Фармакогнозия[өңдеу] Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Дата02.01.2022
өлшемі21.75 Kb.
#452299
Документ Microsoft Word (2)


Фармакогнозия[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Jump to navigationJump to search



Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.

[көрсет ►]Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.

(ақпан 2019)

Фармакогнозия- дәрілік өсімдіктерді, жануар тектес (кейбір топтары) дәрілік шикізатары, кейбір өсімдіктер мен жануарлардан алынатын біріншілік қайта өңдеу өнімдерін зерттейтін фармацевтикалық ғылымдардың бірі.

Тарихы[өңдеу]

Фармакогнозия тарихында қзақтығы жөнінен әртүрлі екі периодтарды бөліа қарастыруға болады: біріншісі: - XIX ғасырға дейін, екіншісі- XIX ғасырдан қазіргі уақытқа дейін. Егер фармакогнозияны дәрілер туралы кешенді ғылым ретінде қарастыратын болсақ, бұлай бөлу орынды болар еді.

Оңтүстік Шығыс Азияның халықтарына ежелден-ақ көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болғаню әсіресе, Қытай медицинасы өте ертеден дамыған. Мәліметтерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі 3000 жыл бұрын Қытайда 230 дәрілік және улы өсімдіктер, 65 жануар тектес дәрмектер және 48 емдік минералдар белгілі болған.

Тибет медицинасы Индиядан буддизммен бірге (б.э.д VII-VII ғ.) енгізілген Индия медицинасының негізінде дамыған. Көптеген санскритсиялық кітаптар тибет тіліне аударылып, олар осы күнге дейін қолданылып келеді. Әсіресе, “Аюр-ведтер” негізінде құрылған “Джуд-ши” (“Емнің маңызы”) кітабы көбірек танымал.

Медицина және фармация тарихында араб елінің ғалым- медиктері үлкен үлесін қалдырды. Арабтар басқа да ежелгі мәдени қазыналарды сақтап және дамыта отырып медицинаны дұрыс жолға қоя білді. Джундишапурдағы, Александриядағы және басқа қалалардағы медицина мектептері өркендеп өсті. Бұл мектептерде грек және римдік медициналық кітаптарды араб тіліне аударды. Араб елінің көптеген ғалымдарының өздерінен кейінгі тамаша еңбектері және тәжірибиелері мен жасаған жұмыстарының нәтижелерін сипаттаған жазбалары қалдырылды. Солардың ішінде Абу Манзур Мувафик өзінің 977 жылғы жазған фармакогнозия кітабында 466 өсімдік пен 44 жануар тектес дәрмектерді сипаттаған. Әсіресе, 980-1037 жылдары өмір сүрген тәжік халқының ұлы ғалымы Абу Али ибн-Синаның (Авиценна) аты әлемге әйгілі болды. Оның атақты “Канон врачебной науки”(1954), Еуропада ұзақ жылдар бойы Диоскорида мен Галеннің еңбектерімен бірдей беделге ие болды. “Канонның” екі томы (2-ші және 5-ші) толық фармацияға арналған.

Ибн Синаның замандасы энциклопедист Абу Райхан Бируни 973-1048 жылы Хорезмде туылып, өзінің өмірінің екінші жартысын Индияда түруға мәжбүр болған. Орта ғасырларда Еуропада медицина білімдерінің деңгейі онша жоғары болмаған. Араб медицинасы XII ғасырдан бастап Испания мен Сицилия арқылы Еуропаға ене бастады. Аурухана мен дәріханалар Араб үлгісі бойынша салына бастады. Араб медициналық кітаптары латын тіліне аударылды. Шығыс- Араб дәрілік шикізат ассортименттерін көптеп әкеле бастады.

Фармакогнозияның дамуына орасан зор үлес қосқан Ғылым Академиясы (1724) Ресейде ертеден қолданылып келе жатқан дәрілік өсімдіктердің систематикасын құрып, бұдан әрі дәрілік өсімдік шикізаттарын жоспарлы түрде ққып зерттеуді жолға қойды. Сібірдің өсімдіктері бойынша үлкен және түрлі мәліметтерді Витус Берингтің 1732 жылдан 1743 жылға дейінгі Ұлы Солтүстік экспедициясы кезінде жиналды.

Академик П.С Паллас (1741- 1811) Батыс және Шығыс Сібірді, Заволжьені және басқа да аудандарды зерттеді. Экспедиция мәліметтері бойынша “Описание Российского государства с их изображениями” еібегі жарық көріпб онда дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтер жиналды.

1783-1788 жылдары жарық көрген проф. Максимович- Амбодиктің көп томдық “Врачебное веществословие или описание целительных растений” еңбегінің маңызы өте зор. Мәскеу

университетінің профессоры И.А. Двигубский “Изображение растений, преимущественно российских, употребляемых и таких, которые наружным видом с ними сходны и часто за них принимаются, но лекарственной силы не имеют” (1828) атты алғашқы атластың авторы болды. И.А. Двигубский сонымен қатар орыс тілінде алғаш шыққан “Московская флора” еңбегінің авторы.

XIX ғасырдың екінші жартысында дәрілік өсімдік шикізаты бойынша Юрьев (қазіргі Тарту) университетінің профессоры Г. Драгендорфтың (1836- 1898) жұмыстары белгілі. Г. Драгенфордтың “Лекарственные растения разных народов и временб их применениеб важнейшие химические вещества и история” (1890) атты еңбегі мұра болып қалды. Бұл кітапта дәрілік өсімдіктердің 12000 түрі туралы мәліметтер келтірілген және осы уақытқа дейін барлық елдердің осы саладағы негізгі қайнар көзі ретінде қолданылады. Г. Драгендорф Түркістанның өсімдітеріне қызығушылық танытып, көп көңіл бөлген.

Фармакогнозияны оқытуды дамыту жөнінде профессорлар А.Ф. Гаммерман, Д.М. Щербачев, А.Я. Томингас көп еңбек еткен. А.Ф. Гаммерман 6 бөлімнен тұратын фармакогнозия кітабының авторы (6-шы басылымы 1967 жылы жарық көрген).

Фармакогнозиядан көрнекті ғалым В.А. Тихомировтың шәкірті Дмитрий Михайлович Щербачев Москва фармацевтикалық институтының профессоры алғашқы кеңестік фармакогнозия кітабының авторы, химиялық жіктелуіне қарай жасалған алғашқы кітап.

Тарту университетінде кеңес үкіметі кезінде фармакогнозияның дамуына үлкен үлес қосқан Г. Драгендорфтың шәкірті Альма Якобовна Томингас болды. Қазіргі кезде бұл мектепті И.К. Таммеорг басқарып отыр. Орта Азияда фармацевтикалық мектеп Ташкент фармацевтикалық университетінің профессоры Р.Л. Хазанович пен оның шәкірті фарм. ғ.д. Х.Х. Халматовтың басқаруымен құрылған. Сібірдегі ірі фармакогностикалық мектеп ретінде Томскінің Л.Н. Березовская басқарған университеті ең ертеден келе жатқан ірі университет орталығы ретінде бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұқыптап сақтаушысы болып саналады.

Фармакогнозия химиялық, биологиялық және медициналық ғылымдар мен дәрілік өсімдіктердің зерттеу обьектісі ретінде күрделі және қорының көп болуына тығыз байланыста дамыды. Бүкілодақтық ғылыми зерттеу химия-фармацевтік институтында (ВНИХФИ) 30- жылдары алкалоидты бөлім жұмыс істеп онда академик А.П. Ореховтың басқаруымен (1881-1939) П.С. Массагетов, Л.А. Уткин және М.Н. Варлаковтардың экспедициясы алып келген дәрілік өсімдіктермен зерттеу жүргізілді. Әдістемелік жағынан түрлі жүйелер мен жіктеулер сынамалардан өтіліп, содан соң бүкіл фармакогностар шикізаттағы негізгі әсер етуші заттар бойынша бірегей жіктеу – химиялық жіктеуге келіп тоқталды.



Қазіргі таңда фармакогнозия өзінің мәселелерін ботаниктермен, химиктермен және фармакологтармен біріге отырып шешетін көп қырлы, көп салалы ғылым. Қазіргі кезде фармакогностар өсімдікті тек шикізат көзі ретінде ғана біліп қоймай ондағы қажетті фармакологиялық белсенді заттардың биосинтезін жеделдету мақсатында дала жағдайынан бастап ресурстық, фитохимиялық және инструменталдық зерттеулерге дейінгі зерттеулердің кең әдістерін меңгеруде.

Дәрілік өсімдіктер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары фармацияның мәселелік комиссиясының қатысуымен координацияланады. Бұл жұмыстардың қорытындысы кезеңдік басылымдарды “Фармация”, “Фармацевтический журнал” – Киев, және “Химико-фармацевтический” журналдарда жарыққа шығарылып отырады. Сонымен қатар, фармацевтік ғылыми зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, фармацевтік съездер мен конференциялар еңбектерінде көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет