерiн амортизациялау түрiндегi сараланым нәтижесiне енгiзiлген шығыстардың жалпы сомасын ашып көрсетуге тиiс.

59. Кезең iшiнде әрбiр есептi сараланымның қызмет нәтижелерiн түсiндiру үшiн оларды ашып көрсету маңызды болатын көлемi, сипаты немесе ықпалы сараланымның кiрiстерi мен шығыстарының кез келген баптарының сипаты мен мөлшерiн компанияның ашып көрсетуi мақұлданады, бiрақ талап етiлмейдi.

60. 1 IAS-Халықаралық стандарты сипаты мен өлшемі міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуі үшін кірістер мен шығыстардың баптары маңызды болып табылатын жағдайларда талап етеді. 1 IAS Халықаралық стандартына бірқатар мысалдар қоса беріледі, оның ішінде қорлар мен негізгі құралдарды ішінара есептен шығару, қайта құрылымдауға бағалау міндеттемелері, негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестицияларды, тоқтатылатын қызметті іске асыру, сот дауларын реттеу және бағалау міндеттемелерін қайтару. 59-параграфта кез келген осындай баптарды жіктеуді өзгерту немесе осындай баптардың бағалау тәртібін өзгерту мақсаты жоқ. Осы параграф қолдайтын ашып көрсету, сонымен қатар ашып көрсету мақсаты үшін осындай баптардың маңыздылығы бағаланатын деңгейді ұйымның деңгейінен сегменттің деңгейіне дейін ауыстырады.

61. Компания әрбiр есептi сараланым үшiн амортизациядан өзгеше ақшалай емес шығыстардың жалпы сомасын ашып көрсетуге тиiс, ол бойынша 58-параграфқа сәйкес сараланымды ашып көрсетуге енгiзiлген және, сөйтiп, сараланым нәтижесiн өлшеу кезеңде шегерiлген жеке ашып көрсету талап етiледi.

62. 7 IAS операциялық қызметтен, инвестициялық және қаржылық қызметтен түсетiн ақша қаражаттарының тасқыны бөлек көрсетiлетiн ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi компанияның ұсынуын талап етедi. 7 IAS әрбiр есептi шаруашылық және географиялық сараланым үшін ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратта ашып көрсету компанияның жалпы қаржы жағдайын, өтімділігін және ақшалай қаражаттарының тасқынын түсiну үшiн маңызды болатынын атап көрсетедi. 7 IAS ондай ақпараттың ашып көрсетiлуiн мақұлдайды. 7 IAS мақұлдайтын сараланымның ақшалай қаражаттарының тасқынын ашып көрсетуді де осы Стандарт мақұлдайды. Бұған қоса, ол сараланымның кiрiсiне енгiзiлген, және, сөйтiп, сараланым нәтижесiн бағалаған кезде қосылған ақшалай емес елеулi кiрiстердiң ашып көрсетiлуiн мақұлдайды.

63. 7 IAS стандарты мақұлдайтын сараланымның ақшалай қаражаттарының тасқынын ашып көрсетулердi ұсынатын кәсiпорын бұған қоса 58-параграфқа сәйкес амортизациялық шығыстарды немесе 61-параграфқа сәйкес ақшалай емес шығыстарды ашып көрсетпеуге тиіс.

64. Компания әрбiр есептi сараланым үшін компанияның жиынтық үлесiн, егер осындай қауымдасқан компаниялардың барлық қызметi негiзiнен осы бiр сараланымның шеңберiнде жүзеге асырылатын болса, қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен компаниялардың немесе үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген басқа да инвестициялардың таза пайдасы немесе залалдары бойынша ашып көрсетуге тиiс.

65. Осының алдындағы параграфқа сәйкес бiр жиынтық сома ашып көрсетiлетiн болса да, әрбiр қауымдасқан компания, бiрлескен қызмет немесе үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген басқа да инвестиция, операциялардың барлығы сараланым шеңберiнде жүзеге асырылатынын анықтау үшiн бөлек бағаланады.

66. Егер қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен кәсіпорындардың немесе үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген басқа да инвестициялардың таза пайдасындағы немесе залалдарындағы компанияның жиынтық үлесi есептi сараланыммен ашып көрсетiлетiн болса, осы қауымдасқан компанияларға және бiрлескен кәсіпорындарға жиынтық инвестициялар да осы есептi сараланыммен ашып көрсетiлуге тиiс.

67. Ұйым есептi сараланымдар мен жинақталған ақпарат үшін шоғырландырылған қаржы есептiлiктерінде немесе компанияның қаржы есептiлiгiнде ашып көрсетiлген ақпараттың салыстырмасын ұсынуға тиiс. Салыстырма ұсынған кезде сараланымның түсімі ұйымның сыртқы клиенттерден алған түсімімен (ұйымның сыртқы клиенттерден алған, сараланымның кiрiсiне енгiзiлмеген түсім сомасын ашып көрсетудi қоса) салыстырылуға тиiс; сараланым нәтижесi компанияның операциялық пайдасының немесе залалының салыстырылатын нәтижесiмен, сондай-ақ компанияның таза пайдасымен немесе залалымен салыстырылуға тиiс; тоқтатылған қызметтен алынған сараланым нәтижесі ұйымның тоқтатылған қызметтен алынған пайдасымен немесе залалымен салыстырылуға жатады; сараланымның активтерi компанияның активтерiмен салыстырылуға тиiс; ал сараланымның мiндеттемелерi компанияның мiндеттемелерiмен салыстырылуға тиiс.

Қайталама сараланым ақпараты


68. 50-67-параграфтар компания есептілігінің бастапқы пiшiмiнiң негiзiнде есептерде ұсынылуға тиісті әрбір сараланымға ашып көрсетуге қатысты талаптарды анықтайды. 69-72-параграфтар компания есептiлiгiнiң қайталама пiшiмi негiзiнде әрбiр есептi сараланымға қолданылуға тиiстi ашып көрсетулерге талаптарды былайша анықтайды:

(а) егер компанияның бастапқы пiшiмi шаруашылық сараланымдары болса, онда қайталама пiшiмді ашып көрсетуге қажетті талаптар 69-параграфта көрсетіледі;

(b) егер компанияның бастапқы пiшiмi активтердiң орналасуына негiзделген географиялық сараланымдар болса (онда компанияның өнiмi өндiрiледi немесе оның қызмет көрсету жөнiндегi операциялары орналасады), қайталама пiшiмді ашып көрсетуге қойылатын қажетті талаптар 70 және 71-параграфтарда келтірілген;

(c) егер компанияның бастапқы пiшiмi клиенттердiң орналасуына негiзделген географиялық сараланымдар болса (онда компанияның өнiмi сатылады немесе қызметi көрсетiледi), қайталама пiшiмді ашып көрсетуге қойылатын қажетті талаптар 70 және 72-параграфтарда келтірілген.

69. Егер сараланымдық ақпаратты ұсыну үшiн компанияның бастапқы пiшiмi шаруашылық сараланымдар болса, ол да мынадай ақпаратты ұсынуға тиiс:

(а) әрбiр географиялық сараланым үшiн оның клиенттерiнiң географиялық орналасуы негiзiнде географиялық аудандар бойынша сыртқы клиенттерден түсетiн сараланымның кiрiстерi, барлық сыртқы клиенттерге сатудан түсетiн кiрiстер компанияның барлық сыртқы клиенттерге сатудан түскен жалпы кiрiстерiнiң кем дегенде 10 пайызын құрайды;

(b) әрбiр географиялық сараланым үшiн активтердiң географиялық орналасуына қарай сараланым активтерiнiң жалпы баланстық құны, оның активтерi барлық географиялық сараланымдар активтерiнiң кем дегенде 10 пайызын құрайды; және

(с) әрбiр географиялық сараланым үшiн активтердiң географиялық орналасуына қарай бiр кезеңнен астам мерзiм бойы пайдаланылады деп болжанып отырған сараланым активтерiн (негізгі құралдар және материалдық емес активтер) сатып алуға кезең iшiнде шыққан жиынтық шығындар, олардың активтерi барлық географиялық сараланымдардың жиынтық активтерiнiң кем дегенде 10 пайызын құрайды.



70. Егер сараланымдық ақпарат ұсыну үшiн компанияның бастапқы пiшiмi географиялық сараланымдар болса (ол активтердiң орналасуына немесе клиенттердiң орналасуына негiзделген болса да), ол да есептiлiкте сыртқы клиенттерге сатудан түскен кiрiстерi компанияның барлық сыртқы клиенттерге сатқан жиынтық кiрiстерiнiң кем дегенде 10 пайызын құрайтын немесе активтерi барлық шаруашылық сараланымдарының жиынтық активiнiң кем дегенде 10 пайызын құрайтын әрбiр шаруашылық сараланымы бойынша мынадай сараланымдық ақпаратты ұсынуға тиiс:

(а) сыртқы клиенттерден түскен сараланымның түсімі;

(b) сараланым активтерiнiң жиынтық баланстық құны; және

(c) бiр кезеңнен астам мерзiм бойы пайдаланылады деп болжанып отырған сараланым активтерiн (негізгі құралдар және материалдық емес активтер) сатып алу үшiн кезең iшiнде шыққан жиынтық шығындар.

71. Егер сараланымдық ақпарат ұсыну үшiн компанияның бастапқы пiшiмi активтердiң орналасуына қарай негiзделетiн географиялық сараланымдар болса, және егер олардың клиенттерiнiң орналасуы оның активтерiнiң орналасуынан өзгеше болса, онда компания да клиенттердiң орналасқан жерiне негiзделген, сыртқы клиенттерге сатудан түскен кірістері компанияның барлық сыртқы клиенттерге сатудан түскен жалпы кірістерінің кем дегенде 10 пайызын құрайтын әрбiр географиялық сараланым үшiн сыртқы клиенттерге сатудан түскен кірістерді ұсынуға тиiс.

72. Егер клиенттердiң орналасқан жерiне негiзделген географиялық сараланымдар, және сараланымдық ақпарат ұсыну үшiн компанияның бастапқы пiшiмi болса, және егер компанияның және оның клиенттерiнiң активтерi әр түрлi географиялық аудандарда орналасса, онда компания активтерге негiзделген, сыртқы клиенттерге сатудан түскен кiрiстерi немесе сараланым активтерi тиiстi шоғырландырылған сомалардың немесе компания көрсеткіштерінің кем дегенде 10 пайызын құрайтын әр түрлi географиялық сараланым үшiн мынадай сараланымдық ақпаратты ұсынуға тиiс:

(а) активтердiң географиялық орналасуы бойынша сараланым активтерiнiң жалпы баланстық құны; және

(b) активтердiң орналасқан жерi бойынша бiр кезеңнен астам мерзiм бойы пайдаланылады деп болжанып отырған, сараланым активтерiн (негізгі құралдар және материалдық емес активтер) сатып алу үшiн кезең iшiнде шыққан жиынтық шығындар.


Сараланым туралы сипаттап ашып көрсетулер


73. Осы Стандартқа В қосымша осы Стандартта талап етiлетiн есептiлiктiң бастапқы және қайталама пiшiмдерi үшін ашып көрсетулердiң сипаттамасын ұсынады.

Ашып көрсетудiң басқа да мәселелерi


74. Егер өзi туралы ақпарат шешуші басқарушы персоналға ұсынылатын шаруашылық немесе географиялық сараланым, өз кiрiстерiнiң көп бөлiгiн басқа сараланымдарға сатудан алатын болғандықтан, есептерде ұсынылуға тиісті сараланым болып табылмаса, бiрақ соған қарамастан оның сыртқы клиенттерге сатудан алатын кiрiстерi компанияның барлық сыртқы клиенттерге сатудан түскен жиынтық кiрiстерiнiң кем дегенде 10 пайызын құрайтын болса, компания бұл фактiнi және (а) сыртқы клиенттерге сатудан және (b) басқа сараланымдарға iшкi сатудан түскен кiрiстер сомасын ашып көрсетуге тиiс.

75. Басқа сараланымдармен операциялардан сараланым кiрiстерiн өлшеу және ұсыну кезiнде, сараланымдар арасындағы табыстаулар компания осындай табыстаулар кезiнде бағаларды анықтау үшiн нақты пайдаланған негiзде өлшенуге тиiс. Сараланымаралық табыстау кезiндегi баға белгiлеу негiзi және ондағы кез келген өзгерiс қаржы есептiлiктерiнде ашып көрсетiлуге тиiс.

76. Сараланымдық есептiлiк үшiн бекітілген, сараланымдық ақпаратқа елеулi ықпал ететiн есеп саясатындағы өзгерiстер ашып көрсетiлуге тиiс, салыстыру мақсаттары үшiн ұсынылған, соның алдындағы кезеңнiң сараланымдық ақпараты, егер бұл iс жүзiнде мүмкiн болмаса ғана, ашып көрсетілуге тиiс. Мұндай ашып көрсету өзгеру сипатын, өзгеру себептерiн, салыстыру ақпараты қайта жаңартылғанын немесе оны жасау iс жүзiнде мүмкiн емес екендігін сипаттауды және, егер ол негізді түрде анықтауға келетін болса, өзгерістің қаржы әсерін қамтуға тиіс. Егер компания өз сараланымдарының анықтамасын өзгертсе және, ол іс жүзінде мүмкін болмағандықтан, алдыңғы кезең үшін сараланымдық ақпаратты қайта жаңғыртпаса, онда салыстыру мақсаттары үшін компания өз сараланымдарының анықтамасын өзгерткен жылы сараланымның жаңа негіздері үшін де, ескі негіздері үшін де сараланым бойынша деректер ұсынуға тиіс.

77. Ұйым қолданатын есеп саясатындағы өзгерiстер 8 IAS Халықаралық стандартында қарастырылады. 8 IAS есеп саясатындағы өзгерiстер, егер оларды қандай да бір Стандарт немесе Түсіндірме талап етсе ғана, немесе өзгерiс компанияның қаржы есептiлiгiндегi оқиғалар мен операциялардың неғұрлым дәл ұсынылуын қамтамасыз ететiн болса ғана, жасалуын талап етедi.

78. Ұйым деңгейiнде пайдаланылатын, сараланымдық ақпаратқа әсер ететiн есеп саясатындағы өзгерiстер 8 IAS Халықаралық стандартына сәйкес қарастырылады. Егер қандай да бір жаңа Стандарты немесе Түсіндірме өзгеше көздемесе ғана, 8 IAS Халықаралық стандарты:


  1. есеп саясатындағы өзгерiстiң міндетті түрде ретроспективті қолданылуын, ал алдыңғы кезеңнiң ақпараты, нақты кезеңге осы өзгерістің ықпалын не оның кумулятивтiк ықпалын анықтау мүмкін болмаған жағдайды қоспағанда, қайта есептелуге тиіс;

  2. егер ретроспективті қолдану ұсынылған барлық кезеңдер бойынша мүлдем мүмкін болмаса, тиісті жаңа есеп саясаты мүлдем мүмкін болмайтын күннің басынан міндетті түрде ретроспективті қолданылуға тиіс; және

  3. ағымдағы кезеңнің басында жаңа есеп саясатын қолданудың тиісті кумулятивтік ықпалын анықтау мүмкін болмағанда, бұл саясат іс жүзінде мүмкін күннің ерте күнінен бастап ретроспективті қолданылуға тиіс.

79. Есеп саясатындағы кейбiр өзгерiстердiң тiкелей сараланымдық есептiлiкке қатысы бар. Сараланымдарды анықтаудағы өзгерiстер және кiрiстер мен шығыстарды сараланымдарға бөлу үшiн негiздегi өзгерiстер осындай өзгерiстердiң мысалдары бола алады. Мұндай өзгерiстер есептiлiкте ұсынылатын сараланымдық ақпаратқа елеулi түрде ықпал ете алады, бiрақ компанияға арналған жиынтық қаржы есептiлiгiн өзгертпейдi. Өзгерiстердi түсiнiп, оның беталысын бағалауда пайдаланушыларға көмектесу үшiн, салыстыру мақсаттары үшiн қаржы есептiлiгiне енгiзiлетiн осының алдындағы кезеңнiң сараланымдық ақпараты, егер ол жаңа есеп саясатын көрсету үшiн iс жүзiнде тиімді болса, қайта есептеледi.

80. 75-параграф сараланымдық есептiлiк мақсаттары үшiн сараланымдардың арасындағы табыстаулар осы табыстауларды бағалау үшiн компания нақты пайдаланатын негiздi өлшенуiн талап етедi. Егер компания сараланымдар арасындағы табыстауларды бағалау үшiн нақты пайдаланылатын әдiстi өзгертсе, бұл 76-параграфқа сәйкес алдыңғы кезең үшiн қайта есептелуге тиiстi сараланымдық деректер үшiн есеп саясатындағы өзгерiс болып табылмайды. Алайда 75-параграф осы өзгерiстi ашып көрсетудi талап етедi.



81. Компания әрбiр есептi шаруашылық сараланымына енгiзiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер тұрпаттарын көрсетуге және, егер бұл қаржы есептiлiгiнде немесе қандай да бiр қаржы есебiнде ашып көрсетiлмесе ғана, әрбiр есептi географиялық сараланымның құрамын, бастапқысында да, қайталамасында да, көрсетуге тиiс.

82. Сұранымның өзгеруі, шикiзат пен материалдардың бағасындағы немесе өндірістің басқа факторларындағы өзгерiстер және баламалы өнiмдер өндiру және шаруашылық сараланымдарындағы процестер сияқты мәселелердің ықпалын бағалау үшiн осы сараланым біріктірген қызмет түрлерiн бiлу қажет. Дәл сол сияқты экономикалық және саяси жағдайлардың өзгеруiнiң географиялық сараланымның тәуекелдер мен пайда нормаларына ықпалын бағалау үшiн осы географиялық сараланымның құрамын бiлу маңызды.

83. Сандық табалдырықтарды бұдан былай қанағаттандырмайтын бұрын есептерде ұсынылған сараланымдар есептерде бөлек ұсынылмайды. Олар сұранымның төмендеуiне байланысты немесе сараланым қызметiнiң бiр бөлiгi сатылғандықтан немесе басқа сараланымдармен бiрiктiрiлгендiктен, мұндай табалдырық маңыздарының талаптарын қанағаттандырмауы мүмкiн. Бұрын есептерде ұсынылған сараланымның ендi нелiктен есептерде көрсетiлмеу себебiн түсiндiру де тарылып отырған рыноктарға қатысты күтулердi және компанияның стратегиясындағы өзгерiстердi растау үшiн пайдалы болуы мүмкiн.

КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КҮН


84. Осы Халықаралық қаржы есептілігі стандарты 1998 жылғы 1 шiлдеден немесе осы күннен кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржы есептiлiгiне қатысты күшiне енгiзiледi. Стандартты мерзiмiнен бұрын қолдану мақұлданады. Егер компания осы Стандартты бастапқы 14 IAS стандарттың орнына 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржы есептiлiгiне қатысты қолданса, ол осы фактiнi ашып көрсетуге тиiс. Егер қаржы есептiлiктері осы Стандарт күшiне енгiзiлген күннiң немесе осы Стандартты мерзiмiнен бұрын ерiктi түрде қабылдаудың алдындағы кезеңдер үшiн салыстырма ақпаратты қамтыса, онда, егер бұл iс жүзiнде мүмкiн болмаса ғана, осы Стандарттың талаптарын сақтау мақсаттарында есептерге енгiзiлген сараланымдық деректердiң қайта есептелуi талап етіледi, бұл жағдайда компания осы фактiнi ашып көрсетуге тиiс.
___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет