Құрамы Дәріс 2 Тақырып: «Жердің жасы мен жылнамасы»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.02.2024
өлшемі331.99 Kb.
#491180
түріҚұрамы
  1   2   3
Жердің жасы мен жылнамасы



Модуль 1. Жер қыртысы және оның заттық құрамы
Дәріс 2
Тақырып: «Жердің жасы мен жылнамасы»
 
Сұрақтар 
1. Жердің негізгі даму кезеңдері 
2. Геологиялық кезеңдердің қысқаша сипаттамасы. 
3. Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері 
Жердің негізгі даму кезеңдері 
 
Жердің және жер қыртысының жасын және оның даму тарихында 
болып өткен ірі оқиғалардың болған уақытын анықтай білу мәселелері 
ғалымдардың назарынан ешуақытта да тыс қалған емес. Өйткені бұл 
проблемаларды шешудің теориялық және практикалық маңызы өте зор. 
Қазіргі кезде Жердің даму тарихы геологиялық және оған дейінгі 
планетарлық (немесе ғарыштық) кезеңдер болып екіге ажыратылады. 
Геологиялық кезеңге дейінгі (планетарлық) уақыт Жердің алғашқы 
планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртыстарының құралуына 
дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер 
арқылы зерттеп-білу мүмкін емес. Жердің (ғарыштық дене ретінде) пайда 
болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың 
жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасады. Бұл 
кезеңнің негізгі мазмұны ең алғашқы протопланеталық заттардың белгілі 
геосфераларға 
жіктеліп 
литосфера, 
атмосфера 
және 
гидросфера 
қабаттарының құралуымен сипатталады. Геосфераларға жіктелу процесі 
алғашқы протопланеталық заттардық тығыздалуымен қатар байқалады. 
Тығыздалу кезінде протопланеталық заттар қызуға ұшырайды; қызу мөлшері 
радиоактивтік процестерге байланысты онан сайын арта түседі; 
температураның ұлғаюы заттардың гравитациялық жіктелуін тездетеді
жердің алғашқы құрамындағы газдар бөлініп шығып, атмосфера қабатын 
құрайды. Алғашқы атмосфера құрамында көмір қышқыл газы және су 
булары көп болғандықтан Күн сәулесін өткізбейді, сондықтан жер бетінің 
жылулығы ішкі жылулықка байланысты өзгереді. Атмосферанын, төменгі 
қабаттарында (жер бетіне жақын аймақтарда) изотермиялық жағдай 
қалыптасады. Бұл жағдайда гидрометеорологиялық өзгерістер байқалмайды. 
Жерді құрайтын алғашқы (протопланеталық) заттардың тығыздалуы мен 
жеке қабаттарға жіктелуі аяқталысымен жер беті және атмосфера қабаты 
суына бастайды. Соған байланысты су булары конденсациялық әрекеттерге 
ұшырап гидросфера қабаты құралады, сонымен қатар атмосфераның Күн 
сәулесін өткізгіштік қабілеті артады. Жер бетінің әр түрлі дәрежеде (Күн 


сәулесінің әсеріне қарай) қызынуына байланысты ауа және су массалары 
қозғалысқа араласып жалпы планетарлық (атмогидроайналым) өзгерістер 
байқалады. Бұл жағдай экзогендік процестердің дамуына әкеліп соғады. 
Сонымен, экзогендік процестердің басталуы (Жердің даму тарихында) 
геологиялық кезеңнің бастамасы болып саналады. 
Геологиялық кезең — Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан 
басталып қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Экзогендік 
процестердің нәтижесінде Жер бетіндегі жыныстар үгіліске ұшырап, үгілу 
заттары тасымалданып жинала келе (сулы ортада) шөгінді тау жыныстары 
құралады. Олар жаңа ортада (эндогендік жағдайда) метаморфтық және 
магмалық әрекеттерге ұшырап, Жер қыртысының алғашқы құрамы біртіндеп 
күрделене түседі. Бұл процесс тұрақты түрде байқалады. Соның нәтижесінде, 
құрамы әр түрлі және өте күрделі Жер қыртысының қазіргі кездегі бедер 
пішіндері қалыптасады. Жер қыртысының даму заңдылықтарын осы уақытқа 
дейін сақталған геологиялық документтерді (Жер қыртысын құрайтын 
заттарды, яғни минералдар мен тау жыныстарын және органикалық қазба-
қалдықтарды) зерттеу арқылы анықтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет