Б¥лшық етке инъекцияны жасау алгоритмі мақсаты: бұлшық етке дәрілік ерітіндіні енгізу. Қарсы көрсетілімдері



Дата08.04.2023
өлшемі14.89 Kb.
#471946
Бұлшықетке енгізу


Б¥ЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ЖАСАУ АЛГОРИТМІ
Мақсаты: бұлшық етке дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет үлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты май қабатының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жері: бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абцесс, инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Керекті құрал-саймандар: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын шприц, инъекңияга арналган иненін ұзындыгы 40-60 мм, қолғап, дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спирт
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, келісімін аламыз.
2. Науқасқа ыңғайлы қалып береміз
3. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.
4. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).
5. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тыгыздалу болмау керек.
6. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты киіңіз.
8. Шприцті ораудың ішінен аламыз.
9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз.
10. Спирттелгенекі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақ арасына салыңыз.
11. Оң қолға шприңті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды ңилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).
12. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.
13. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприңті теріге тік 90° бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз.
14. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
15. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
Іб. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.
17. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.
18. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
19.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет