Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі


Мінез-қүлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық тұрғыда



бет2/13
Дата01.03.2024
өлшемі483 Kb.
#493776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дип.-ЖЕТКІНШЕК-ЖАСТАҒЫ-МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ-ҚИЫН-БАЛАЛАРДЫ-АНЫҚТАУ

1.2. Мінез-қүлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық тұрғыда талдау.
Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды— негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік пен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мүғалім оқушының мінез-қүлқын, сана ссзімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет.
Мүғалім психологиялық танымдық процестерді
калыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.
Мүғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста мүғалімнің негізгі жүмыс бағыттары:

  1. Окушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау

  2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.

  3. Оқушыларды қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, үжымдық) ұйымдастыру.

  4. Оқушылардың еркіндіктері мен қүқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау

  5. Сыныпта оқу-тәрбие жүмысын үйымдастыру.

Алдымен мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог К.К.Платоновтың көзқарасы бойынша «жеке адамның психологиялық құрылымы» төрт бөліктен түрады:
Біріншіден, оның темперамент, жыныс, жас өзгешеліктері, яғни биологиялық қасиеттері;
Екіншіден, оның даму барысының дербес ерекшеліктері, яғни ес ерлікк, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. қасиеттері жатады;
Үшінші, баланың әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі;
Төртінші, оның жалпы адамгершілік қасиеттері- жеке адамның бағыттылығы.
Мұғалімнің негізгі міндеті бала бойындағы қиындықтарды анықтап, оларды түзету жолдарын дұрыс ұйымдастыра білу. Егер де, мүғалім өз жүмысына немқұрайлы қараса оқушылардың келесі қиындықтарды байқауға болады:

  1. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасының бүзылуы .

  2. Ерке балалар. Бұндай оқушылар көбінесе барлық жағдайы жасалған, үйдің жалғыз балаларында кездеседі.

  3. Жағдай толық жасалмаған. Психикасының дамуында
    ауытқулар
    бар балалалар, осының салдарынан сабаққа үлгермеушілік пайда болады.

  4. Отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни бала тәрбиесіне кері әсер етушілік маскүнем, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін т.б. Е.Волкова, Гаспаровалар [15] мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды мынадай топтарға бөледі:

а)сезім әрекетіне бой алдырғыш (эмоционалды) оқушылар (жьшауық, кекшіл т.б.);
б)агрессивті;
в)қыңыр, қырсық;
г)ұялшақ;
е) тынымсыз, белсенді бала.
Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:
1.Қабылдамау
2. Гиперсоциалды
3. Қорқақ-секемшіл
4.Эгоорталықты
Қабылдамау - егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, жылу болмаса. бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне карсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.
Гиперсоциалды мұндай ата-аналар -«дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйыктағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.
Қорқақ-секемшіл - бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіне«Мен ауырып калмаймын ба?» «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен, талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқак-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қоркынышпен карайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.
Эгоорталық - бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік денгейі жогары болады. Баланың ортаға деген көзкарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уакытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.
Міне, осылай дұрыстәрбиелемеуден баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады. Сондыктан әрбір отбасы дұрыс тарбие берме­уден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында киындығы бар окушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз.
Жеткіншектердегі жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, үлкендермен, құрдастармен қатынастарын күрделендіреді. Жеткіншектің дамудағы өзіндік сана біршама тұрақты өзіндік бағалауға және анықталған талаптану деңгейіне әкеледі, әрі кө птеген әртүрлі іс-әрекеттерге қатысатындығы белгілі, алайда іс-әрекет сипаты тұтастай реттелмейді. Бүл жастың ішкі қарама-қайшьлык аумағы және баланың үлкендерге қарсы сипаттағы өзара әрекеттері жеткіншектерге қатты әсер етеді. "Өтпелі кезең", - деп жазды Л.С.Выготский. Жәбірленушінің сыртқы әрекетінің жоғарғы дәрежесі, сол сиякты ішкі конституциялы нышандары және соған дейін жасырын жағдайда болып келген бейімділіктері мінез-қүлық шарттарынын жиынтығын ұсынады.
Жеткіншек үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген балалардың көп бөлігінде мінез-құлықтың 2 түрі қалыптасады. Бірінші типтегі жеткіншектерде өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін өзгертуге тырысады, мәселен, олардағы негативизмді, қырсық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады. Екінші типтегі жеткіншектер микроортаның кері әсерімен ерекшелінеді, себебі, қоршаган ортамен мінез-құлықтық қатынас эталоны әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлыктық бағдардың қалыптаспауынан жеткіншектер өзіндік даму сипатын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Жеткіншектердің бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтермен байланысы, коғамдық жағымды мақсаттары мен жеткіншектің әлеуметтік мәнді мінез-кұлықтық идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеледі. Біздің заманымыздың негізгі бір белгісі - "адамтануға" тереңдеу, адам проблемасын козғау, онын психологиясын жаңа замандағы ғылымның алдыңғы жоспарына қою. Жеткіншек кезеңде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, оның қалыптасуын қоғамдық дамумен үйлестіріп, сауатты басқару үшін әр жеткіншектің тәжірибесін және жеке түлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағытылығын ескеру керек.
Оқушының қарым-қатынасындағы мінез ерекшелігі:
А) қоғамдық ортада, өндірістік коллективте, жора

1.3. Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін факторлар
-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы /еліміздегі жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кішіні сыйлайды, сыйламайды, өзін-өзі ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық т.б./;
Ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы /өзін біркелкі ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылдығын, сезіну, күш көрсету, жәбірлеу, зорлықты сезіну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ т.б./.

  1. Жеке өз басына қатысы:

А/ жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзіне сенімді, сенімсіз, төмен санау т.б./;
Ә/ дене күшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтану, жалынышты болу т.б./;
Б/ үлкендерге ұқсауда өз пікірі болуы, бағынышты болмау, өздігінен орындауға талаптану, ешкімге қажет емеспін деп сезіну.

  1. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі:

А/ творчестволық, ұйымдастыру істер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнеріне бейімділігі және спорт ойындарына икемділігі бар немесе жоқ;
Ә/ үйірме және секция жұмыстарына қатысады, қатыспайды;
Б/ көркем әдебиет, газет-жұрналдарды оқиды /оқымайды/, спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көреді, көрмейді;
В/ қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзықтыққа, арақ-шарап ішуге, темекі, наша тартуға құмар, құмар емес.

  1. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптануы:

А/ түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;
Ә/ мінезін түзеуге сенімді, сенімсіз;
Б/ мінез-құлқын жөндеуді ойластырмау, болашағына көзі жетпеу, көзбояушылық жасау.

  1. Қиын баланың жалпы адамгершілік қасиетіне мінездеме /коллективист, бір мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, ұяң, екі жүзді, қатыгез, қиқар, қыңыр, дөрекі т.б./.

Сынып ұжымының қиын балаға қатысы.

  1. Класс туралы жалпы мінездеме / коллектившілдік негізде, ұйымшыл, коллектив мүшелеріне талап қою көлемі, әрбір оқушыны қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбір оқушы өз мүддесін ойлау, топ-топа бөліну, жікшілдік т.б. /.

  2. Қиын баланың кластас құрбыларымен қарым-қатынасы / кластағы қоғамдық тапсырмаларды белсенділікпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлқ, немқұрайдылық көрсету, коллектив мүддесін жеке мүддесінен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық, достықты сезіну, сезінбеу, қиын баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдік жасау, басшылыққа талпыну, өзін-өзі жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық т.б. /.

  3. Педагогикалық коллективтің қиын баламен өарым-қатынасы / әрбір оқушыны біркекі санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшеліктерін ескермеу, ескеру, педагогтік этикасы бар, дауыс көтеру, әкімгерлікке жүгіну, мәдениет дәрежесі төмен т.б./.

Жанұядағы тәрбие жағдайы.

  1. Жанұя туралы жалпы мағлұмат.

  2. Жанұядағы қары-қатынас ерекшеліктері.

  3. Баланың өз үйінде оқу жұмыстарын ұйымдастыруы.

  4. Жанұяда баланың бос уақытын ұйымдастыру.

  5. Ата-ананың мектепке көмегі.

  6. Жанұяның тәрбие берерлік дәрежеі.

Бала мінез-құлкының киын болып келуі бірнеше факторға байланысты:
Биологиялық факторанасының баласына жүкті кезінде денсаулығы дұрыс болмағандықтан, бала туғаннан жүйке ауруымен көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылған ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр, баяу қозғалады. Сонымен қатар әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақаталудан, уланғыш заттар зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған.
Үйішілік фактор – жанұяда бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп жазықсыз қылмысқа іліккен. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Баласының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған. Тамағын тауып, киімін кигізсем болды деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сезім пайда болған.
Географиялық фактор – бірінші қауіпті экологиялық аймақта ұзақ уақыт өмір сүрген жергілікті экологияның әсерінен ананың, баланың денсаулығы өте нашар, бірнеше дәрігерлік тіркеуде тұрады. Қалаға көшіп келудегі бірден-бір себеп – жергілікті экологияның әсерінен баланың ананың денсаулығының нашарлауы.
Ұсақ әлеуметтік факторбаланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жанжалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.
Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін баскалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік басым болады,
"Қиын" жеткіншектерде жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады.


ІІ БӨЛІМ ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ, ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ
2.1. Жеткіншек жастағы «қиын» балаларды анықтау жолдары
Қиын оқушылардың өскен ортасын яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан да болады.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін. Яғни, отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды роль атқарады.
Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін көптеген психологтар өз зерттеулері бойынша отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады:
-Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы;
-Баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы;
- Қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі ана баланың тек қана материалдық жағдайын қамтамасыз етеді. Бала өзінің үлкендерге керексіз екенін сезінеді.
- Шектен тыс қамқорлық бақылау есінде бала өз бетінше жұмыс істеуін, жауапкершілігін сезінеді.
Психологтар A. В. Запорожец, Е.З.Кошелева т.б. мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды екі топқа бөліп қарастырады:

  1. Өзін - өзі ұстай алмайтын, тез қозғалатын, құрбыларымен жиі дау —дамайға түсетін оқушылар.

  2. Тез ашуланатын балалар, әдетте бұл балалардың көп нәрсеге көңілі толмайды, біреуге ренжісе көпке дейін есінде сақтайды. Бұл топтағы балалар қарым-қатынасы ұнатпайды.

Оқушылардың осы 2 топтың қайсысына жататындығын анықтау үшін олардың оқу үрдісі кезеңінде, үзіліс кезінде, қоғамдық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңдерде мұқият бақылау керек.
Жеткіншек жас сыныптарында кез-келген мұғалімнің оқушылары 30 немесе одан да көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын зерттеп білу өте қиын. Өзінің жұмысын жеңілдету үшін неғұрлым жүйелі және белгілі тәртіппен бақылап, оқушылардың мінез-құлқынан байқалған көріністерді қысқаша жазып жүрген дұрыс болады. Мұндай бақылау күнделігі әрбір баланың ерекшелігін дәл анықтауға және оған мінездеме үшін мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.
Психолог Н.Д.Левитов ұсынған оқушының мінез-құлқының бар ерекшелігі — шыдамдылықтың қалай көрінетініне қысқаша бақылау жоспарын мысал ретінде келтіреміз:
1. Үзілістен кейін оқушы сыныпқа қалай кіреді және партаға қалай отырады?
2. Оқушының зейіні сабаққа бөлінген бе, ол басқа бір нәрсемен айналысып отырған жоқ па?
3. Одан сабақ сұрағанда, тақтаға шақырғанда, оқушы жинақы қалыпта ма?
4. Сәтті, сәтсіз жауаптан соң, оқушы өз эмоциясын қаншалықты
дәрежеде ұстайды?
5. Сөйлеп тұрғанда, оқушы өзін - өзі қалай ұстайды ? Сөйлегенде артық асығыстық жасай ма, шектен тыс көп сөйлемей ме, анайы сөздерді қолданбай ма?
6. Кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, оның зейіні бөлетін
терезеден қызық бір нәрсе көргенде немесе сыныпта бөтен кісі
отырғанда) шыдамдылығы қандай, оқушы сабақта өзін қалай
ұстай біледі?
7. Шыдамдылық оқушының дағдылы, табиғи жағдайы ма, жоқ әлде ол одан біршама күш жұмсауы қажет етіп тұр ма? Әр түрлі жағдайларда мінездің көрінуін жіті тексеру үшін ұзақ та жүйелі жүргізілетін бақылау өте құнды болады.
Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.
Бала психикасының көріністері оның мінезіне, темпераментіне, жеке даралық өзгешеліктеріне байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет