Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Мемлекеттік сатып алу бойынша ғимаратты жалға беру қызметін сатып алу
БҚО, Орал қаласы 5 наурыз 2015 жыл.
Ж.Молдағалиев к-сі, 19-үй, 105-бөлме сағ: 16-30
1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
«БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі, 090000, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиев көш., 19-үй, 105 каб., тел: 8 (7112) 504532, мемлекеттік сатып алу бойынша ғимаратты жалға беру қызметін бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.
2. Сатып алуға бөлінген сома: ғимаратты жалға беру қызметін сатып алу – 1 қызмет, 3 277 678 теңге (үш миллион екі жүз жетпіс жеті мың алты жүз жетпіс сегіз) теңге, 57 тиын (соммасы ҚҚС-сыз).
3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32-бабы, 4-тармағы және БҚО ЖСМБ 2015ж. 5 наурыздағы №6 бұйрығы.
4. Өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.
5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы: Нұр Отан" қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы (БҚО, Орал қаласы, Ж.Молдагалиева көш., 19-үй) шарттың құны: «ғимаратты жалға беру қызметі» - 3 277 678 (үш миллион екі жүз жетпіс жеті мың алты жүз жетпіс сегіз) теңге, 57 тиын (соммасы ҚҚС-сыз).
6. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат: Сарапшылар тартылған жоқ.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) сатып алынатын тауар "Нұр Отан" қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы (БҚО, Орал қаласы, Ж.Молдагалиева көш., 19-үй), өнім берушіден сатып алынсын.
2) Тапсырыс берушіге «БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі, 090000, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиев көш., 19-үй, 105 каб. 2015 жылдың 20 наурызына дейінгі мерзімде "Нұр Отан" қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жіберсін
Басшының м.а. Н.Даумов
Мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы уәкілетті өкілі М.Мұхамбетов
Достарыңызбен бөлісу: |